Еркерту. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.
Жоғарғы өрт қаупі бар кезеңнің басталуына байланысты, Қазақстан Республикасының Орман Кодексі 15 бабының 11 тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жеке тұлғалардың жоғарғы өрт қаупі бар кезеңде (үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегіне дейін) мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.
2. Облыс әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, аудан әкімдері осы қаулының 1 тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қаулы облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ө. Үсенбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі