Жекелеген санаттағы азаматтардың республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеу тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы N 302 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 14 шілдеде N 4162 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 225 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2010.04.12 N 225 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қызылорда облыстық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      "Жекелеген санаттағы азаматтардың республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеу тәртібі" қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Облыстық мәслихаттың  
      ХХVІІ мәслихаттың төрағасы

Қызылорда облыстық мәслихатының
      2007 жылғы 12 желтоқсандағы
      N 29 шешіміне қосымша

      2006 жылғы 30 маусымдағы
      N 302 шешімге қосымша

Жекелеген санаттағы азаматтардың республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеу тәртібі

      Ескерту. Шешімнің қосымшасы жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихаттың 2007.12.12. N 29 Шешімімен.  

1. Жалпы ережелері 

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және аурулардың белгілі түрлерімен науқастанатын жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында осы жекелеген санаттағы азаматтарға республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын облыс бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібі әзірленген.

2. Республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарына өтем алу құқығы

      Республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына емделуге және тексерілуге жол қаражат шығынын өтеуге "Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті) жолдаған азаматтардың алуға құқығы бар.

3. Республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және  
республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында емделуге және  
тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеу тәртібі 

      Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті науқасқа және қажетті жағдайда науқасты алып баратын адамға (егер берілген жіберу құжатында оның қажеттілігі аталып өткен жағдайда) купелік вагонның бағасы бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаментінің жіберу құжаты болған жағдайда төленеді. 
      Жол қаражат шығыны науқасқа және қажетті жағдайда оны алып баратын адамға жылына бір рет (емдеу орнына дейін бару және қайту жолына) төленеді.

4. Қаржыландыру көздері

      Науқастар емделуге және тексерілуге Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті тарапынан жіберілгенде жол қаражат шығындары облыстық бюджеттің қаржысы есебінен өтеледі. 
      Азаматтардың республика ішінде емделуге жол қаражат шығынын әлеуметтік көмек ретінде төлеу "Азаматтарды елді мекеннің шегінен тыс емделуге тегін және жеңілдетілген жол жүрумен қамтамасыз ету" 253 016 000 бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

5. Жол қаражат шығындарын өтеу төлемі 

      Жол қаражат шығыны облыстық бюджеттің қаржысы есебінен Ұлттық Банкі берген лицензиясы бар мекемелер арқылы төленеді. 
      Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті алынған қаржыны төлем құжаттары арқылы науқастардың бет есеп шоттарына аударады.

6. Жауапкершілік 

      Тексерілуге немесе емделуге жіберілген азаматтар артық төлем жасалынуға жол берген жағдайларды жасырғанда қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады