Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 25.05.2018 № 336 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Жер Кодексінің 8-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 690 қаулысына, Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 1262 қаулысына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті отыз бірінші сессиясының 2006 жылғы 24 тамыздағы "Ақтөбе қаласы дамуының Бас жоспарымен анықталған шегінде жерге және жер салығына базалық ставкаларын дифференциациялау мен бағалау аймақтары шекараларын белгілеу үшін Ақтөбе қаласы жерлерін аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы" N 263 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтағы.
жаңа бас жоспар ескеріліп жер үшін базалық төлемдер ставкаларының дифференциациясы және бағалық аймақтар шекаралары өзгертілсін (сызба қоса ұсынылады).
2. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
Сессия хатшысы |