Зеренді ауданы бойынша облыстық әкімшілік-аумақтық құрылғысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихаты мен Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 16 наурыздағы N ЗС-18-18 бірлескен шешімі. Ақмола облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 7 сәуірде N 3185 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылғысы туралы"  Заңының  3,   8,   11 баптарына  сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қолдаухаты негізінде және облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысын жетілдіру мақсатында облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Зеренді ауданы бойынша облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты келесі елді мекендер қысқартылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылып тасталсын:
      Викторовка селолық округінің Подзаводск және Туражол селолары;
      Симферопольское селолық округінің Озерное селосы;
      Троицкое селолық округінің Новоефремовка селосы.

      2. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.     

       Облыстық мәслихат                   Облыс әкімі
      сессиясының төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады