Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 7 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" N 430 Заңының 8 бабы 4 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы емдеу-алдын алу және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінде емделу үшін Қарағанды облысының азаматтарына 2007 жылға арналған жергілікті бюджеттің есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Облыстық мәслихаттың хатшысы