"Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер" N 1-У нысанды статистикалық есепті және оны құру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2006 жылғы 28 желтоқсандағы N 79 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 26 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4530 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 79 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Бас прокурорының 20.04.2016 жылғы № 79 бұйрығымен.

      Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы статистикалық ақпараттың толықтығына, нақтылығына және объективтілігіне қадағалауды ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Бекітілсін:
      1) "Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер" 1-У нысанды статистикалық есебі 1-қосымшаға сәйкес;
      2) "Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер" N 1-У нысанды статистикалық есепті құру бойынша Нұсқаулық 2-қосымшаға сәйкес.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шара қолдансын;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне орындау үшін жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Төрағасына жүктелсін (Ким Г.В.).
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      25 желтоқсан 2006 жыл

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі
      25 желтоқсан 2006 жыл

Қазақстан Республикасы  
Бас Прокурорының    
2006 жылғы 28 желтоқсандағы
N 79 бұйрығына N 2 қосымша

  "Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер" N1-У нысанды статистикалық есепті құру туралы Нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық "Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер" N1-У нысанды статистикалық есепті (бұдан әрі - есеп) құрудың және қалыптастырудың негізгі талаптарын айқындайды, ол "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңындағы (бұдан әрі - Заң) ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетел азаматтарының асырап алу тәртібін сақтау бөлігін статистикалық және ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

      2. Есепте Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының, соның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (әрі қарай - ТМД) мүше-мемлекеттердің азаматтарының Заңмен белгіленген тәртіпте асырап алған балаларының саны туралы мәліметтер бейнеленеді.

      3. Аталған статистиканың субъектілері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, қорғаншылық және қамқоршылық органдары (бұдан әрі - субъектілер) болып табылады.

  2-тарау. Есепті құру және оның құрылымы

      4. Есеп ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балаларды асырап алуды, соның ішінде шетел азаматтарының балаларды асырап алуын есепке алу Журналдары мәліметтерінің негізінде немесе белгіленген ережелер бойынша аталған санаттың өтініштері, материалдары мен істері тіркелетін ақпараттық есепке алу материалдарының негізінде қалыптастырылады.

      5. Есеп жарты жыл және жыл қорытындысы бойынша үдемелі қорытындымен құрылады.

      6. Есеп қорғаншылық пен қамқоршылық органдарының және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің және консулдық мекемелердің балаларды асырап алудың, соның ішінде шетел азаматтарымен асырап алудың Заңмен белгіленген рәсімін қамтамасыз ету бойынша қызметі туралы мәліметтерді бейнелейді.

      7. Ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органдарындағы білім органдарының есептері облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарындағы тиісті білім органдарына жіберіледі.
      Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарындағы білім органдарының басшыларымен қол қойылған есеп Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органына (бұдан әрі - аумақтық орган) жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі тиісті құрылымының (Консулдық қызмет департаменті) басшысымен қол қойылған есеп Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне (бұдан әрі - Комитет) жіберіледі.

      8. Есептерге енгізілген мәліметтердің толықтығы мен айқындылығы және олардың уақытылы ұсынылуы үшін жауаптылық субъектілердің басшыларына жүктеледі.

      9. Комитеттің аумақтық органдары субъектілердің ұсынған есептерінің негізінде аймақ бойынша жинақталған есепті құрайды.

      10. Аймақ бойынша жинақталған есепке есептік мәліметтердің толықтығы мен айқындылығын бақылайтын және есептіліктің бұрмалаушылықтарын жою үшін қажетті шараларды қабылдайтын субъектілер мен аумақтық органдардың басшылары қол қояды.

      11. Аймақ бойынша есептер тексеруден кейін және аумақтық органдар басшыларының қолдары қойылғаннан кейін модемдік байланыспен жіберіледі. Аумақтық орган бастығының қолы қойылған есептердің түпнұсқалары Комитетке жолданады.
      Модемдік байланыспен және поштамен келіп түскен есептер көрсеткіштерінің сәйкессіздігі анықталған жағдайда, модемдік байланыспен келіп түскен есептің көрсеткіштері негізге алынады.

      12. Республика бойынша жинақталған есепке Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Комитет Төрағасы қол қояды.

      13. Есеп: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдіктердің бала асырап алуын консулдық есепке қоюы, жергілікті атқарушы органдардағы уәкілетті білім органдарының бала асырап алуға жататын және асырап алынған, ата-анасының қамқорынан тыс қалған балалардың деректер банкін жүргізуі бойынша жұмыстары туралы мәліметтерді қамтитын 2 кестеден тұрады.
      Есеп баған бойынша және жол бойынша көрсеткіштерді қамтиды.
      А кестесі  төмендегідей ережелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті білім органдарымен толтырылады:
      1-жолда - ата-анасының қамқорынан тыс қалған, есептік кезеңде анықталып, есепке алынған балалардың саны;
      2-жолда - асырап алуға жататын есепке алынған балалардың саны;
      3-жолда - соттардың заңды күшіне енген шешімдері бойынша асырап алынған балалардың саны;
      3-жолға сәйкес 4, 5, 6, 7, 8-жолдарда ҚР азаматтығы бар туыстарымен, ҚР азаматтығы жоқ туыстарымен, ҚР азаматтарымен, шетелдіктермен, соның ішінде ТМД мүше-мемлекеттерінің азаматтарымен асырап алынған балалар көрсетіледі.
      9-жолда баланы асырап алудан бас тартылған жағдайлардың саны бейнеленеді;
      жас құрамы, ұлты, денсаулығы (баланың жеке кәртішкесінің негізінде) бойынша бала асырап алудың саны 2-19-бағандарда бейнеленеді.
      Көрсетілген бағандардың ішінен 2-бағанда ұл бала асырап алынғандардың саны, ал 11-бағанда қыз бала асырап алынғандардың саны көрсетіледі.
      Б кестесі келесі ережелер бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен толтырылады:
      1-жолда асырап алуға берілген және есептік кезеңде консулдық есепке қойылған балалардың саны көрсетіледі;
      1-жолға сәйкес 2, 3, 4-жолдарда Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ туыстарымен, шетелдіктермен, соның ішінде ТМД мүше-мемлекеттерінің азаматтарымен асырап алынған балалар саны көрсетіледі;
      жас құрамы бойынша бала асырап алудың саны 2-9-бағандарда бейнеленеді.

  3-тарау. Есепті ұсыну мерзімдері

      14. Есеп тоқсан сайын:
      1) облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарындағы уәкілетті білім органдарымен, Комитеттің аумақтық органдарына есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне ұсынылады;
      2) Сыртқы істер министрлігі және Комитеттің аумақтық органдары есептік кезеңнен кейінгі айдың 12-күніне Комитетке ұсынады;
      3) Комитет республика бойынша жинақталған статистикалық есепті Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына есептік кезеңнен кейінгі айдың 14-күніне тапсырады.

                                            Қазақстан Республикасы  
                                               Бас Прокурорының    
                                         2006 жылғы 28 желтоқсандағы
                                          N 79 бұйрығына N 1 қосымша

Кіммен ұсынылады ___________________________________________________
____________________________________________________________________
                      МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКАЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК

КОД ОКУД


                                                  N1-У нысанды есеп

Қайда ұсынылады ____________________________________________________
                                     атауы
____________________________________________________________________

Облыс, қала ________________________________________________________
Аудан ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________

"Бала асырап алу, соның ішінде      Жарты жыл және жыл қорытындысы
шетел азаматтарының бала асырап     бойынша ұсынылады:
алуы туралы мәліметтер"             облыстардың, Астана, Алматы
N1-У нысанды статистикалық есеп     қалаларының жергілікті атқарушы
                                    органдарындағы уәкілетті білім
                                    органдарымен ҚР БП Құқықтық
___________________ жылға          статистика және арнайы есепке
                                    алу жөніндегі комитеттің
                                    аумақтық органдарына есептік
                                    кезеңнен кейінгі айдың
                                    10-күніне; Сыртқы істер
                                    министрлігімен (консулдық қызмет
                                    департаменті) және Комитеттің
                                    аумақтық органдарымен Комитетке
                                    есептік кезеңнен кейінгі айдың
                                    12-күніне; Комитет Қазақстан
                                    Республикасының
                                    Бас прокуратурасына
                                    есептік кезеңнен кейінгі
                                    айдың 14 күніне.

Басшы_______________________________________
                 аты-жөні, қолы

"____"_______________________________ж.

Орындаушы___________________________________
                 аты-жөні, қолы

"____"_______________________________ж.

     "Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап
          алуы туралы мәліметтер" N1-У нысанды статистикалық есеп
      А кестесі.  Қорғаншылық және қамқоршылық органдары бойынша

Атауы 

Жолдың коды

Барлығы

Соның ішінде 

Еркек жынысты

Барлығы

0-3 жастар аралығы

4-7 жастар аралығы

А Б

1

2

3

4

Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған, есептік кезеңде анықталып, есепке алынған балалардың саны

1





Асырап алуға жататын есепке қойылған балалардың саны

2





Асырап алынған балалардың саны (соттардың заңды күшіне енген шешімдері бойынша)

3





соның ішінде

ҚР азаматтығы бар туыстарымен

4





ҚР азаматтығы жоқ туыстарымен

5





ҚР азаматтарымен

6





шетелдіктермен

7





соның ішінде ТМД мүше-мемлекеттерінің азаматтарымен

8





бала асырап алу тоқтатылған

9





  кестенің жалғасы

Соның ішінде 

Еркек жынысты


8-18 жастар аралығы

қазақ

орыс

өзге ұлт

денсаулығы жақсы

психологиялық және физиологиялық ауытқулары бар

Барлығы 

5

6

7

8

9

10

11















  кестенің жалғасы

   Соның ішінде 

Әйел жынысты

0-3 жастар аралығы

4-7 жастар аралығы

8-18 жастар аралығы

қазақ

орыс

өзге ұлт

денсаулығы жақсы

психологиялық және физиологиялық ауытқулары бар

12

13

14

15

16

17

18

19

















      Басшы: (аты-жөні) __________________ қолы
      Орындаушы: (аты-жөні) ______________ қолы

      Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы
      В кестесі. Сыртқы істер министрлігі бойынша

Атауы 

Жолдың коды

Барлығы

Соның ішінде 

Еркек жынысты

Барлығы

0-3 жастар аралығы

4-7 жастар аралығы

8-18 жастар аралығы

А Б

1

2

3

4

5

Асырап алуға берілген және есептік кезеңде консулдық есепке қойылған балалардың - ҚР азаматтарының саны

1






соның ішінде

ҚР азаматтығы жоқ туыстарымен

2






шетелдіктермен

3






соның ішінде ТМД мүше-мемлекеттерінің азаматтарымен

4






  кестенің жалғасы

   Соның ішінде 

Әйел жынысты

Барлығы

0-3 жастар аралығы

4-7 жастар аралығы

8-18 жастар аралығы

6

7

8

9









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады