"Қалалық бюджеттен тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын" бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 148/7 шешімі. Павлодар облысы Павлодар қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 1 тамызда N 124 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 26/23 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010.03.31 N 26/23 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" N 553 қаулысына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Қалалық бюджеттен тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы" (бұдан әрі - Қағида) 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар қалалық мәслихатының 2008.12.23 N 214/11 Шешімімен.
      2. Павлодар қалалық мәслихатының шешімін 2 қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар қалалық мәслихатының 2008.12.23 N 214/11 Шешімімен.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына және тексеру комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            С. Тупицын

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                В. Лебедь

Павлодар қалалық мәслихатының
2008 жылғы 19 маусымдағы
"Қалалық бюджеттен тұрғын үйді ұстау,
коммуналдық қызметті, байланыс қызметін
тұтыну төлемақысы және кондоминиум объектісінің
ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген
түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы
бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға
тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын"
бекіту туралы" N 148/7 шешіміне
1 қосымша

Қалалық бюджеттен тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті,
байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминиум
объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген
түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы бойынша аз
қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін
көрсету қағидасы 1. Жалпы ережелер

       1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 қаулысына сәйкес әзірленген.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2009.11.13 N 134/19 шешімімен.
      2. Тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй көмегі - Павлодар қаласының аумағында орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй иесі немесе жалдаушысы (жалға алушы) болып табылатын және тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген тұрғындарға тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті, және телекоммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының өсу бөлігінде байланыс қызметін тұтыну төлемақысы бойынша шығындардың жартылай орнын толтыру үшін берілетін жәрдемақы (бұдан әрі - тұрғын үй көмегі).
      3. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы - Павлодар қаласының аумағында орналасқан тұрғын үйдің иесі болып табылатын (5 абзацтың 30 тармағынан басқасы) және тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген тұрғындарға жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне (іргетас, сыртқы қабырғалар және тіреу құрастырмалар, шатыр, баспалдақтар (алаңшалар, марштар) және ішкі қабырғалар, лифтілер, инженерлік коммуникациялар және жабдық, өзгелері (кіреберіс есіктер, фрамугалар және басқалар) жұмсалатын шығындардың жартылай орнын толтыру үшін берілетін жәрдемақы (бұдан әрі - күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындар өтемақысы).
      4. Өтініш беруші - тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақының өсу бөлігінде байланыс қызметін тағайындау үшін отбасы атынан өтініш берген тұрғын үйдің меншік иесі, жалдаушы (жалға алушы); кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге өтемақы тағайындау үшін отбасы атынан өтініш берген тұрғын үйдің меншік иесі.
      5. Қалалық бюджеттен аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы бойынша тұрғын үй көмегін алуға құқылы тұрғын үйдің меншік иесі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының тұрғындарын құжаттау және тіркеу Қағидаларына сәйкес, тұрғын үйде тіркелген, тұрақты тұратын, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы және коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері аясында тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну төлемақысының шығындары осы мақсатқа жіберілген шығындардың үлесі шегінен асқан жағдайда, тұрғын үйге немесе оның бөлігіне жеке меншік құқы бар жеке тұлға.
      6. Қалалық бюджеттен аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй көмегін алуға құқылы тұрғын үйді жалдаушы (жалға алушы) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының тұрғындарын құжаттау және тіркеу Қағидаларына сәйкес, тұрғын үйде тұратын және тіркелген, белгіленген заңнама тәртібінде жасалған тұрғын үйді жалдау келісімінде шарт жасаушының бірі болып табылатын, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы және коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері аясында тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну төлемақысының шығындары осы мақсатқа жіберілген шығындардың үлесі шегінен асқан жағдайда тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша пайдалануға алатын жеке тұлға.
      7. Тұрғын үй меншік иесінің, жалдаушының (жалға алушы) отбасы мүшесі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының тұрғындарын құжаттау және тіркеу Қағидаларына сәйкес, тіркелген және тұрғын үйде меншік иесімен (жалдаушымен) бірге тұратын, қалалық бюджеттен аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы бойынша тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтаған кезде ескерілетін, отбасы мүшесінің нысандары бар жеке тұлға.
      8. Коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (кісі тұратын ғимаратта) берілетін сумен жабдықтау, канализацияны, газбен жабдықтау, электр жабдықтау, жылу жабдықтау, қоқым шығару, лифтілердің қызмет етуі және тұрғын үйді ұстау қызметтері.
      9. Тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындар - тұрғын үйді іске қосуға және күрделі жөндеуге қажет төлемдер сомасы.
      10. Әлеуметтік мөлшер стандарты - өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін (мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлген кезде қолданылатын тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы) тұрғын үй алаңының нормасы және Павлодар қаласында өтініш берудің (бұдан әрі ӘМС) өткен тоқсаны, осы тоқсаны үшін коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері аясында тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну төлемақысының шығындары.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті тұтынуға жұмсалған есепті-нормативтік шығындарды анықтау аумақтық монополияға қарсы органдар тәртібімен бекітілген, қала тұрғындарының коммуналдық қызметін берушілермен келісілген осы қызмет түріне тарифтер негізінде жүргізіледі.
      11. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар - тұрғын үй қорын жөндеуге, ауыстыруға немесе жаңартуға жұмсалған төлемдер сомасы.
      12. Отбасы табысының жиынтығы – бұл жеке қосалқы шаруашылықтан, бақ өсіруден, бақшашылықтан, жеке санаттарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектен, тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегінен, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыдан, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектен, 10 АЕК аспайтын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінен, бұрын тұрғын үй көмегіне өтініш берген немесе күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалған шығындардың өтемақысы үшін ақшалай немесе заттай түрде алушылардан басқасының бәрі отбасы мүшесінің жеке табысы.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2009.11.13 N 134/19 шешімімен.

2. Тұрғын-үй көмегін тағайындау ережесі мен тәртібін анықтау

      13. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы және коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері аясында тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну төлемақысының шығындары осы мақсатқа жіберілген шығындардың үлесі шегінен асқан жағдайда Тұрғын үй көмегіне құқығы, егер тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеуі өтемақы өлшемімен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемі нормасы шегінде және коммуналдық қызметін пайдалану нормативі осы мақсатқа жіберілген мүмкіндік шығыны үлесінен асқан жағдайда тұрғын үй көмегін алу құқы туындайды.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемақысына жіберілген мүмкіндік шығының үлесі былай белгіленеді:
      - Мына санаттарға қатысты отбасы табысының жиынтығы 7 % мөлшерде:
      1) жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер, зейнеткер базасы есебінен орташа табысы 13 айлық есеп көрсеткішінен аспайтын, зейнеткерлер санынан отбасы жұбынан;
      2) жалғызбасты және жалғыз тұратын мүгедектер;
      3) мүгедектерден тұратын отбасылар; 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедектердің; мүгедектер мен зейнеткерлердің; зейнеткерлік жасы алдындағы мүгедектердің және азаматтардың; оларды күтумен айналысатын мүгедектердің және тұлғалардың;
      4) өткен тоқсанда өтініш берген, тоқсанда, "кедейшілік шегінен төмен орташа табысы бар аз қамтамасыз етілген отбасылары" есепте тұрған аз қамтамасыз етілген отбасыларының;
      санаттарға қатысты отбасы мүшелерінің табысының жиынтығы 10 % мөлшерде:
      1) 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедектердің, зейнеткерлердің; жұмыс істейтін тұлғалардың;
      2) 1,5 айдан кем емес жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жасы келген жұмысқа жарамды тұлғалардың; жұмыспен қамтудың уәкілетті органдарында тіркеуде жоқ, зейнеткерлік жасы алдындағы жұмыс істемейтін тұлғалардың (еркектер 58 жастан, әйелдер 53 жастан); бір айдан кем емес санаторлық және амбулаторлық емделуде жүрген, жұмысқа жарамды жастағы азаматтарға; туберкулезбен, онкологиялық, АҚТК және ЖҚТБ ауруымен ауыратын аурулардың; күндізгі оқу орындарында, сонымен қоса магистратура және аспирантурада оқитын оқушылар және студенттер, тыңдаушылар және курсанттар, сонымен қатар мүгедек - балаларды күтумен айналысатын азаматтардың, осы себеп бойынша жұмыспен қамтудың уәкілетті органдары есебінен алынып, жүкті әйелдер, 7 жасқа дейінгі балаларды, 80 жастан асқан тұлғаларды, 1 және 2 топтағы мүгедектерді күтумен айналысатын азаматтар; осы себеп бойынша жұмыспен қамтудың уәкілетті органында есептен алынған, жүкті әйелдердің; 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтумен айналысатын азаматтардың құқығы бар.
      ӘМС сыртынан тұрғын үйді ұстауды және және коммуналдық қызметтерді пайдалануды төлеу өтініш берушінің жалпы негізінде жүргізіледі.
      14. Тұрғын-үй көмегін алуға және күрделі жөндеу жасауға шығындардың өтемақысын анықтау кезінде, меншік иесінің отбасы құрамы (жалдаушының), осы тұрғын үй көмегін тағайындау және күрделі жөндеу жасауға жіберілген шығындардың өтемақысы кезінде анықталған Ережесі талаптарына сәйкес анықталады.
      15. Отбасының құрамына тұлғаның ұзақ мерзімде жоқ болғандығы қосылмайды, қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес тұрғын үй көмегі сақталады.
      16. Нормативті ауданға мыналар қабылданады:
      жалғыз тұратын азаматтар үшін - 30 шаршы метрлер (тұрғын үйдің жалпы ауданы), бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес;
      2 және одан да көп отбасы үшін - бір адамға 18 шаршы метр (тұрғын үйдің жалпы ауданы).
      электр плиталарды пайдаланатын тұтынушылар үшін бір адамға айына - 110 киловатт; электр плиталарды пайдаланбайтын тұтынушылар үшін бір адамға айына - 90 киловатт мөлшерде белгіленеді.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2009.11.13 N 134/19 шешімімен.
      17. Тұрғын үйде бір бірлігі бар тұлғаға немесе (пәтерлер, үй) немесе жалға берушілер (жалға беру), тұрғын үй көмегін немесе күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың өтемақысын алуға құқығы жоқ.
      18. Күрделі жөндеу жасауға жіберілген өтемақы және тұрғын үй көмегін тағайындау туралы дау-жанжалды, таласты және қалыпсыз жағдайлардың басталу жағдайында мәселені шешу "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) мемлекеттік мекемесі кезінде даулы мәселені шешу бойынша комиссия қарауына енгізуге болады.
      19. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы тұрғын үй көмегін алуға құқығы барын растайтын құжаттарды онымен қосып және өтініш берушінің негізінде Бөліммен қабылданады. Өтініштің нысаны Бөліммен белгіленеді.
      20. Құжаттардың тізіміне қосылады (түпнұсқалары және көшірмесі):
      1) құжаттар, тұрғын үйде меншік иесімен (жалдаушымен) бірге тұратын барлық отбасы тұлғаларының жеке куәлігі;
      2) тұрғындарға қызмет көрсетудің қалалық Орталығынан берілген жеке меншік құқығы бар тұрғын үй (пәтерлер, үй) бірлігі саны туралы ақпараттық анықтама;
      3) тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жекешелендіру келісім-шарты, сыйлықтың, сатып алу-сату, мұрагерлік туралы құқығы және т. б.);
      4) азаматтарды тіркеу кітабы;
      5) отбасының табыстары туралы мәлімет;
      6) еңбек қызметін растайтын құжаттар;
      7) өтініш берушінің өткен тоқсанда, тоқсанда байланыс қызметі, тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың өтемақысы және коммуналдық қызмет үшін төлемдер төленгенін растайтын қызмет көрсетушінің құжаттары мәлімет үшін ұсынылады;
      Бөлім мамандарымен толтырылған ақпараттық бетте көрсетілген мәліметтер үшін ұсынылған құжаттардан ақпарат.
      21. Тұрғын үй көмегі өткен тоқсандағы коммуналдық қызметі және тұрғын үйді ұстауды төлеуге жұмсалатын табысы мен шығыны бойынша ағымдағы тоқсанда тапсырған құжаттардың уақытына байланыссыз бір тоқсандық мерзімге тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтінішті қабылдау тоқсанның соңғы айының 15 дейін жүргізіледі.
      22. Өтініш берушінің ұсынған құжаттарын қарастыру кезіндегі қорытындысы бойынша тұрғын үй көмегі және күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың өтемақысында көрсетілген есептердің мөлшері белгіленген үлгі бойынша келісім-шарт жасалады. Келісім - шарт екі данадан тұрады, біреуін өтініш беруші сақтайды, ал екіншісі Бөлімде болады. Өтініш берушінің келісім-шартқа қол қоюға келіспеген кезде тұрғын үй көмегін және күрделі жөндеу жасауға жұмсалған шығындардың өтемақысы тағайындалмайды. Келісім-шарттың түрі Бөліммен белгіленеді.
      23. Тұрғын үй көмегін алу құқығына әсер ететін өзгерістер пайда болған және өзгерістер пайда болған күннен бастап 10 күн ішінде алушының өтініші болмаған жағдайда артық төленген сома өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуы тиіс.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар қалалық мәслихатының 2008.12.23 N 214/11 Шешімімен.
      24. Тұрғын үйде бірнеше меншік иесі тұрған жағдайда тұрғын үй көмегін және күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың өтемақысын тағайындау отбасы құрамындағы басқа меншік иелерін есепке алып ұсынылған өтініштің себептері бойынша бір ғана тұлғаға жүргізіледі.
      25. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде:
      Қандайда бір коммуналдық қызмет түрін төлеуді есептеу кезде (сумен жабдықтау, газ, электр, жылуэнергиясы, қоқыс жинаушы, канализация, лифті) әлеуметтік стандарт нормасы бойынша жарты ай сомасы есептелмейді, толық айға есептеледі (тоқсан).
      Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде нақты есептелген коммуналдық қызметтердің сомасы нормалар бойынша саналмайды.
      Суды пайдалану есебінің жеке санаушысы бойынша тұрғын үй көмегін есептеу кезінде нақты есептелген коммуналдық қызметтердің сомасы осы қызмет түрі бойынша (ӘСН) белгіленген пайдалану нормаларынан асырмауы керек.
      26. Өтініш берушінің тұрғын үй көмегін және күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың өтемақысын есептеу белгіленген тәртіппен жүргізілетін тұрғын үйді ұстау шығындарымен және коммуналдық қызметті есептеуге сәйкес тұрғын үйде тұратын отбасының құрамы санының есебімен жүргізіледі. Кейбір коммуналдық қызметтеріне есептеу жүргізілгенде тұлғалар санынан нақты тұрғын үйде тұратын тұлғалардың тіркеу санына сәйкес келмеген жағдайда отбасылары тұрғын үй көмегін тағайындауға құқығын жоғалтады.
      27. Тұрғын үй көмегіне құқығы бар, отбасы табысы күнкөріс минимумынан төмен ауданы 18 шаршы метрден кем тұратын тұлғаларға тұрғын үй көмегін тағайындау жылу жағу мерзімінде нақты шығындарына және бір аумақта тұратындар санына қарамастан ай сайын бір айлық есеп көрсеткішінен кем емес мөлшерде жүргізіледі.
      28. Тұрғын үй көмегін және күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың өтемақысын есептегенде отбасы жиынтығының табысы болмаған жағдайда әр бір жұмысқа жарамды отбасы мүшесінің күнкөріс минимумынан жүргізіледі.
      29. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы Қағидаларына сәйкес телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақыны есептеу жүргізіледі.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2009.11.13 N 134/19 шешімімен.

3. Кондоминиум объектісінің күрделі жөндеулерінің жекелеген
түрлеріне жұмсалған шығындардың өтемақысын тағайындау
тәртібін және құқығын анықтау

      30. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне шығындардың өтемақысынан, егер тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдалануына төлеуі өтемақы өлшемімен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемі нормасы шегінде және коммуналдық қызметін пайдалану нормативі осы мақсатқа мүмкіндік шығыны үлесінен асса құқығы пайда болады.
      Коммуналдық қызметтерді пайдалануына төлеуіне мүмкіндік шығыны шегіндегі үлесі мөлшерде белгіленеді.
      - санаттарға қатысты отбасы мүшелерінің табысының жиынтығы 30 % мөлшерде:
      1) тұрғын үй көмегін алушыларға осы ереже қарастырылған; 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедектердің; мүгедектер мен зейнеткерлердің;
      2) 1,5 айдан кем емес жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жасы келген жұмысқа жарамды тұлғалардың; жұмыспен қамтудың уәкілетті органдарында тіркеуде жоқ, зейнеткерлік жасы алдындағы жұмыс істемейтін тұлғалардың (еркектер 58 жастан, әйелдер 53 жастан); бір айдан кем емес санаторлық және амбулаторлық емделуде жүрген, жұмысқа жарамды жастағы азаматтарға; туберкулезбен, онкологиялық, АҚТК және ЖҚТБ ауруымен ауыратын аурулардың; күндізгі оқу орындарында, сонымен қоса магистратура және аспирантурада оқитын оқушылар және студенттер, тыңдаушылар және курсанттар, сонымен қатар мүгедек - балаларды күтумен айналысатын азаматтардың, осы себеп бойынша жұмыспен қамтудың уәкілетті органдары есебінен алынып, жүкті әйелдер, 7 жасқа дейінгі балаларды, 80 жастан асқан тұлғаларды, 1 және 2 топтағы мүгедектерді күтумен айналысатын азаматтар; осы себеп бойынша жұмыспен қамтудың уәкілетті органында есептен алынған, жүкті әйелдердің; 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтумен айналысатын азаматтардың құқығы бар;
      - отбасының мүшелерінде жұмыс істейтін адамы бар, жоғарыда көрсетілген санаттардан басқа, отбасылар үшін 20 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде.
      Павлодар қаласында нақты тіркелуі бойынша күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың өтемақысына мекенжайы бойынша бірге тұратын және тіркелген 2 немесе 3 адамға (соғысқа қатысушының жұбайы және оны күтіп отырған тұлға) нормативтік көлемінің есебінен тұрғын үйдің меншік иесінің құқығының есебінсіз Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектерінің құқығы бар.
      Тұрғын үйдің иелеріне, жалғызбасты және жалғыз тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері (отбасы жұптарына) үшін күрделі жөндеуге өтемақы осы жөндеу түріне жұмсалатын нақты шығындар мөлшерінде төленеді.
      Балалар үйінде немесе панаханада тұратын және тұрғын үйдің иесі болып табылатын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға күрделі жөндеу жасау үшін өтемақы осы жөндеу түріне жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерінде (пәтерді тексеру актісі кезінде баланың тұратындығын растайтын мемлекеттік мекеменің қолдау хаты бойынша осы пәтер жалға берілмейді (жалдаушының) төленеді.
      31. Күрделі жөндеу жасауға шығындардың өтемақысын анықтау кезінде, меншік иесінің отбасы құрамы, бұрын өтініш берген тоқсаннан, тоқсанда анықталады.
      32. Отбасының құрамына тұлғаның ұзақ мерзімде (үш айдан аса) жоқ болғандығы қосылмайды, қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес тұрғын үй көмегі сақталады.
      33. Нормативті ауданға мынадай қабылданады: жалғыз тұратын азаматтар үшін - 30 квадрат метрлер (тұрғын үйдің жалпы ауданы), бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес;
      2 және оданда көп отбасы үшін - бір адамға 18 квадрат метр (тұрғын үйдің жалпы ауданы).
      34. Тұрғын-үйде бір бірлігі бар тұлғаға немесе (пәтерлер, үй) немесе жалға берушілер (жалға беру) күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың өтемақысын алуға құқығы жоқ.
      35. Күрделі жөндеу жасауға жіберілген өтемақыны тағайындау туралы дау-жанжалды, таласты және қалыпсыз жағдайлардың басталу жағдайында мәселені шешу Бөлім ішінде даулы мәселені шешу бойынша комиссия қарауына енгізуге болады.
      36. Күрделі жөндеу жасауға жіберілген өтемақы тағайындау туралы шешім кондоминиум объектісінің жалпы мүлікке күрделі жөндеудің жеке түрлеріне жіберілген шығындардың өтемақысы және тұрғын үй көмегін алуға құқығы барын растайтын құжаттарды онымен қосып және тұрғын үйдің жеке меншіктігіне (жалға алушы) өтініш берушінің негізінде Бөліммен қабылданады. Өтініштің нысаны Бөліммен белгіленеді.
      37. Құжаттардың тізіміне қосылады (түпнұсқалары және көшірмесі):
      1) құжаттар, тұрғын үйде меншік иесімен (жалдаушымен) бірге тұратын барлық отбасы тұлғаларының жеке куәлігі;
      2) Тұрғындарға қызмет көрсетудің қалалық Орталығынан берілген жеке меншік құқығы бар тұрғын үй (пәтерлер, үй) бірлігі саны туралы ақпараттық анықтама;
      3) тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жекешелендіру келісім-шарты, сыйлықтың, сатып алу-сату, мұрагерлік туралы құқығы және т. б.);
      4) азаматтарды тіркеу кітабы;
      5) отбасының табыстары туралы мәлімет;
      6) еңбек қызметін растайтын құжаттар;
      7) меншік иесіне күрделі жөндеу жасаудың осы түрін өткізу қажеттілігі туралы құжаттың көшірмесі (кондоминиум басқармасының органдарымен бекітіледі);
      8) кісі тұратын үйдің жалпы алаңы және жөндеу жасаудың жоба-сметасының құны көрсетілген, кондоминиумнің жалпы мүліктеріне күрделі жөндеу жасау бойынша жүргізілген жұмыстардың қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі;
      9) фискальды чекті растайтын бекітілген, кондоминиум обьектісінің жалпы мүлігіне күрделі жөндеу арнаулы жинауды жүргізуге төленген туралы түбіртектің көшірмесі.
      38. Күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың өтемақысы өткен тоқсандағы өтініштің, тоқсандағы табыстары бойынша ағымдағы тоқсанда бір тоқсандық мерзімге тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтінішті қабылдау тоқсанның соңғы айының 15 дейін жүргізіледі.
      39. Өтініш берушінің ұсынған құжаттарын қарастыру кезіндегі қорытындысы бойынша тұрғын үй көмегі және күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың өтемақысында көрсетілген есептердің мөлшері белгіленген үлгі бойынша келісім-шарт жасалады. Келісім - шарт екі данадан тұрады, біреуін өтініш беруші сақтайды, ал екіншісі Бөлімде болады. Келісім-шарттың түрі Бөліммен белгіленеді.
      40. Күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындар өтемақысын алу құқығына әсер ететін өзгерістер пайда болған және өзгерістер пайда болған күннен бастап 10 күн ішінде алушының өтініші болмаған жағдайда артық төленген сома өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуы тиіс.
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар қалалық мәслихатының 2008.12.23 N 214/11 Шешімімен.
      41. Тұрғын үйде бірнеше меншік иесі тұрған жағдайда тұрғын үй көмегін және күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың өтемақысын тағайындау отбасы құрамындағы басқа меншік иелерін есепке алып ұсынылған өтініштің себептері бойынша бір ғана тұлғаға жүргізіледі.
      42. Өтініш берушінің күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың өтемақысын есептеу осы мекенжайы бойынша тұратын және тіркелген отбасының құрамы санының есебімен жүргізіледі. Кейбір коммуналдық қызметтеріне есептеу жүргізілгенде тұлғалар санынан нақты тұрғын үйде тұратын тұлғалардың тіркеу санына сәйкес келмеген жағдайда отбасылары күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың өтемақысын тағайындауға құқығын жоғалтады.
      43. Күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың өтемақысын есептегенде отбасы жиынтығының табысы болмаған жағдайда әр бір жұмысқа жарамды отбасы мүшесінің күнкөріс минимумынан жүргізіледі.

4. Тұрғын үй көмегін төлеу мөлшері және тәртібі

      44. Тұрғын үй көмегінің мөлшері коммуналдық қызметін тұтыну нормативі осы мақсатқа мүмкіндік шығыны қамтамасыз етілетін өтемақы шараларымен тұрғын үй көлемі нормасы шегінде тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін жекеменшік иесінің нақты төлемі аударуымен есептеледі.
      45. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді нақты есептелген төлеу сомасынан асыра алмайды.
      46. Тұрғын үй көмегінің бір айғы төленетін төменгі мөлшері жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер, зейнетақыны аудару үшін, егер де жәрдем ақшаның есеп сомасы 20 теңгеден айлық есеп көрсеткішінің мөлшеріне дейін құраса заңнамада бекітілген мөлшері 1 айлық есеп көрсеткішінен кем болуы мүмкін емес.
      47. Тұрғын үй көмегі ақшасыз есеп айырысу түрде ұсынылады. Төлемдер қаржыландыру шарасы бойынша қалалық бюджет қаражатынан өтініш берушінің жазбаша өтінішінде көрсетілген, келесі жеке шотына ауыстырумен қызмет көрсетушінің (қызмет көрсетуші) есебінен есептелген жәрдем ақшаны аудару жолымен Бөліммен жүзеге асырылады.
      48. Өтініш берушінің отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ереже талаптарына сәйкес анықталады.

5. Күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне
өтемақы төлеу мөлшері және тәртібі

      49. Күрделі жөндеудің жеке түрлеріне жұмсалатын шығындардың өтемақысының мөлшері тұрғын үй нормаларының есебімен пәтерлердің жалпы ауданына көбейтіп және кісі тұратын үйдің жалпы алаңына күрделі жөндеу жүргізілген жалпы сомасына бөлу жолымен есептеледі.
      50. Күрделі жөндеуге жұмсалған өтемақы қаржыландыру шарасы бойынша қалалық бюджеттен қаражат өтініш берушінің жеке шотына ақша қаражатын ауыстыру түрімен ұсынылады.
      51. Күрделі жөндеуге жұмсалатын өтемақы мөлшерінен өтініш берушінің осы жөндеу түріне жұмсалатын нақты сомасы аспауы керек.
      52. Өтініш берушінің отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

6. Есеп және есептілік

      53. Тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетуге жұмсалатын қаражаттың есебі және есептілігі Бөліммен жүзеге асырылады.
      54. Тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін ұсынуға негіз болатын құжаттар қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде Бөлімде сақталады.

Павлодар қалалық мәслихатының
2008 жылғы 19 маусымдағы
N 148/7 шешіміне 2 қосымша

      2 қосымшамен толықтырылды - Павлодар қалалық мәслихатының 2008.12.23 N 214/11 Шешімімен.

      1. 2003 жылғы 4 шілдедегі "Павлодар қаласы бюджетінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету қағидасын" бекіту туралы" N 62/32 (2003 жылғы 15 тамыздағы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1999 болып тіркелген, 2003 жылғы 23 тамыздағы N 96 "Сарыарқа самалы", 2004 жылғы 17 наурыздағы N 11 "Версия" газеттерінде жарияланған) шешімі.
      2. Павлодар қалалық мәслихатының 2004 жылғы 18 тамыздағы "Павлодар қалалық мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Павлодар қаласы бюджетінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету қағидасын" бекіту туралы" N 62/32 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" N 72/8 (2004 жылғы 10 қыркүйектегі нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2710 болып тіркелген, 2004 жылғы 23 қыркүйектегі N 112 "Сарыарқа самалы", 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 39 "Версия" газеттерінде жарияланған) шешімі.
      3. Павлодар қалалық мәслихатының 2004 жылғы 22 қыркүйектегі "Павлодар қалалық мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Павлодар қаласы бюджетінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету қағидасын" бекіту туралы" N 62/32 шешіміне толықтыру енгізу туралы" N 100/9 (2004 жылғы 11 қарашадағы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2778 болып тіркелген, 2004 жылғы 4 желтоқсандағы N 142 "Сарыарқа самалы", 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 48 "Версия" газеттерінде жарияланған) шешімі.
      4. Павлодар қалалық мәслихатының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі "Павлодар қалалық мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Павлодар қаласы бюджетінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету қағидасын" бекіту туралы" N 62/32 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" N 78/15 (2005 жылғы 19 қыркүйектегі нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-1-46 болып тіркелген, 2005 жылғы 1 қарашадағы N 123 "Сарыарқа самалы", 2005 жылғы 14 қарашадағы N 46 "Версия" газеттерінде жарияланған) шешімі.
      5. Павлодар қалалық мәслихатының 2006 жылғы 30 наурыздағы "Павлодар қалалық мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Павлодар қаласы бюджетінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету қағидасын" бекіту туралы" N 62/32 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" N 47/23 (2006 жылғы 4 мамырдағы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-1-69 болып тіркелген, 2006 жылғы 27 мамырдағы N 60 "Сарыарқа самалы", 2006 жылғы 29 мамырдағы N 21 "Версия" газеттерінде жарияланған) шешімі.
      6. Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы 28 наурыздағы "Павлодар қалалық мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Павлодар қаласы бюджетінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету қағидасын" бекіту туралы" N 62/32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 29/31 (2007 жылғы 5 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 212-1-85 болып тіркелген, 2007 жылғы 3 мамырдағы N 51 "Сарыарқа самалы", 2007 жылғы 23 сәуірдегі N 16 "Версия" газеттерінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады