"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 338 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4528 болып енгізіледі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 352 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2010.12.31 № 352 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Әділет органдарының Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және тіркеу мәселелері жөніндегі қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 

      1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3513 болып тіркеліп, 2005 жылдың шілде айының 22 жұлдызында "Заң газетінің" N 68(693) санында жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 18 маусымдағы N 160 "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" бұйрығымен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3683 болып тіркеліп, 2005 жылдың шілде айының 27 жұлдызында "Заң газетінің" N 71 (695) санында жарияланған және Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 24 шілдедегі N 199 "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" бұйрығымен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4322 болып тіркеліп, 2006 жылдың қыркүйек айының 22 жұлдызында "Заң газетінің" N 170(976) санында жарияланған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықта:
      14-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

       Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі

      Келісілді
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуроры
      29 желтоқсан 2006 жыл             

      Келісілді
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің төрағасы
     29 желтоқсан 2006 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады