"Павлодар қаласы бюджетiнен аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй көмегі көрсету жөнiндегi қағиданы" бекiту туралы.

Күшін жойған

Павлодар қаласы әкімиятының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 62/32 қаулысы. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 15 тамызда N 1999 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 148/7 шешімімен.

      Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 148/7 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Павлодар қаласы бюджетiнен аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету жөнiндегi қағида бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсiн.

      Сессия төрағасы

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы

II сайланған Павлодар        
қалалық мәслихатының        
2003 жылғы 4 шiлдедегi       
ХХХII сессиясының         
"Павлодар қаласы бюджетiнен    
аз қамтамасыз етiлген азаматтарға 
тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық 
қызметтi тұтыну төлемақысы бойынша
тұрғын үй жәрдемақысын көрсету  
жөнiндегi қағиданы бекiту туралы"
N 62/32 шешiммен бекiтiлген   

Павлодар қаласы бюджетiнен аз қамтамасыз етiлген
азаматтарға тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй көмегі көрсету жөнiндегi қағида <*>

      Ескерту. Шешім атауы және көрсетілген шешіммен бекітілген қағида атауына өзгерістер енгізілді - Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы 28 наурыздағы N 29/31 шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй жәрдемақысы Павлодар қаласында тұрақты тұратын және Павлодар қаласының аумағында орналасқан тұрғын үйдiң меншiк иесi немесе жалдаушылары (жалгерлерi) болып табылатын, тұрғындардың аз қамтамасыз етiлген бөлiгiне тұрғын үйдi ұстау (пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйдi ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы бойынша шығынның жарым-жартылай орнын толтыру үшiн берiлетiн жәрдемақы.
      2. Тұрғын үй көмегі құқығы бар, тұрғын үйдiң меншiк иесi Павлодар қаласының аумағында тұрақты тұратын, тұрғын үйге немесе оның бөлiгiне құқығы бар жеке тұлға, егер өтемақы шаралары және коммуналдық қызметтi тұтыну нормативтерi қамтамасыз етiлетiн, тұрғын үй көлемi мөлшерi шегiнде тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет тұтыну төлемақысы бойынша шығындар барынша мүмкiн шығын үлесiнен асатын жағдайда осы мақсатқа.
      3. Тұрғын үй көмегі құқығы бар, тұрғын үйдiң жалдаушысы (жалгерi) - Павлодар қаласының аумағында тұратын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi N 1063 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы тұрғындарын тiркеу мен құжаттау Ережелерiне сәйкес, заңда белгiленген тәртiппен жасалынған тұрғын үйдi жалдау шартының бiр жағы болып табылатын, тұрғын үйдi немесе оның бөлiгiн тұрақты немесе уақытша пайдалана алатын жеке тұлға, егер өтемақы шаралары және коммуналдық қызметтi тұтыну нормативтерi қамтамасыз етiлетiн, тұрғын үй көлемi мөлшерi шегiнде тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет тұтыну төлемақысы бойынша шығындар барынша мүмкiн шығын үлесiнен асатын жағдайда осы мақсатқа.<*>
      Ескерту. 3 тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар қалалық мәслихатының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 72/8 шешімінен.
            4. Тұрғын үй иесiнiң (жалдаушысының) отбасы мүшесi - Павлодар қаласының аумағында тұрғын үй иесiмен бiрге тұратын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi N 1063 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы тұрғындарын тiркеу мен құжаттау Ережелерiне сәйкес, тұрғын үй көмегі көрсетудiң мөлшерiн анықтау кезiнде есептелген және отбасы мүшесi бола алатын жеке тұлға.<*>
      Ескерту. 4 тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар қалалық мәслихатының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 72/8 шешімінен.
      5. Тұрғын үй белгiленген техникалық, санитарлық және басқа да мiндеттi талаптарға жауап беретiн, тұрақты тұруға арналған бөлек тұрғын үй бөлiгi (жеке тұрғын үй орталық жылуымен, пәтер, жатақханадағы бөлме).
      6. Коммуналдық қызметтер сумен жабдықтау, канализация, газбен, электрмен, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару, лифт арқылы тұрғын үйге (тұрғын ғимараттарына) берiлетiн қызметтер.
      7. Тұрғын үйдi ұстауға жұмсалатын шығындар тұрғын үйдi пайдалануға, ағымдағы және күрделi жөндеу жасауға, сондай-ақ жер учаскесiн ұстауға қажеттi төлем сомасы.
      8. Әлеуметтiк қалып мөлшерi (одан әрi - ӘҚМ) өтемақы шараларымен және тұтыну нормативтерiмен қамтамасыз етiлетiн, тұрғын үй көлемi мөлшерi шегiнде тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметке ақы төлеуге жұмсалатын шығындар.

2. Тұрғын үй көмегі тағайындаудың
құқығы мен тәртiбiн анықтау

      9. Егер өтемақы шаралары және коммуналдық қызметтi тұтыну нормативтерi қамтамасыз етiлетiн, тұрғын үй көлемi мөлшерi шегiнде тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет тұтыну төлемақысы бойынша шығындар осы мақсатқа барынша мүмкiн шығын үлесiнен асатын жағдайда тұрғын үй көмегі құқығына ие болады.
      Тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет тұтыну төлемақысының барынша мүмкiн шығындар үлесi 15 пайыз мөлшерiндегi отбасының жиынтық табысынан белгiленедi.
      Тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет тұтыну төлемақысы әлеуметтiк қалып мөлшерiнен асқан жағдайда өтiнiш иесiне жалпы негiзде берiледi.<*>
      Ескерту. 9 тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар қалалық мәслихатының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 72/8 шешімінен.
      10. Осы қағида талаптарына сәйкес, тұрғын үй меншiк иесiнiң (жалдаушысының) тұрғын үй а құқығын анықтау кезiнде оның отбасы құрамы тұрғын үй көмегі жәрдемақысы тағайындалған кезде анықталады.
      11. Ұзақ мерзiм бойы отбасында болмайтын, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тұрғын үйге құқығы сақталған тұлғалар отбасы құрамына енгiзiлмейдi.
      12. Мынадай нормативтi көлем:
      жалғыз тұратын азаматтар үшiн 30 шаршы метр (тұрғын үйдiң жалпы көлемiнен), бiрақ бiр бөлмелi пәтерден аз болмауы керек;
      2 және одан көп адамдардан тұратын отбасы мүшелерi үшiн бiр адамға (тұрғын үйдiң жалпы көлемiнен) Электр қуатын пайдалану мөлшерi бiр адамға 75 кВт мөлшерiнде белгiленсiн.
      13. Бiр бiрлiктен артық тұрғын үйi (пәтер, үй) бар немесе үй-жайды жалға (жалдау) беретiн тұлғалардың тұрғын үй көмегі алуға құқығы жоқ.<*>       
      Ескерту. 13 тармақ жаңа редакцияда - Павлодар қалалық мәслихатының 2006 жылғы 30 наурыздағы N 47/23 шешімінен.
      Ескерту. 13 тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар қалалық мәслихатының 2006 жылғы 10 шілдедегі N 68/25 шешімінен
      14. Тұрғын үй көмегі алуға:
      жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлердiң, жан басына шаққандағы орташа табысы базалық зейнетақы есебiмен 13 айлық есептiк көрсеткiшiнен аспайтын зейнеткерлер санынан отбасы жұптарының;
      жалғыз басты және жалғыз тұратын мүгедектерiнiң;
      мүгедектерi бар; 16 жасқа дейiн балалары бар мүгедектер; мүгедектер және зейнеткерлер; мүгедектер және зейнеткер жасына дейiнгi азаматтар; мүгедектер отбасыларының және оларды бағып-күтумен айналысатын тұлғалардың;
      "аз қамтамасыз етiлген отбасы ретiнде" кварталда есепте тұрған, үндеген кварталдың алдында, аз қамтамасыз етiлген отбасыларының;
      жұмыс iстейтiн тұлғалардың; жұмыспен қамту орталығында тұрған, жұмысқа қабiлеттi жастағы тұлғалардың; зейнеткерлер; жұмыспен қамтудың уәкiлеттi органында тiркелмеген, зейнеткер жасына дейiнгi (ерлер 58 жастан бастап, әйелдер 53 жастан бастап) жұмыс iстемейтiн тұлғалардың; өзiнiң құрамында бiр жарым айдан астам уақыт стационарлық емделуде болған еңбекке жарамды, туберкулезбен, онкологиялық аурулармен науқас тұлғалары, оқушылар мен студенттер, магистратура мен аспирантураны қоса алғанда, күндiзгi оқыту нысанында оқитын тыңдаушылар мен курсанттар, сондай-ақ 80 жастан асқан адамдарды, жетi жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтары, жүктi әйелдерi, осы себеп бойынша жұмыспен қамтудың уәкiлеттi органдарындағы есептен шығарылғандары, мүгедек-балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтары барларының құқығы бар.<*>
      Ескерту. 14 тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар қалалық мәслихатының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 72/8 шешімінен.
      Ескерту. 14 тармақ жаңа редакцияда - Павлодар қалалық мәслихатының 2006 жылғы 30 наурыздағы N 47/23 шешімінен, Павлодар қалалық мәслихатының 2006 жылғы 10 шілдедегі N 68/25 шешімінен.
      15. Шиеленiстi, даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар пайда болған жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындау туралы мәселенi шешу "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы (одан әрi-Басқарма) даулы мәселелердi шешу жөнiндегi комиссияның қарауына берiледi. <*>
      Ескерту. 15 тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы 28 наурыздағы N 29/31 шешімімен.
      16. Тұрғын үй көмегі тағайындау туралы шешiмдi тұрғын үйдiң меншiк иесiнiң (жалдаушысы) өтiнiшi және тұрғын үй көмегі алуға құқығы барлығын растайтын қажеттi құжаттардың негiзiнде Басқарма белгiлейдi.
      17. құжаттардың тiзбесi:
      1) тұрғын үй меншiк иесiнiң (пайдаланушысының) құқығын анықтайтын құжат - мәлiмет үшiн;
      2) отбасы құрамын анықтайтын, құжат (2 қосымша);
      3) отбасының жиынтық табысы туралы құжат (1 қосымша);
      4) өтiнiш жасаған жарты жылдың алдындағы жарты жылға қызмет көрсетушiлерден коммуналдық қызметтер және тұрғын үйдi ұстауға жұмсалатын шығындар төлемiнiң есебiн дәлелдейтiн, құжаттар (өтiнiш берушiнiң қалауы бойынша таңдалынады) мәлiмет үшiн.
      Мәлiмет үшiн тапсырылған құжаттардан ақпарат, Басқарма маманы толтырған, ақпараттық парақтарда жазылады.
      18. Өткен тоқсанда тұрғын-үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi төлеуге арналған табыстар мен шығындар бойынша осы тоқсанға құжаттарды тапсыру уақытына тәуелсiз тұрғын-үй жәрдемақысы бiр тоқсан мерзiмiне ғана тағайындалады.<*>
       Ескерту. 18 тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар қалалық мәслихатының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 72/8 шешімінен.
      19. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесi бойынша өтiнiш берушiмен тұрғын үй көмегі есептелген мөлшерi көрсетiлген белгiленген үлгiде келiсiм шарты жасалады. Шарт екi данада жасалады, бiреуi өтiнiш берушiде, екiншiсi Басқармада сақталады. өтiнiш берушi келiсiм шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Келiсiм шарттың нысанын Басқарма белгiлейдi.
      20. Өтiнiш берушi өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердiң және жасалған шарттың талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығына және растығына жауап бередi. Тұрғын үй көмегі алу құқығына тиiстi барлық өзгерiстер жөнiнде Басқармаға өзгерiстер болған күннен бастап 10 күн iшiнде хабарлауға мiндеттi.( Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы тәртiп бойынша үй жәрдемақысы берiлетiн туралы ереже)
      21. Тұрғын үйде бiрнеше тұрғын иесi тұратын жағдайда отбасы құрамының басқа иелерiн есепке ала отырып, бастапқы тiркелiнген өтiнiш берушi адамға тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалады.
      22. Тұрғын үй көмегі есептеген кезде:
      Толық емес айға қандай -да бiр коммуналдық қызмет түрлерiн төлеуге ақша есептеген кезде (сумен қамтамасыз ету, газ, электр, жылу энергиялары, күл-қоқыс шығару, арна жүргiзу, лифт), стандарттың әлеуметтiк мөлшерi бойынша сомасын қайта есептемей, толық ай болып саналсын (тоқсан).
      Тұрғын үй көмегі есептеген кезде нақты тұтыну мөлшерi бойынша есептелген коммуналдық қызмет қайта есептелмесiн.<*>
      Ескерту. 22 тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар қалалық мәслихатының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 72/8 шешімінен.
       23. Өтiнiш берушiге тұрғын үй жәрдемақысы белгiленген тәртiпте коммуналдық қызметтiң есептелген сомасы мен тұрғын үйдi ұстауға жұмсалатын шығындарға сәйкес тұрғын үйде тұратын отбасы құрамының санын есепке ала отырып жүргiзiледi. Коммуналдық қызметi есептелiнетiн тұрғын үйде нақты тұратын адамдар санымен осы үйде тiркелген адамдар саны сәйкес келмесе, отбасы тұрғын үй көмегі алу құқығынан айырылады.
      24. 2, 3, 4 және одан да көп бөлмелi пәтерлерде жалғыз тұратын азаматтар үшiн жылу берiлетiн кезеңде (қазан айынан наурыз айына дейiн) нақты есептелген коммуналдық қызмет пен тұрғын үйдi ұстау төлемақысы тiркелiнбей, тұрғын үй жәрдемақысы әлеуметтiк қалып мөлшерi негiзiнде есептелсiн.

3. Тұрғын үй көмегі мөлшерi және төлеу тәртiбi

      25. Жәрдемақы мөлшерi меншiк иесiнiң өтемақы шараларымен және тұтыну нормативтерiмен қамтамасыз етiлетiн, тұрғын үй көлемi мөлшерi шегiнде тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы үшiн нақты төлем және осы мақсатқа барынша мүмкiн шығын деңгейi арасындағы айырмашылық ретiнде есептеледi.
      25-1. Отбасының табысы өмiр сүру минимумынан төмен 18 шаршы метрден кем ауданда тұратын, осы ауданда тұратын саны мен нақты шығындарына тәуелсiз жылу беру мерзiмiне айына 50% есептiк көрсеткiш мөлшерiмен тұрғын -үй жәрдемақысы тағайындалуы жүргiзiлетiн тұрғын -үй көмегі құқықтары бар тұлғалар.<*>
      Ескерту. 25-1 тармағымен толықтырылды - Павлодар қалалық мәслихатының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 72/8 шешімінен.
      25-2. Отбасының жиынтық табысы жоқ болған жағдайда тұрғын-үй көмегі есебiн 3 айлық есептiк көрсеткiштен бастап жүргiзсiн.
      Ескерту. 25-2 тармағымен толықтырылды - Павлодар қалалық мәслихатының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 72/8 шешімінен.
      26. Тұрғын үй көмегі мөлшерi тұрғын үйге және коммуналдық қызметке нақты есептелген төлемнен аспауы керек.
      27. Айына ең төменгi жәрдемақы мөлшерi, егер жәрдемақының есептiк сомасы айлық есептiк көрсеткiштiң 20-дан 0,5 мөлшерiн құраған жағдайда, зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн заңнамада белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 0,5 мөлшерiнен кем болмауы керек.
      28. Тұрғын үй жәрдемақысы ақшаның қолма-қолсыз нысанында берiледi. Басқарма төлемдi қалалық бюджет қаражатынан өтiнiш берушiнiң жазбаша өтiнiште көрсетiлген қызмет берушi мекеменiң (қызмет беретiн мекемелердiң) шотына осы соманы аудару арқылы жүргiзедi.
      29. Өтiнiш берушiнiң отбасының жиынтық табысы қолданылып жүрген қазақстан Республикасының заңнамаларына және осы қағида талаптарына сәйкес анықталады.
      30. Тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтынудың есептiк-нормативтiк шығынын анықтау табиғи монополияларды реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органның деректерi негiзiнде жүргiзiледi.

4. Есеп жүргiзу және есеп беру

      31. Тұрғын үй көмегі көрсетуге арналған қаражатты жұмсауға есеп жүргiзу және есеп берудi Басқарма жүзеге асырады.
      32. Тұрғын үй көмегі беруге негiз болған құжаттар заңнамамен белгiленген мерзiмде Басқармада сақталады.

II сайланған Павлодар қалалық мәслихатының
2003 жылғы 4 шiлдедегi ХХХII сессиясының
"Павлодар қаласы бюджетiнен аз қамтамасыз
етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау және
коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы
бойынша тұрғын үй көмегі көрсету
жөнiндегi қағиданы" бекiту туралы N 62/32
шешiмiне N 1 қосымша        

Өтiнiш берушiнiң отбасы мүшелерiнiң
табысы туралы мәлiметтер

_____________________________            ____________________

(тұрғын үйдiң иесi өтiнiш                 (мекенжайы, телефон)
берушiнiң аты-жөнi, тегi)

р/с  

Отбасы мүшелерiнiң аты-
жөнi,тегi

Жұмыс,оқу орны
(құжаттар
мен дәлелденген қосымшалары)

Құжаттармен дәлелденген  табысы

Басқа табыстар туралы мәлiметтер

еңбекқызметi
туралы

зейнетақы, жәрдемақы
стипендия

Кәсiпкер
лiк қызметiнен табысы

Алатын али
ментi туралы

Жеке қосалқы шаруашылығынан
табыс

Мүлiктiк табысы

Өзге де табыс түрлерi





































































































Күнi _________            Өтiнiш берушiнiң қолы ____________________

                                          (өтiнiш берушiнiң
                                         толық аты-жөнi, тегi қолы)

II сайланған Павлодар қалалық мәслихатының
2003 жылғы 4 шiлдедегi ХХХII сессиясының
"Павлодар қаласы бюджетiнен аз қамтамасыз
етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау және
коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы
бойынша тұрғын үй көмегі көрсету
жөнiндегi қағиданы" бекiту туралы N 62/32
шешiмiне N 2 қосымша        

Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер

________________________________     _____________________________

(тұрғын үйдiң иесi өтiнiш            (мекенжайы, телефон)
берушiнiң аты-жөнi, тегi)

N№

Өтiнiш берушiнiң және оның отбасы мүшелерiнiң аты-жөнi, тегi

Өтiнiш берушiге
туыстық қатынастары

Туған жылы





















Өтiнiш берушiнiң қолы _____________ Күнi ______________________

                                    Қолы ______________________

___________________________________ Күнi ______________________
(Өтiнiштi қабылдаған адамның лауазымы,
А.Ж.Т.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады