Т.Рысқұлов ауданы Әбілхайыр ауылының бағыныстылығын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық әкімиятының 2006 жылғы 28 қыркүйегіндегі № 240 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2006 жылғы 27 қазандағы № 19-21 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 14 қарашада N 1650 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. Т.Рысқұлов ауданы Көгершін ауылдық округінің Әбілхайыр ауылы осы ауданның Новосельский ауылдық округіне беріліп, бағыныстылығы өзгертілсін.
       2. Осы нормативтік құқықтық акт Жамбыл облысының әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Облыстық мәслихат                          Облыс Әкімінің
      сессиясының төрағасы                       міндетін атқарушы
      О.Толеуов                                  А.Савченко

      Облыстық мәслихат хатшысы
      Ә.Әсілбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады