Ақмола облысы әкімдігінің "Қазақстан Республикасының шеңберінде медициналық көрсеткіштері бойынша жіберілетін науқастар, олармен еріп баратын тұлғалардың жолақысын төлеу ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 18 сәуірдегі N А-4/133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 27 қазандағы N А-9/367 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 5 желтоқсанда N 3204 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/116 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.04.16 № № А-4/116 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңына , Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы "Азаматтардың кейбір категорияларына санаторлық- курорттық емдеудің ережелерін бекіту туралы»N А-5/152  қаулысына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысының әкімдігінің "Қазақстан Республикасының шеңберінде медициналық көрсеткіштері бойынша жіберілетін науқастар, олармен еріп баратын тұлғалардың жолақысын төлеу Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 18 сәуірдегі N А-4/133 (Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 3 мамырда N 3124 тіркеліп, 2005 жылғы 14 маусымдағы "Акмолинская правда" газетінде жарияланған)  қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулының атауындағы және 1 тармақтағы "медициналық көрсеткіштері бойынша емделуге жіберілетін" сөздерінен кейін "санаторлық-курорттық емделуге жіберілетін мүгедек-балалар" сөздерімен толықтырылсын;

      жоғары көрсетілген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасы шеңберінде медициналық көрсеткіштері бойынша жіберілетін науқастар, оларға еріп баратын тұлғалардың жол ақысын төлеу Ережелеріне:
      атауындағы және әрі қарай мәтін бойынша "медициналық көрсеткіштері бойынша емделуге жіберілетін" сөздерінен кейін "санаторлық-курорттық емделуге жіберілетін мүгедек-балалар" сөздерімен толықтырылсын.

      2. Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының шеңберінде медициналық көрсеткіштері бойынша жіберілетін науқастар, олармен еріп баратын тұлғалардың жолақысын төлеу Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 18 сәуірдегі 
N а-4/133 қаулысына толықтыру енгізу туралы»N а-8/312 қаулысы күшін жойсын.

      3.Ақмола облысы әкімінің осы қаулысы Ақмола облысының әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап енгізіледі.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады