Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 27.02.2014 № 113-318 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін басшылыққа алып, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалдауға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336 қаулысына сәйкес, Астана қаласының коммуналдық меншігін басқару және иелік ету тиімділігін арттыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 3-1-457қ "Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидасын бекіту туралы" қаулысына (Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 1 тамызда N 404 болып тіркелген, 2005 жылғы 16 тамыздағы N 112 "Астана хабары", 2005 жылғы 11 тамыздағы N 122 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) 3-тараудың 1-параграфының 3-тармағының екінші абзацында "мекемелерге" деген сөзден кейін ", акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарға және заңды тұлғаларға;" деген сөзбен толықтырылсын;
2) 3-тараудың 1-параграфының 3-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын "ауданы 100 шаршы метрге дейінгі орын-жайды бір жылға дейінгі мерзімге жалға беру.".
2. "Астана қаласының Қаржы департаменті" мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіпте енгізілген толықтырулардың тіркелуін және Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде олардың сақталуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Б.С. Смағұловқа жүктелсін.
Әкiм
Әкiмнiң бiрiншi орынбасары
Әкiмнiң орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкiмнiң орынбасары
Әкiм аппаратының басшысы
Мемлекеттік-құқықтық
бөлiмінің меңгерушiсi
Экономикалық талдау және
мониторинг бөлiмiнiң меңгерушiсi
"Астана қаласының Қаржы департаментi"
мемлекеттік мекемесінің директоры