Ақтөбе қаласы дамуының Бас жоспарымен анықталған шегінде жерге және жер салығына базалық ставкаларын дифференциациялау мен бағалау аймақтары шекараларын белгілеу үшін Ақтөбе қаласы жерлерін аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті отыз бірінші сессиясының 2006 жылғы 24 тамыздағы N 263 шешімі. Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2006 жылғы 15 қыркүйекте N 3-1-56 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 336 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 25.05.2018 № 336 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының N 442 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 890 "Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде, мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын, сондай - ақ жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы "Жерге және жер салығына базалық ставкаларын дифференциациялау мен бағалау аймақтары шекараларын белгілеу үшін Ақтөбе қаласы мен селолық округтері жерлерін аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы", әділет басқармасында 2005 жылғы 3 ақпанда N 3044 санымен тіркелген N 100, Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясының 2006 жылғы 14 сәуірдегі "Ақтөбе қалалық мәслихатының он бесінші сессиясының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихатыңың "Баға аймағының шекараларын белгілеу мен жер және жер салығына арналған базалық ставкаларды дифференциациялау үшін Ақтөбе қаласы мен селолық округтер жерлерін аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы", Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2006 жылғы 6 сәуірде N 3-1-48 санымен тіркелген N 100 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" N 230 шешімдердің күші жойылсын.

      2. Ақтөбе қаласының Бас жоспарымен анықталған шегінде жерге және жер салығына базалық ставкаларын дифференциациялау мен бағалау аймақтары шекараларын белгілеу үшін Ақтөбе қаласы жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы бекітілсін (қоса беріледі).

      Ескерту: Жаңа бас жоспар ескеріліп жер үшін базалық төлемдер ставкалырының дифференциациясы және бағалық аймақтар шекаралары өзгертілсін (сызба қоса ұсынылады) - Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті отыз тоғызыншы сессиясының 2007 жылғы 30 мамырдағы N 345 шешімімен.

      Сессия төрағасы
      Мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады