Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 5 тамыздағы N а-8/211 "Мүлікті есептен шығару тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы N А-1/32 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 1 ақпанда N 3178 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 9 маусымдағы № А-6/249 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009.06.09 № А-6/249 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  заңына сәйкес, коммуналдық меншікті тиімді басқару мақсатында облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1.   Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 5 тамыздағы N а-8/211 "Мүлікті есептен шығару тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы"» қаулысына (Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 5 қыркүйекте N№1992 бойынша тіркеуден өткен) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Ақмола облысының коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне және мемлекеттік кәсіпорындарына бекітілген мүліктерді есептен шығару нұсқаулығында:

      1-тармақта "немесе" сөзі "және" сөзімен ауыстырылсын;

      5-тармақта "немесе" сөзі "және" сөзімен ауыстырылсын;

      6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "6. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару жүзеге асырылады:
      баланстық құны 1000 еселік ең төмен есепті көрсеткіштен артылғанда - мемлекеттік басқару органының келісімімен және Ақмола облысының қаржы департаментінің жазбаша рұқсат беруінен кейін (бұдан әрі қарай - Департамент);
      100 пайыздық тозуында немесе баланстық құны 1000 еселік ең  төмен есепті көрсеткіштен артылмағанда - мемлекеттік басқару органының келісімімен және Департаменттің/аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімінің жазбаша рұқсат беруінен кейін";

      7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "7. Атқарушы орган болып табылатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару Департаменттің келісімімен жүзеге асырылады";

      8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "8. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын және мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің мүліктерін есептен шығару мемлекеттік басқару органының және Департаменттің/аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімінің келісімі бойынша орындалады";

      11-тармақта "Басқарма" сөзі "Департамент/аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.қ.Нұрғалиевке жүктелсін.

       Облыс әкімінің м.а.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады