Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облыстық мәслихатының ХIХ сессиясының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі N 243 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6 бабы (1 тармағының 1, 6, және 7 тармақшалары) мен 24 бабына сәйкес және "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы N 19 Жарлығын орындау барысында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Облыстық мәслихаттың Регламентін бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 25 желтоқсандағы III сессиясының N 59 шешімімен бекітілген облыстық мәслихаттың Регламенті (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген N 1381, "Орталық Қазақстан" газетінің 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 17 (19431), "Индустриальная Караганда" газетінің 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 10 (19941) жарияланған, "Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 25 желтоқсандағы III сессиясының "Облыстық мәслихаттың Регламентін бекіту туралы" N 59 шешіміне, нормативтік құқықтық актілер реестріндегі тіркелу нөмірі - 1381, қосымшалар енгізу туралы" Қарағанды облыстық Мәслихатының VI сессиясының 2004 жылғы 20 мамырдағы N 88 шешімімен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген N 1518, ("Орталық Қазақстан" газетінің 2004 жылғы 27 мамырдағы N 100 - 101 (19514) нөмірінде, "Индустриальная Караганда" газетінің 2004 жылғы 27 мамырдағы N 61 (19992) нөмірінде жарияланған), 40 - 1 тармағымен келесі редакцияда толықтырылсын:
"40 - 1. Облыстық мәслихат "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының (1 тармағының 1, 6 және 7 тармақшалары), 24 бабының ережелерін, сондай-ақ "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы N 19Жарлығын басшылыққа ала отырып, кемінде жарты жылда бір рет сессияда облыс әкімінің (оның міндетін орындаушы тұлғаның) өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебін тыңдайды.
Облыс әкімінің (оның міндетін орындаушы тұлғаның) өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебі және осы бойынша шешімнің жобасы облыстық мәслихаттың тиісті сессиясының үш апта бұрын облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі.
Мәслихат депутаттары алдында өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы облыс әкімінің есебі жөніндегі шешім "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңның 11 бабының 3 тармағы және осы Регламенттің 30 - 33 тармақтары анықтаған тәртіппен қабылданады.".
2. Осы шешім "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабы 2 тармағының 5 тармақшасына сәйкес алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Сембаев
Облыстық мәслихаттың хатшысы Қ. Медиев