Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы мәслихатының 2010.07.08 N 236 шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Жекелеген санаттағы азаматтардың республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеу тәртібі бекітілсін.
2. "Жекелеген санаттағы азаматтардың республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеу тәртібін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы N 302 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4162 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" газетінің 2006 жылғы 26 шілдедегі 152 нөмірінде жарияланған), "Жекелеген санаттағы азаматтардың республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеу тәртібін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы N 302 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 29 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4197 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" газетінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы 283 нөмірінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
3.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық
мәслихатының кезектен тыс
ХХVІI сессиясының төрағасы Ж. Кенжебеков
Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы Н. Құдайбергенов
Қызылорда облыстық мәслихатының
2010 жылғы 31 наурыздағы
N 225 шешімімен бекітілген
Жекелеген санаттағы азаматтардың республикалық клиникаларға,
ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу
ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын
өтеу тәртібі
1. Жалпы ережелері
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына сәйкес және аурулардың белгілі түрлерімен науқастанатын жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында осы жекелеген санаттағы азаматтардың республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол шығындарын облыс бюджеті қаражаты есебінен өтеу тәртібі әзірленген.
2. Республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және
денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және
тексерілуге барғандағы жол шығындарына өтем алу құқығы
Республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және республикалық денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және тексерілуге барғандағы жол қаражат шығындарын өтеуге "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы) жолдаған азаматтардың алуға құқығы бар.
3. Республикалық клиникаларға, ғылыми орталықтарға және
денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу ұйымдарында емделуге және
тексерілуге барғандағы жол шығындарын өтеу тәртібі
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуға тиiстi мына құжаттар негiзiнде жол жүру ақысын төлеу емделу орнынан келген күннен бастап жүзеге асырылсын:
1) СТТН, пошталық мекенжайы немесе ақша қаражаты аударылатын банкiнiң реквизиттерi көрсетiлген өтiнiшi;
2) жеке куәлiктiң және (немесе) туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
3) белгiленген үлгiдегi емделуге жолдаманың көшiрмесi;
4) медицина ұйымының дәрiгерлiк-бақылау комиссиясының науқасты алып жүру қажеттiлiгi туралы қорытындысы;
5) стационарлық емдi қабылдағаны туралы науқас тарихынан көшiрме;
6) бару фактiсiн растайтын, науқастың (ертiп баратын тұлғаның) атына ресiмделген жол билеттерi, ал олар жоғалған жағдайда емделу орнына дейiн және керi қайта жол жүргенiн растайтын анықтама.
Науқастың және оны ертiп баратын тұлғаның жол жүру ақысын екi жаққа жүруiне әуе, темiр жол көлiгiнде жүрдек поездың купе вагоны билетiнiң құны мөлшерiнен аспайтын, ал қалааралық автомобиль көлiгiнде-нақты құны мөлшерiнде өтеу жүргiзiлсiн.
4. Қаржыландыру көздері
Науқастар емделуге және тексерілуге Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жіберілгенде жол қаражат шығындары облыстық бюджеттің қаржысы есебінен өтеледі.
Азаматтардың республика ішінде емделуге жол қаражат шығынын әлеуметтік көмек ретінде төлеу "Азаматтарды елді мекеннің шегінен тыс емделуге тегін және жеңілдетілген жол жүрумен қамтамасыз ету" 253 016 000 бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
5. Жол қаражат шығындарын өтеу төлемі
Жол қаражат шығыны облыстық бюджеттің қаржысы есебінен Ұлттық Банкі берген лицензиясы бар мекемелер арқылы төленеді.
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы алынған қаржыны төлем құжаттары арқылы науқастардың (ертіп барған тұлғаның) бет есеп шоттарына аударады.
6. Жауапкершілік
Тексерілуге немесе емделуге жіберілген азаматтар артық төлем жасалынуға жол берген жағдайларды жасырғанда қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.