II сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі ХХVII сессиясының "Тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Тәртібін бекіту жөнінде" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 15 мамырдағы III сайланған XXIII сессиясының N 249 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2006 жылғы 19 маусымда N 704 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 388 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХXІV сессиясының 2010.12.13 N 388 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  заңына cәйкес III сайланған Алматы қаласы мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ:
 

      1. II сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі ХХVII сессиясының "Алматы қаласында тұрғын үй көмегінің көлемі мен көрсету тәртібі туралы Тәртібін бекіту жөнінде", (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2003 жылы 6 қазанда N 557 тіркелген, 2003 жылғы 11 қазанда "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген: III сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 шілдедегі VIII сессиясының  N 69 шешімімен, 2004 жылғы 5 тамызда N 612 тіркелген, 2004 жылғы 12 тамызда "Алматы ақшамы", 2004 жылғы 26 тамызда "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған; III сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2005 жылғы 28 қаңтардағы кезектен тыс ХII сессиясының  N 111 шешімімен, 2005 жылғы 1 ақпанда N 641 тіркелген, 2005 жылғы 3 ақпанда "Алматы ақшамы", 2005 жылғы 5 ақпанда "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған; III сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2005 жылғы 27 сәуірдегі ХV сессиясының
N 145 шешімімен, 2005 жылғы 13 мамырдағы N 656 тіркелген, 2005 жылғы 24 мамырда "Алматы ақшамы", 2005 жылғы 9 маусымда "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған; III сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2005 жылғы 29 шілдедегі ХVII сессиясының  N 172 шешімімен, 2005 жылғы 10 қыркүйекте N 668 тіркелген, 2005 жылғы 20 қыркүйекте "Алматы ақшамы", 2005 жылғы 27 қыркүйекте "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      шешімнің 3 тармағында "Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бижанов А.Х." деген сөздер "Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Бүкенов Қ.А." деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешіммен бекітілген Алматы қаласында тұрғын үй көмегінің көлемі мен көрсету тәртібі туралы Тәртіпке:

      12 тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларының өтініштері негізінде тұрғын үй көмегі тұрақты төленеді";

      16 тармақтың 2-ші абзацында "негізге алып, есептелінеді" деген сөздерден кейін "және 1990 теңгені құрайды." деген сөздермен толықтырылсын;

      жалпы мәтін бойынша "аудандық орталықтарда", "аудандық орталыққа", "аудандық орталық", "аудандық орталықтың", деген сөздер "аудандық басқармаларда", "аудандық басқармаға", "аудандық басқарма", "аудандық басқарманың" сөздерімен алмастырылсын.

      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссияға (Е.Б. Тәжиев), Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары К.А. Бүкеновке жүктелсін.

      III сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының XXII сессиясының
      төрағасы

      III сайланған Алматы
      қаласы мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады