Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N а-2/49 "Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 22 ақпандағы N А-2/68 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 15 наурызда N 3182 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы № А-1/11 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын орындау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N а-2/49 "Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесін бекіту туралы" (Ақмола облысының әділет департаментінде 2003 жылғы 25 ақпанда N 1570 болып тіркелген,
2003 жылғы 4 наурызда N 26 "Акмолинская правда" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      4-тармақ алынып тасталсын;

      5-тармақ келесі мазмұнды жаңа редакцияда берілсін:
      "Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін";

      Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінде:
      3-тармақтың 2-тармақшасындағы "жұмыспен қамту мәселелері бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;

      барлық мәтін бойынша ""Жұмыспен қамту орталығы" Мемлекеттік мекемесі (ММ) (жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган)"» сөздері "Уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады