Біржолғы талондардың бағасын бекіту жөнінде

Күшін жойған

Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз үшінші сессиясының 2006 жылғы 16 қазандағы N 278 шешімі. Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2006 жылғы 3 қарашада N 3-1-60 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2007 жылғы 30 қазандағы N 19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2007.10.30 № 19 шешімімен.

       "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 373 бабының 2 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласы бойынша салық комитетімен жүргізілген хронометражды тексеру нәтижесінің негізінде және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" ҚР Заңының 6және 7 баптарына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      Осы шешімнің қосымшасына сәйкес кәсіпкерлік қызметінің қосымша түрлеріне біржолғы талондар бағаларының көлемі бекітілсін.

      Сессия төрағасы

      Мәслихат хатшысы

  Ақтөбе қалалық мәслихатының
2006 жылғы 16 қазандағы 
кезектен тыс отыз үшінші  
сессиясының    
N 278 шешіміне қосымша

Қосымша қызмет түрлеріне біржолғы талондар бағаларының көлемі

N/N

Қызмет түрлері

Біржолғы талон
бағасы

1

Үй жануарларын бағу.

50 теңге

2

Үй құстарын бағу.

25 теңге

3

Жануарлар мен құстар үшін азықтар сату.

200 теңге

4

Сыпырғыштарды сату.

50 теңге

5

Орман жемістерін, ара балы, саңырауқұлақтар мен балықтарды сату.

30 теңге

Ескерту: Біржолғы талон бағасы бір күнге есептелген (бағу және өткізу).

      Қосымша қызмет түрлеріне біржолғы талондар бағаларының
           көлемін бекіту бойынша түсіндірме жазбахат     

      30.10.2001 жылы N 1469 ҚР МДМ бұйрығымен бекітілген "Біржолғы талондарды беру тәртібіне" толықтыру енгізумен байланысты, салық салу базаларын арттыру мақсатында төмендегі ұсыныстар жасалды:

      Үй жануарларын бағу бойынша есептесу:

Орташа айлық кіріс 100000 теңге.
Шығын 50 000 теңге (50%)
Салық салу кірісі 50000 теңге
Айлық ЖТС бағасы 1500 теңге (50000х3%)
Бір күнгі ЖТС бағасы 50 теңге (1500/30)
Ұсыныс: біржолғы талон бағасы мөлшері бір күнге 50 теңге болып белгіленсін.

      Үй құстарын бағу бойынша есептесу:

Орташа айлық кіріс 25000 теңге.
Шығын 5000 теңге (20%)
Салық салу кірісі 20000 теңге
Айлық ЖТС бағасы 750 теңге (20000х3%)
Бір күнгі ЖТС бағасы 25 теңге (750/30)
Ұсыныс: біржолғы талон бағасы мөлшері бір күнге 25 теңге болып белгіленсін.

      Үй құстары мен жануарлар үшін азықтарды сату бойынша есептесу:

Орташа айлық кіріс 900 000 теңге.
Шығын 700 000 теңге (77%)
Салық салу кірісі 200000 теңге
Айлық ЖТС бағасы 6000 теңге (200000х3%)
Бір күнгі ЖТС бағасы 200 теңге (6000/30)
Ұсыныс: біржолғы талон бағасы мөлшері бір күнге 200 теңге болып белгіленсін.

      Сыпырғыштарды сату  бойынша есептесу:

Орташа айлық кіріс 100000 теңге.
Шығын 50000 теңге (50%)
Салық салу кірісі 50000 теңге
Айлық ЖТС бағасы 1500 теңге (50000х3%)
Бір күнгі ЖТС бағасы 50 теңге (1500/30)
Ұсыныс: біржолғы талон бағасы мөлшері бір күнге 50 теңге болып белгіленсін.

      Орман жемістерін, бал, саңырауқұлақтар мен балықты сату бойынша есептесу:

Орташа айлық кіріс 70 000 теңге.
Шығын 40000 теңге (57%)
Салық салу кірісі 30000 теңге
Айлық ЖТС бағасы 900 теңге (30000х3%)
Бір күнгі ЖТС бағасы 30 теңге (900/30)
Ұсыныс: біржолғы талон бағасы  мөлшері бір күнге 30 теңге болып белгіленсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады