2007 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкалары туралы

Жаңа

Қарағанды облыстық мәслихатының XXIV сессиясының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы N 363 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 26 желтоқсанда N 1824 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына , "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462 бабына , "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29 бабына , "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 Қаулысына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2007 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкалары 1 , 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
      2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясы мен облыс әкімінің орынбасарына (А.К. Ержанов) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      облыстық мәслихаттың
      хатшысы                                    Қ. Медиев

Қарағанды облыстық мәслихатының
XXIV сессиясының
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
N 363 шешіміне 1 қосымша

      Атмосфераға, су объектілеріне тасталған ластаушы заттар және қоршаған ортаға өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін 2007 жылы - 107 % индексациялау коэффициентін ескере отырып келесі төлемақы ставкалары белгіленсін:
      1. Стационарлық көздерден атмосфераға бір шартты тонна ластаушы заттардың нормативтік шығарындысы үшін лимит шегінде - 461 теңге.
      2. Стационарлық көздерден белгіленген лимиттен тыс тасталған бір шартты тонна ластаушы заттар үшін - 4 610 теңге.
      3. Жылжымалы көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары үшін:
      1) этилденбеген, этилденген бензин үшін - 361 теңге;
      2) дизельдік отын үшін - 300 теңге;
      3) газ үшін -217 теңге.
      4. Жиналатын су тоғандарына, сүзілу аландарына бір шартты тонна ластаушы заттардың шығарындысы үшін лимит шегінде - 15 012 теңге.
      5. Нормативтен тыс тасталған 1 шартты тонна ластаушы заттар үшін - 150 120 теңге.
      6. Бір текше метр ағынды судың төгіндісі үшін:
      1) нормативті тазартылған ағынды суға - 5,4 теңге;
      2) тазартылмаған және жеткіліксіз тазартылған ағынды суға - 10,8 теңге.
      7. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнаулы орындарда орналастыру үшін, уыттылық сыныбына байланысты, кестеге сәйкес ( 2 қосымша ):
      Аршынды жыныстар (V) 1 тоннасына - 9,04 теңге;
      Байыту қалдықтары, күл шлактары, шлактар (IV) 1 тоннасына - 18 теңге;
      8. Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары (тезек, құс көңі),
                      1 тонна үшін - 120 теңге.
      9. Тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ), 1 текше метріне үшін - 91 теңге.
      Атмосфераға (су объектілеріне) рұқсат берілмеген бір шартты тонна ластаушы заттардың апаттық қалдықтарын (тастандыларын) тастағаны үшін, осы мақсатқа арналмаған орындарда өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтарды рұқсатсыз орналастырғаны, сақтағаны үшін төлемақы он есе мөлшерінде алынады.
      Қоршаған ортаны ластайтын заттар мен өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыруға арналған рұқсатты белгіленген тәртіппен ресімделмей қоршаған ортаны ластаған жағдайда барлық тастанды (төгінді) заттар рұқсат етілмеген шығарындылар (төгінділер) мен қалдықтарды орналастыру болып қарастырылады.

Қарағанды облыстық мәслихатының
XXIV сессиясының
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
N 363 шешіміне 2 қосымша

Кесте

ТӨЛЕМАҚЫ СТАВКАЛАРЫ

Қалдықтар атауы

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкасы, (теңге)

Улы қалдықтар



I сыныптағы уыттылық

тонна

3835

II сыныптағы уыттылық

тонна

1917

III сыныптағы уыттылық

тонна

480

IV сыныптағы уыттылық

тонна

240

V сыныптағы уыттылық

тонна

120

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады