2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына 18-27 жас аралығындағы азаматтарды шақыруды жүргізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 33-430қ Қаулысы. Астана қаласының әділет департаментінде 2007 жылғы 26 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 467 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 23 маусымдағы N 33-716қ қаулысымен

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  20,   23,   44-баптарына , "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  20-бабына , "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі N 318  Жарлығына  сәйкес Астана қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту өткізілсін.

      2. "Алматы" және "Сарыарқа" аудандары шақыру комиссияларының қызметіне басшылық жасау және бақылау мақсатында қалалық шақыру комиссиясы бекітілсін (1 қосымша).
      Қалалық шақыру комиссиясының мүшелері түрлі себептермен болмаған жағдайда комиссияның резервтік құрамы бекітілсін (2 қосымша).

      3. "Алматы" ауданы шақыру комиссиясының дербес құрамы және жұмыс кестесі бекітілсін (3 қосымша).

      4. "Сарыарқа" ауданы шақыру комиссиясының дербес құрамы және жұмыс кестесі бекітілсін (4 қосымша).

      5. "Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесі азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмектермен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз етсін.

      6. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу кестесі бекітілсін (5 қосымша).

      7. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын және жұмыссыз азаматтардың (15 адамнан) 2007 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан кезеңінде "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларына келуін қамтамасыз етсін.

      8. "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрамалары қатарына шақырылған шақырылушыларды тасымалдау үшін шақыру комиссиясын Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұсынған өтінімдерге сәйкес көлікпен қамтамасыз етсін.

      9. "Астана қаласының Ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесі 2007 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан кезеңінде шақырылудан жалтарған азаматтарды әкелуді, сонымен қатар шақырылушыларды әскери бөлімдерге жіберу және жеткізуде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.

      10. "Астана станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі" мемлекеттік мекемесі темір жол станцияларының отырғызу жерлерінде қоғамдық тәртіптің сақталуына шаралар қабылдасын.

      11. "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей апаттардың алдын алуын және жоюын ұйымдастыру жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде жалпыға бірдей әскери міндетті орындауды қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.

      12. Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 33-10-386қ "2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына 18-27 жас аралығындағы азаматтарды шақыруды жүргізу туралы" (Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 17 мамырда N 440 болып тіркелген; "Астана хабары" газетінің 2006 жылғы 23 мамырдағы N 72 және "Вечерняя Астана" газетінің 2006 жылғы 20 мамырдағы N 73/74 нөмірлерінде жарияланған)  қаулысының  күші жойылды деп танылсын.

      13. Осы қаулы Астана қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылсын.

      14. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.С.Есіловке жүктелсін.

       Әкім

      Әкімнің бірінші орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкім аппаратының басшысы

      "Астана қаласының Қаржы
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      Мемлекеттік-құқықтық
      бөлімінің меңгерушісі

      КЕЛІСІЛДІ

      "Алматы" ауданының әкімі

      "Сарыарқа" ауданының әкімі

      "Астана қаласының Ішкі істер
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

      "Астана станциясындағы ішкі
      істер желілік бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

      "Астана қаласының Денсаулық
      сақтау департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      "Астана қаласының Жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      "Астана қаласының Жолаушылар
      көлігі және автомобиль жолдары
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      "Астана қаласының Жұмылдыру
      дайындығы, азаматтық
      қорғаныс, апаттардың және
      дүлей апаттардың алдын алуын және
      жоюын ұйымдастыру жөніндегі
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

      "Астана қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы

                                       Астана қаласының әкімдігінің
                                         2007 жылғы»29 мамырдағы
                                            N 33-430қ қаулысына
                                                  1-қосымша

              Қалалық шақыру комиссиясының
                        ҚҰРАМЫ

Мыңжанов                 -  "Астана қаласының Қорғаныс істері
Қайрат Тұрсынайұлы          жөніндегі департаменті"»мемлекеттік
                            мекемесінің бастығы, қалалық шақыру
                            комиссиясының төрағасы;

Елкеев Берік             -  "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы
Жұпарұлы                    азаматтық қорғаныс, апаттардың және
                            дүлей апаттардың алдын алуын және жоюын
                            ұйымдастыру жөніндегі басқармасы"
                            мемлекеттік мекемесі азаматтық қорғаныс,
                            апаттардың, дүлей апаттардың алдын алуын
                            және жоюын ұйымдастыру мен талдау
                            жұмыстары бөлімінің бастығы, қалалық
                            шақыру комиссиясы төрағасының
                            орынбасары.

                       Комиссия мүшелері:

Квашук Дмитрий           - "Астана қаласының Ішкі істер
Васильевич                 департаменті" мемлекеттік мекемесі
                           бастығының орынбасары;

Семенова                 - Қорғаныс істері жөніндегі департаменті
Валентина Григорьевна      бастығының көмекшісі - дәрігер,
                           дәрігерлік комиссияның төрайымы;

Әбілғазинова             - N 3 қалалық емханасының медбикесі,
Зәуреш Ғазизқызы           комиссия хатшысы.

                                       Астана қаласының әкімдігінің
                                          2007 жылғы»29 мамырдағы
                                            N 33-430қ қаулысына
                                                  2-қосымша

         Қалалық шақыру комиссиясының (резервтік)
                         ҚҰРАМЫ

Шабалин Евгений          - "Астана қаласының Қорғаныс істері
Витальевич                 жөніндегі департаменті" мемлекеттік
                           мекемесі әскери қызметшілерді
                           келісім-шарт және шақыру бойынша іріктеу
                           басқармасының бастығы, қалалық шақыру
                           комиссиясының төрағасы; 

Маханов Елубай Маханұлы  - "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы,
                           азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей
                           апаттардың алдын алуын және жоюын
                           ұйымдастыру жөніндегі басқармасы"
                           мемлекеттік мекемесі жұмылдыру дайындығы
                           бөлімінің аға маманы, қалалық шақыру
                           комиссиясы төрағасының орынбасары.

                       Комиссия мүшелері:

Мұхитов Қайрат           - "Астана қаласының Ішкі істер
Болатұлы                   департаменті" мемлекеттік мекемесі
                           бастығының орынбасары;

Тян Раиса                - N 3 емхананың терапевт-дәрігері,
Петровна                   дәрігерлік комиссияның төрайымы;

Әбділмәжитова            - N 3 қалалық емханасының
Гүлнәр Мұсабайқызы         медбикесі, комиссия хатшысы.

                                      Астана қаласының әкімдігінің
                                          2007 жылғы»29 мамырдағы
                                            N 33-430қ қаулысына
                                                  3-қосымша

           " Алматы" ауданы шақыру комиссиясының
                          ҚҰРАМЫ

Байдәулетов Асылбек      - "Астана қаласы Алматы ауданының
Бекбосынұлы                Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы"
                           мемлекеттік мекемесінің бастығы,
                           аудандық шақыру комиссиясының төрағасы;

Ержанова Дания           - "Алматы" ауданы әкімі аппаратының
Ержанқызы                  бас маманы, аудандық шақыру комиссиясы
                           төрағасының орынбасары.

                       Комиссия мүшелері:

Қоғабаев Төлеген         - "Астана қаласы "Алматы" ауданы
Сапарұлы                   Ішкі істер басқармасы" мемлекеттік
                           мекемесі бастығының орынбасары;

Козлов Юрий              - N 3 қалалық емханасының хирург-дәрігері,
Семенович                  дәрігерлік комиссияның төрағасы;

Петренкова Галина        - N 3 қалалық емханасының
Степановна                 медбикесі, комиссия хатшысы.

      Астана қаласының Алматының ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі 8.30-дан 12.30-ға дейін (жергілікті уақыт бойынша) деп белгіленсін.

                                       Астана қаласының әкімдігінің
                                          2007 жылғы»29 мамырдағы
                                            N 33-430қ қаулысына
                                                  4-қосымша

            "Сарыарқа" ауданы шақыру комиссиясының
                              ҚҰРАМЫ

Ысқақов Қайрат Омарұлы   - "Астана қаласы Сарыарқа ауданының
                           Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы"
                           мемлекеттік мекемесінің бастығы,  
                           аудандық шақыру комиссиясының төрағасы;

Аяғанов Серік Жантасұлы  - "Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімі 
                           аппаратының басшысы, аудандық шақыру
                           комиссиясы төрағасының орынбасары.

                       Комиссия мүшелері:

Зикенов Игорь            - "Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы Ішкі
Ерсайынұлы                 істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі
                           бастығының орынбасары;

Тян Раиса Петровна       - N 3 қалалық емханасының
                           терапевт-дәрігері, дәрігерлік
                           комиссияның төрағасы;
 
Петренкова Галина        - N 3 қалалық емханасының медбикесі,
Степановна                 комиссия хатшысы.

      Астана қаласы Сарыарқа ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі 13.30-дан 17.30-ға дейін (жергілікті уақыт бойынша) деп белгіленсін.

                                       Астана қаласының әкімдігінің
                                          2007 жылғы»29 мамырдағы
                                            N 33-430қ қаулысына
                                                  5-қосымша

       Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды
                        жүргізу кестесі

р/с
 N 

Қорғаныс
істері
жөніндегі
басқарма-
лар

Комиссияның жұмыс күндері, уақыты -
8.30-дан 12.30-ға дейін

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқ-
сан 

1

"Алматы"
ауданы

2, 6,
11, 16, 20, 25

2, 7,
14, 18,
23, 28

1, 6,
11, 15,
20, 25,
29

1, 5,
10, 15,
19, 24,
29

2, 7,
12, 16,
21, 26,
30

3, 7,
12, 19,
24, 28

2

"Сарыарқа"
ауданы

4, 9,
13, 18,
23, 27

4, 11,
16, 21,
25, 30

4, 8,
13, 18,
22, 27

3, 8,
12, 17,
22, 26,
31

5, 8,
14, 19,
23, 28

5, 10,
14, 21,
26

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады