1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2006 жылғы 7 желтоқсандағы N 286 қаулысы. Алматы облыстық әділет басқармасында 2007 жылғы 15 қаңтарда N 1977 тіркелген. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы N 228 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2007.11.22 N 228 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабындағы 1-тармаққа сәйкес, 1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды уақтылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының қарулы Күштеріне, басқа да жасақтарға және әскери қалыптасуларға әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. 2007 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1990 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алынсын.
       2. Аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары әскери басқару органдары арқылы:
      1) жергілікті жерлерде тіркеуге алу жөніндегі тиісті комиссияларды төмендегі құрамда құрсын:

комиссия төрағасы

- қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімінің) бастығы;

төраға орынбасары

- жергілікті атқару органының өкілі;

комиссия мүшелері

- ішкі істер департаменті бөлімі бастығының орынбасары;
- дәрігер, медициналық қызметшілер жұмысының жетекшісі, медициналық комиссияның төрағасы

комиссия хатшысы

- орта медициналық қызметкерлердің арасынан.

      2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерді арнайы құрал-жабдықтармен, қажетті техникалық жұмысшылармен, қызмет етуші персоналдармен және көлікпен қамтамасыз етсін;
      3) 1990 жылы туылған, сондай-ақ әскерге шақыру учаскелерінде бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде, толық және ұйымшылдықпен тіркеуге алуды қамтамасыз етсін;
      4) тіркеуге алу кезінде техникалық жұмысшылардың, қызмет етуші персоналдың еңбекақысын төлеу шығындарын жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырсын.
       3. Облыстың ішкі істер департаменті (Б.А. Майкеев):
      1) 2007 жылғы 5 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге жасөспірімдердің істері жөніндегі инспекцияларда есепте тұрған жастардың тізімін берсін;
      2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге, әскерге шақыру учаскелерінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруде көмек көрсетсін, ол үшін аудандық (қалалық) ішкі істер бөлімдері мен қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер өкілдерінен іздестіруді бақылау және іздестіру топтарын құрсын;
       4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Б.Н.Садықов):
      1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелер тізімге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлесін, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;
      2) 2007 жылғы 1 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге 1990 жылы туылған, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрғандар жастардың тізімін тапсырсын;
      3) тіркеуге алуға дейін 1990 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;
      4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман-дәрігерлеріне тапсырсын.
       5. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Н.Д.Бөлекбаева):
      қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен аудандық (қалалық) бөлімдерге, мүгедек деп танылатын 1990 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
       6. Облыстық білім департаменті (Т.Е.Естенов):
      1) тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге мұғалім бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын;
      2) 1990 жылы туылған жастар арасынан әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
       7. Облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасы (Т.Т. Чарапиев):
      1) кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығына бақылауды жүзеге асырсын;
      2) тіркеуге алу кезінде шақырылушы жастар арасында әскери-патриоттық мәселелер бойынша тәрбиелік және түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырып, өткізсін.
       8. Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы (Т.Р.Мәукебаев) осы шешімнің орындалу барысы туралы Алматы облысының әкіміне 2007 жылдың 20 сәуіріне дейін ақпарат тапсырсын.
       9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.
       10. Осы қаулы баспасөзде алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады