Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 16.11.2016 № 158-2247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне пробация қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15 ақпандағы Заңының 1-бабы 10-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2006 жылғы 29 мамырдағы № 23-10-482қ Астана қаласы әкімдігінің қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 441 болып тіркелген; 2006 жылғы 24 маусымдағы № 96-98 "Астана хабары"; 2006 жылғы 10 маусымдағы № 91 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-1-тармағы мына редакцияда жазылсын:
"1-1. Астана қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызды мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілесін.";
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-2-тармағымен мына редакцияда толықтырылсын:
"1-2. Астана қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызды мөлшерінде интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілесін.".
2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Әкiм | И. Тасмағамбетов |