Павлодар облысы Успен ауданы Павловка селосы мен Павловка ауылдық округінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2006 жылғы 20 қаңтардағы N 10/17 шешімі. Павлодар облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 1 ақпанда N 3059 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңы  6 бабы 1 тармағының  4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"  Заңы  11 бабының 3)  тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың транскрипцияларын өзгертудің тәртібін бекіту туралы" N 281   қаулысына , Успен ауданы мәслихаты мен әкімдігінің 2004 жылғы 25 қарашадағы "Успен ауданының Павловка селосы мен Павловка ауылдық округінің атауларын өзгерту туралы" N 76/12 бірлескен шешіміне, облыстық ономастика комиссиясының 2004 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысына, облыс әкімдігінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы "Успен ауданы Павловка селосы мен Павловка ауылдық округінің атауларын өзгерту туралы" N 8/1 қаулысына сәйкес және Павловка селосы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі  ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Успен ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай  өзгерістер енгізілсін:
      Успен ауданының Павловка селосы мен Павловка ауылдық округінің  атаулары Қоңыр Өзек селосы мен Қоңыр Өзек ауылдық округі болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау және ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 

       Сессия төрағасы

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады