Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орнының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 08/02 қаулысы. Қарағанды қаласы әділет басқармасында 2006 жылғы 11 тамызда N 8-1-38 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 8 маусымдағы N 23/07 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 08.06.2016 N 23/07 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң әрекетке енеді) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 2-тармағының 4-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына және 37-бабының 8-тармағына сәйкес және мүгедектердің қоғамдағы тіршілік әрекеті және бірігуі үшін тең мүмкіндіктер жасау мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар жұмыс орындарының жалпы санының 3 % мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының жыл сайынғы квотасын белгілесін.
      2. Қалалық әділет басқармасында уақытында тіркеуден өтпеуіне байланысты, "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орнының квотасын белгілеу туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі N 3/1 қаулысы жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Алмагүл Аманжолқызы Сәлімбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
И. Тогайбаев

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады