Павлодар қалалық мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Павлодар қаласы бюджетінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету Қағидасын" бекіту туралы" N 62/32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (III сайланған XXIII кезектен тыс сессия)

Күшін жойған

Павлодар қалалық мәслихатының 2006 жылғы 30 наурыздағы N 47/23 шешімі. Павлодар қаласының әділет басқармасында 2006 жылғы 4 мамырда N 69 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 148/7 шешімімен.

      Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 148/7 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы" Заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес, азаматтарды әлеуметтiк қорғау мақсатында қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:

      1. Павлодар қаласы мәслихатының 2003 жылғы 4 шiлдедегi "Павлодар қаласы бюджетiнен аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету Қағидасын" бекiту туралы" N 62/32 шешiмiне (II сайланған XXXII сессия) (2003 жылғы 15 тамыздағы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 1999 болып тiркелген, 2003 жылғы 23 тамыздағы N 96 "Сарыарқа самалы", 2004 жылғы 17 наурыздағы N 11 "Версия" газеттерiнде жарияланған, 2004 жылғы 30 маусымдағы N 72/8, 2004 жылғы 22 қазандағы N 100/9, 2005 жылғы 5 қыркүйектегi N 78/15 енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен), "Павлодар қаласы бюджетiнен аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету қағидасына" төмендегiдей өзгерiстер енгiзiлсiн:

      "13 тармақ төмендегiдей редакцияда жазылсын:
      "Бiр бiрлiктен артық тұрғын үйi (пәтер, үй) бар немесе үй-жайды жалға (жалдау) беретiн, сондай-ақ оларға тиiстi жылжымайтын мүлiктi кепiлдiкке қойып, банк мекемелерiне несиенi алу үшiн барған тұлғалардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ";

      14 тармақ төмендегiдей редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй жәрдемақысын алуға:
      жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлердiң, жан басына шаққандағы орташа табысы базалық зейнетақы есебiмен 13 айлық есептiк көрсеткiшiнен аспайтын зейнеткерлер санынан отбасы жұптарының;
      жалғыз басты және жалғыз тұратын 1, 2, 3 топ мүгедектерiнiң;
      16 жасқа дейiн балалары бар мүгедектер отбасыларының;
      жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлiк себетiнен төмен, өзiнiң құрамында бiр айдан астам уақыт стационарлық емделуде болған еңбекке жарамды, туберкулезбен, онкологиялық аурулармен науқас тұлғалары, оқушылар мен студенттер, магистратура мен аспирантураны қоса алғанда, күндiзгi оқыту нысанында оқитын тыңдаушылар мен курсанттар, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердi, сексен жастан асқан адамдарды, жетi жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтары, жүктi әйелдерi, осы себеп бойынша жұмыспен қамтудың уәкiлеттi органдарындағы есептен шығарылғандары, мүгедек-балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтары бар аз қамтамасыз етiлген отбасыларының;
      табысы күн көрiс минимумынан төмен жұмыспен қамтудың уәкiлеттi органында тiркелмеген жұмыс iстемейтiн (ерлер 58 жастан бастап, әйелдер 53 жастан бастап) тұлғалардың құқығы бар".

      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтiк саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк 10 күн iшiнде қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрайымы

      Қалалық мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады