Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғарғы оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына толықтыру енгізу туралы.

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2006 жылғы 19 қазандағы N 283/11 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 8 қарашада N 3075 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 236/18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009.12.25 N 236/18 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 17-тармақшасына  сәйкес, жоғары оқу орындарында оқып жүрген аз қамтылған отбасыдан шыққан, жетiм-студенттерге әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында облыс әкiмдiлiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Павлодар Облысы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау туралы" N 169/5  қаулысына (2004 жылғы 18 маусымда  N 2621-мен Павлодар облысының әдiлет басқармасымен тiркелген, 2004 жылғы 6 шiлдедегi N 78 "Звезда Прииртышья" газетiнде, 2004 жылғы 8 шiлдедегi N 80 "Сарыарқа самалы" газетiнде  жарияланған) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулының Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау ережелерiнде:
      9-тармақ "сессияның нәтижелерi бойынша жылына екi рет Комиссияның шешiмiмен шығарып жiберiлген студенттiң орнына ректоратпен ұсынылған аз қамтамасыз етiлген отбасындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сол оқу орында "жақсы" және "үздiк" оқып жүрген студентке оқу құқығы берiледi, көрсетiлген  студенттiң  оқуына  ақы төлеу белгiленген тәртiпте  жүргiзiледi" деген сөздермен толықтырылсын.

       Облыс әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады