Облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 30-16-7 "Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2006 жылғы 25 қаңтардағы N 3С-17-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 21 ақпанда N 3179 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2011 жылғы 18 ақпандағы № 4С-30-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 18.02.2011 № 4С-30-3 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңының 6 бабына сәйкес облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2006 жылдың 
14 қаңтарында N 3172 тіркелген, облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 30-16-7 "Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы"  шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Аталған бағдарламаның 2 бөлімі Кіріспесі 2 абзацтан кейін төмендегі абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік органдар берген ақпарат бойынша азаматтардың кепілді құқықтарын қорғауға бағытталған нақты шараларды дайындау және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалу жағдайлары қалыптасуына мүмкіндік туғызатын факторларды кешенді зерттеуді облыс әкімінің аппараты жүргізетін болады".

      2) 8 бөлімі Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      2 жол алынып тасталсын;

      6 жолдағы "Іс-шаралар" бағаны жаңа редакцияда жазылсын:
      "Заңсыз жолдармен табылған кірістерді заңдастыруды (жууды) жүзеге асыратын ұйымдардың әрекеттерін анықтау және жою үшін шаралар қолдану";

      10 жол алынып тасталсын;

      15 жолдағы "осы" сөзі "қолданыстағы" сөзімен ауыстырылсын;
      төмендегі мазмұндағы 22 жолмен толықтырылсын:

N№

Іс-шаралар

Аяқталу түрі

Орындалуына жауаптылар

Орындалу мерзімі

Болжа
нған шығын

Қаржы-
ландыру
көздері

22

Ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсаттарында аудандар мен қалалардың әкімдіктерінде заңды және жеке тұлғаларға жер телімдері берілуіне немесе берілмеуіне құқықтық сараптама жүргізу

Жүргізілген жұмыс туралы есеп

Облыс әкімі
аппаратының мемлекеттік - құқықтық және кадрлық жұмыс бөлімі

Жыл сайын

Қажет емес


         2. Осы шешім Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

      Облыстық мәслихат                   Облыстық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады