Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 3С-16-7 шешімі. Ақмола облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 14 қаңтарда N 3172 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2011 жылғы 18 ақпандағы № 4С-30-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 18.02.2011 № 4С-30-3 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, облыс әкімдігінің 2005 жылғы 18 қарашадағы N А-11/343 қаулысына байланысты облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Бағдарламасы бекітілсін (қоса берілді).
      2. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2003 жылдың 8 желтоқсанында N 2165 тіркелген облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 22 қарашадағы N С-1-11 "Ақмола облысының 2003-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Бағдарламасын бекіту туралы"»шешімі күшін жойды деп есептелсін.
      3. Осы шешімнің жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқық тәртібі сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

      Облыстық мәслихат                 Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы              хатшысының міндетін
                                        атқарушы

                                     Ақмола облыстық мәслихатының
                                      2005 жылғы 7 желтоқсандағы
                                     N 3С-16-7 шешімімен бекітілді

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған
Бағдарлама

                      Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан былай - Бағдарлама)

Бағдарламаны дайындауға негіз

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы"» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 1550 Жарлығы

Негізгі дайындаушылар

Облыс әкімінің аппараты, Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және кадрлық жұмыстар бөлімі

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында бірыңғай мемлекеттік саясатты тиімді жүргізу. Мемлекеттің барлық салаларында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін, оның байқалуын төмендету

Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі

2006-2010 жылдар

Қаржыландыру көздері

Бағдарлама қаржыландыруды қажет етпейді

Күтілетін нәтижелер

Мемлекеттік үкіметке сенімді нығайту, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықты, ұйымдасқан қылмысты төмендету                  

  2. Кіріспе

      Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"»N№267  Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі "Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, мемлекеттік органдар және лауазымдық тұлғалар қызметінің реті мен тәртібін нығайту шаралары туралы"»N 1550  Жарлығын жүзеге асыруға бағытталған.
      Осы бағдарлама, біріншіден, өткен бағдарламаның тиімді жалғасы ретінде, сыбайлас жемқорлықты тудыруға негіз болатын жағдайларды, негізінен экономика саласында болдырмауды және анықтауды бұдан былай да тиімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды қарастыруға бағытталған.
      Мемлекеттік органдар берген ақпарат бойынша азаматтардың кепілді құқықтарын қорғауға бағытталған нақты шараларды дайындау және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалу жағдайлары қалыптасуына мүмкіндік туғызатын факторларды кешенді зерттеуді облыс әкімінің аппараты жүргізетін болады. 
      Бағдарламаны жүзеге асыру төмендегі негізгі принциптерді сақтай отырып, кешенді ұйымдастырылған іс-шараларды кең көлемде құрастыру және орындауды қарастырады:
      1) қолданысы және нәтижелілігі;
      2) жүзеге асырылуы (орындалуы);
      3) адрестігі (жауапкершілігі);
      4) сабақтастығы;
      5) тұрақтылығы;
      6) кешенділігі;
      7) жүйелілігі.
      Бағдарлама мемлекеттік органдарда ғана емес, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарында да сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жауапкершілігін көтеруге тірек болады.
      Бұл жұмыста бұқаралық ақпарат құралдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын белсенді насихаттау, мемлекеттік саясатты объективті және кең көлемде жариялауда негізгі рөл беріледі.
      Осы жұмысты жүргізетін барлық мемлекеттік органдардың әлеуметтік серіктестігінің қызметі сыбайлас жемқорлықты шұғыл төмендетуге, қоғамның адамгершілік тұрғыдан жандануына бағытталуы тиіс. <*>
       Ескерту. 2 бөлім толықтырылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2006 жылғы 25 қаңтардағы  N 3С-17-4 шешімімен

  3. Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес мәселелерін талдау

      Ақмола облысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жағдайына талдау 2005 жылғы 9 ай ішінде 102 сыбайлас жемқорлық және 185 жемқорлық құқықбұзушылық орын алғандығы тіркелгендігін көрсетті, өткен жылғы сәйкес кезде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері жасаған 34 сыбайлас жемқорлық қылмыс және 77 сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықпен тіркелді. 2004 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық қылмыс саны 68-ге, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық 108-ге өскен.
      Осы уақыт ішінде, мемлекеттік саясаттың осы бағыттағы позитивтік тенденциямен қатар шешілмеген мәселелер бар.
      Біріншіден, "Сыбайлас жемқорлық туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі N№267  Заңының қабылдануы бастапқы кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске оң импульс берді, бір-ақ соңғы екі жылда құқықтық қолдану практикасы, әсіресе сыбайлас жемқорлықпен кyрестің құқықтық базасын жетілдіруге бағытталған қолданыстағы заңнамаларға өзгертулер мен қосымшалар енгізу, экономикалық процестерді құқықтық реттеу саласында, шаруашылық субъектілер қызметінде жаңа заңдарды қабылдау қажеттігін көрсетіп отыр.
      Екіншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жемқорлықтың төменгі деңгейде айтарлықтай азаюына септігін тигізді. Бір-ақ та,  мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы  шаралары мемлекеттік қызметтің жоғарғы деңгейінде, жоғарғы және орта буынында сыбайластықты қамтымай отыр.
      Мемлекеттік органдарды ақтамаған қайта ұйымдастыру практикасы, кейбір басшылардың команда»жинау тәртібі бойынша кадрларды өз еркімен ауыстыру«уақытша»стериотипін тудырады және бұл сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайды.
      Осыған орай, мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі қосымша кешенді шаралар және мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығына, іскерлік сапасына негізделген қабылдау және өсіру принциптерін енгізу қажет.
      Yшіншіден, азаматтық қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейінің жеткіліксіздігі, халықтың құқықтық білімінің төмендігі заңды орындауда осалдықты ғана тудырмайды, сондай-ақ құқықтық мәдениетте болсын, құқықтық жауапкершілікте болсын қоғамның дамуын тежейді.
      Елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысы жайлы халықты ұдайы хабарландырып отыру, мемлекеттің жемқорлыққа қарсы күрес саясатын насихаттау, арнайы білім бағдарламаларын енгізу yкімет институттарына деген сенімді арттыруға, қоғамның жемқорлық қылмысқа деген көзқарасын қалыптастыруға септігін тигізуін қамтамасыз етуі керек.

  4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның басты мақсаттары:
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында бірыңғай тиімді мемлекеттік саясат жүргізу;
      сыбайлас жемқорлықтың, оның мемлекет пен жеке адам өмір сүру саласындағы көрініс табу деңгейін төмендету;
      қоғамның мемлекет пен оның институттарына сенімін нығайту.
      Мақсаттарды жүзеге асыру yшін төмендегі басты міндеттерді шешу көзделіп отыр:
      мемлекеттік органдардың экономикаға тура араласуын қысқарту, әсіресе оның рұқсат беру функцияларына байланысты;
      сыбайлас жемқорлықтың қайнар көзі - "жасырын экономикаға"» қарсы тұру жөніндегі іс-шаралардың пәрменді жүргізілуін қамтамасыз ету;
      бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын насихаттау мен жүзеге асырудағы рөлін арттыру;
      мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатына бұқара халықтың өкілдерін кеңінен қатыстырып отыруды қамтамасыз ету. 

  5. Бағдарламаның негізгі бағыттары
мен жүзеге асыру тетігі

      Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық көріністерін шектеуге бағытталған ұйымдастыру және практикалық шаралары мен ішкі ведомстволық жоспарларын дайындау;
      мемлекеттік қызметтің беделін арттыру;
      мемлекеттік қызметкерлер тәртібінің этикалық нормаларын қалыптастыру, тапсырылған жұмыс учаскесі yшін жеке жауапкершілігін нығайту саясатын жалғастыру;
      мемлекеттік қызметтің бірыңғай жүйесінде кадрлар резервімен кадрлар ротациясын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, протекционизмге және мемлекеттік қызметте өсіру кезінде топтық байланыстардың кері әсеріне жол бермеу;
      құқық қорғау органдарын кадрлармен қамтамасыз ету процедураларының жариялылығын қамтамасыз ету;
      сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған тұлғалар мемлекеттік билік пен жергілікті мемлекеттік басқару органдарында лауазымды қызметке орналасуына қатал заңнамалық шектеулер белгілеу;
      мемлекет қызметкерлерінің кірісі туралы деклорацияларының дұрыстығын тексеру тетіктерін жетілдіру;
      мемлекеттік тапсырыстар мен келісім-шарттарды орындауға қатысу мүмкіндіктерін бермеу мақсаттарында сыбайлас жемқорлыққа қатысты кәсіпкерлік субъектілер туралы көрсеткіштер базасын құру;
      азаматтық қоғам институттарын нығайту, сайлаулылықты кеңейту арқылы мемлекеттік үкімет институттарында демократиялық нормаларды енгізу.
      сыбайлас жемқорлықтың қайнар көзі - "жасырын экономикаға"» қарсы тұру:
      "жасырын экономиканы" қысқартуға экономикалық және құқықтық жағдай жасау, өкілетті мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметіне нақты регламенттеуге және жеткілікті мөлдірлігіне жету;
      капиталдың шет елдерге шығарылу себептерін жою және бұл қаржылардың ұлттық экономиканың нақты саласына қайтып оралуына жағдай жасау;
      отандық тауарлардың ішкі нарықтағы бәсекелестік мүмкіндіктерін нығайту. Ел экономикасының өндірістік салаларына инвестицияларды ынталандыру, отандық капиталды бірінші кезекте;
      бюджеттік саланы нығайту, тапшылығын қысқарту, бюджеттік тәртіпті нығайту және бюджеттің жариялылығын қамтамасыз ету. Барлық деңгейлерде нақты және жүзеге асырылатын бюджеттерге көшуді қамтамасыз ету;
      заңсыз жиналған капиталды жууға»мyмкіндік беретін тетіктер мен жағдайларды жою;
      экспорт-импорттық және валюталық операцияларды қадағалаудың тиімділігін арттыру, осындай операцияларға кепілділікті қамтамасыз ететін шараларды қабылдау, осы мәселе бойынша мемлекетаралық келісім базасын кеңейту;
      мемлекеттік меншік нысандарын басқаруға тапсыру туралы құжаттарды, мемлекеттік қаржыны пайдалану туралы келісімдерді дайындау мен пайдалануға тексеріс және нақты бақылау жүргізу. Мемлекеттік қаржы мен мүліктердің ескерілуі мен тізімнен шығарылуына бақылауды қамтамасыз ету;
      барлық экономикалық салалардағы түгел меншіктілік формасында бірыңғай экономикалық және құқықтық жағдай жасауды қамтамасыз ету;
      жүктер туралы, олардың шекарадан өтуі, сондай-ақ транзиттік   туралы бірыңғай ақпараттық деректер жүйесін құру.
      Мемлекеттік экономикалық саясат тетіктерінің жариялылығын қамтамасыз ету:
      мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру және мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстар өткізу жүйесін жетілдіру;
      мемлекеттік қаржыларды қолдану, сонымен қатар мемлекеттік кепілдік пен несие алу механизмдердің жариялылығын қамтамасыз ету;
      мемлекеттік қызмет көрсету саласында монополияны азайту және бәсекелестік жағдай жасау;
      мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық және әкімшілік   ақпараттарына қалың жұртшылықтың қол жеткізуін қамтамасыз ету, соның ішінде ақпараттық технологиялар мүмкіндігін қолдану арқылы.
      Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес бағдарламасының барысы жайлы қоғамды әрдайым хабарландырып отыру.
      Сыбайлас жемқорлық қылмыс көріністеріне қоғамның наразылық қатынасын қалыптастыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қолданылып жүрген заңнаманың ережелерін түсіндіру.
      Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынаста болуы.
      Бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы құқық қорғау органдарының беделі мен маңызын арттыру, кеңінен насихаттау арқылы халықтың заңды сыйлауын, заң бұзушыларға, соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаушыларға немқұрайлы қарамауын тәрбиелеу.
      Бағдарламада сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы кyрестің басты бағыттары қарастырылған жүзеге асыру іс-шараларының жоспары, оның орындалу мерзімі, жауапты адамдар қосымша берілген.

  6. Бағдарламаның қаржыландыру көзі

      Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру мемлекеттік орган тиісті органға мемлекеттік бюджеттен бөлген қаражат көлемінде мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру қарастырылсын.

  7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер

      Саяси нәтижелер:
      үкіметке сенімді нығайту;
      демократиялық институттардың әлсіреу қаупін төмендету.
      Экономикалық нәтижелер:
      жасырын экономиканың»қызмет ету салаларын тарылту, салық түсімдерін көбейту, бюджеттік саланы нығайту;
      нақты бәсекелестік механизмдерін іске қосу, қоғамда нарық идеясын нығайту;
      жеке меншік иелерінің санын өсіру, әсіресе шағын және орта бизнесте;
      кәсіпкерлер ортасында атқару yкіметінің адал ойын ережелерін» белгілей және ұстана алатындығына сенімдерін нығайту.
      Әлеуметтік нәтижелер:
      құқықты мемлекет пен қоғам өмірін реттейтін негізгі құрал ретінде қалпына келтіру, азаматтардың қылмыстан қорғалу сезімін нығайту;
      құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың сыбайластығын, ұйымдасқан қылмысты азайту;
      әлеуметтік жағдайды жеңілдету, облыста әлеуметтік және саяси тұрақтылықты нығайту.

  8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары  <*>
       Ескерту. 8 бөлім өзгерту енгізілді - Ақмола облыстық мәслихатының 2006 жылғы 25 қаңтардағы  N 3С-17-4 шешімімен

N

Іс-шаралар

Аяқталу түрі

Орындалуына жауаптылар

Орындалу мерзімі

Болжанған шығын

Қаржы-
ландыру
көздері

1

2

3

4

5

6

7

1

Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың нормаларын орындауы бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау жасау мақсатында тексерістер жүргізу 

Облыс әкімі аппаратына ақпарат 

МҚІАТК (келісім бойынша)

жылына 
бір рет

Мемлекеттік органға
бюджеттен тиісті жылға сәйкес бөлінген қаржы аясында


2

алынып тасталды






3

Қылмысқа қарсы күрес жағдайы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға жағдай туғызатын себептерді әрқашан сараптап отыру

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Облыс прокуратурасы ЭСҚКД, МҚІАТК (келісімдер бойынша)

Тоқсан сайын

Қажет емес


4

Мемлекеттік кепілдікпен алынған мемлекеттік қаржылардың, қарыздардың пайдалану механизмдерінің ашықтығын, сонымен қатар заңдылығын тексеруді, мемлекеттік меншік нысандарын заңды тұлғалардың басқаруына беруді қамтамасыз ету. Бұл қаржылардың тиімді және мақсатты қолданылуына тұрақты бақылауды ұйымдастыру 

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

ҚБ және МСКБ (келісім бойынша), ЭСҚКД (келісім бойынша), облыстық қаржы департаменті

Жылына 2 рет

Мемлекеттік органға
бюджеттен тиісті жылға сәйкес бөлінген қаржы аясында


5

Акциз салынатын тауарлардың заңсыз айналысы фактілерін анықтау және болдырмау мақсаттарында төмендегі бағыттар бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізуді ұйымдастыру: облыс аумағында акциз салынатын өнімдер мен Қазақстан Республикасының жалған акциздік маркаларын заңсыз қолдану жолдарын анықтау; мұнай өнімдерінің заңсыз айналысы мен салықтан жасыру фактілерін анықтау үшін жанар жағар май сақтау мен өткізуге байланысты экспорттық импорттық операциялар жүргізетін облыстық шаруашылық субъектілерінде қаржылық тексерістер жүргізу 

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

ЭСҚКД (келісім бойынша), ТБД (келісім бойынша), облыстық салық комитеті (келісім бойынша)

Жыл сайын

Мемлекеттік органға
бюджеттен тиісті жылға сәйкес бөлінген қаржы аясында


6

Заңсыз жолдармен табылған кірістерді заңдастыруды (жууды) жүзеге асыратын ұйымдардың әрекеттерін анықтау және жою үшін шаралар қолдану

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

ҰҚКД (келісім бойынша),
ІІД (келісім бойынша),
ЭСҚКД (келісім бойынша),  облыстық салық комитеті (келісім бойынша)

Жыл сайын

Мемлекеттік органға
бюджеттен тиісті жылға сәйкес бөлінген қаржы аясында


7

Жасырын кірістерді анықтау және салық салу бойынша шаралар қолдану

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

ЭСҚКД (келісім бойынша),  облыстық салық комитеті (келісім бойынша)

Тоқсан сайын

Мемлекеттік органға
бюджеттен тиісті жылға сәйкес бөлінген қаржы аясында


8

Экспорттық импорттық ағымдарға сараптама жасауды және отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу нарқын іздестіруді жүргізу 

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, Ө және КД

Тоқсан сайын

Қажет емес


9

Сыбайласқан лауазымды тұлғаларды анықтау мақсатында экономикалық контрабандаға, астық өнімдерін, алкаголь өнімдерін ұрлауға, қара және түсті металдарға байланысты қылмыстарды тергеу кезінде бірлескен жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

ҰҚКД (келісім бойынша),
ІІД (келісім бойынша), ЭСҚКД   (келісім бойынша)

Әрдайым

Мемлекеттік органға
бюджеттен тиісті жылға сәйкес бөлінген қаржы аясында


10

алынып тасталды






11

Сыбайлас жемқорлық қылмыстың нақты түрлерін
анықтау, жою және әшкерелеу бойынша құқық қорғау органдарының бірлесіп әрекет ету тетіктерін әзірлеу

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

ҰҚКД (келісім бойынша),
ІІД (келісім бойынша), ЭСҚКД   (келісім бойынша)

2006 жыл 1 тоқсан

Қажет емес


12

Сенім телефондарын ұйымдастыру және мерзімдік басылымдарда тоқсан сайын жариялап отыру арқылы мемлекеттік бақылау органдарының коммерциялық құрылымдардың қызметіне заңсыз араласуына жол бермеу жөніндегі құқықтарын қорғау, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің коммерциялық құрылымдардың мүддесін жақтауына жол бермеу жұмыстарын жалғастыру

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, Ө және КД

Әрдайым

Мемлекеттік органға
бюджеттен тиісті жылға сәйкес бөлінген қаржы аясында


13

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер қызметкерлері, ең алдымен тұрғын үй-коммуналдық сала, білім және денсаулық сақтау салалары қызметкерлері тарапынан азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты қиянат жасау және бопсалаушылық фактілерін анықтауға бағытталған тексерістер жүргізу

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

ҰҚКД (келісім бойынша), облыстық прокуратура (келісім бойынша), ІІД (келісім бойынша), ЭСҚКД   (келісім бойынша)

Жыл сайын

Мемлекеттік органға
бюджеттен тиісті жылға сәйкес бөлінген қаржы аясында


14

Жер телімдерін бөлу кезінде Жер кодексінің нормалары бұзылуына жол бермеу бойынша
шаралар қолдану

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

ЖҚБ, ЖРАБ (келісім бойынша)

Әрдайым

Мемлекеттік органға
бюджеттен тиісті жылға сәйкес бөлінген қаржы аясында


15

Өткен кезеңде қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің (облыс әкімдігінің қаулылары, облыс әкімінің шешімдері, өкімдері) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі бойынша құқықтық сараптама жүргізу 

Жүргізілген жұмыс туралы есеп

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық және кадрлық жұмыс бөлімі

Тоқсан сайын

Қажет емес


16

Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жалпыға бірдей
құқықтық білім беру жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарына ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы мәселесін қарастыруды мәселелердің бірі ретінде енгізу 

үйлестіру кеңесі отырысының хаттамалық шешімі  

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық және кадрлық жұмыс бөлімі, ӘД (келісім бойынша)

Арнайы жоспар бойынша

Қажет емес


17

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін жариялауға аса көңіл аудара отырып, аудандар мен қалалардың өкімдері аппараттарының мемлекеттік құқықтық жұмыстар саласындағы лауазымды тұлғаларды оқыту және тағылымдама жұмыстарын жүргізуді жалғастырсын

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық және кадрлық жұмыс бөлімі, аудандар мен қалалар әкімдіктері

Арнайы жоспар бойынша

Мемлекеттік органға
бюджеттен тиісті жылға сәйкес бөлінген қаржы аясында


18

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өткізілген іс-шаралардың қорытындыларын облыс әкімі аппаратының WEB-сайтына орналастыру 

БАҚ ақпарат

Облыс әкімінің аппараты

Жылына 2 рет

Бөлінген қаржы аясында


19

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар
туралы халық алдында есеп беруді өткізу,
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, ҰҚКД (келісім бойынша), облыстық прокуратура (келісім бойынша), ІІД(келісім бойынша), МҚІАТК (келісім бойынша), ЭСҚКД   (келісім бойынша)

Тоқсан сайын

Мемлекеттік органға
бюджеттен тиісті жылға сәйкес бөлінген қаржы аясында


20

Мемлекеттік органдар қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген күрес қорытындысы жөнінде халықты уақытында хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс қарым-қатынасын реттеу, әрдайым оларға қажетті материалдарды беріп тұру

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, ҰҚКД (келісім бойынша), облыстық прокуратура (келісім бойынша), ІІД (келісім бойынша), МҚІАТК (келісім бойынша), ЭСҚКД   (келісім бойынша)

Әрдайым

Мемлекеттік органға
бюджеттен тиісті жылға сәйкес бөлінген қаржы аясында


21

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелерін кең көлемде жариялауға бағытталған баспасөз-конферециялары, "Дөңгелек үстелдер" және басқа да іс-шаралар өткізу 

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, МҚІАТК (келісім бойынша), Д (келісім бойынша), ЭСҚКД (келісім бойынша),БД (келісім бойынша), ІСД(келісім бойынша)

Жылына 2 рет

Мемлекеттік органға
бюджеттен тиісті жылға сәйкес бөлінген қаржы аясында


22

Ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету
мақсаттарында аудандар мен қалалардың әкімдіктерінде заңды және жеке тұлғаларға жер телімдері берілуіне немесе берілмеуіне құқықтық сараптама жүргізу

Жүргізілген жұмыс туралы есеп

Облыс әкімі
аппаратының мемлекеттік - құқықтық және кадрлық жұмыс бөлімі

Жыл сайын

Қажет емес


          Аббревиатураларды ашу:

      ҰҚКД - ұлттық қауіпсіздік Комитетінің департаменті
      ЭСЖҚКД - Ақмола облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаменті
      МҚІАТК - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысындағы Тәртіптік кеңесі
      БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
      ӘД - Ақмола облысының әділет департаменті
      ІІД - Ішкі Істер департаменті
      ІСД - Ақмола облысының ішкі саясат департаменті
      ЖҚБ - Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы
      ЖРАБ - Ақмола облыстық жер ресурстарының аумақтық басқармасы
      МС және ҚҚКБ - Ақмола облыстық мемлекеттік сатып алу және қаржылық қадағалау комитетінің басқармасы
      КБД - Ақмола облыстық кедендік бақылау департаменті
      Ө және КД - Ақмола облысының өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаменті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады