Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы "Алматы қаласының коммуналдық меншік (мүлік) нысандарын мүліктік жалға беру (жалдау) Ережелерін бекіту туралы" N 5/823 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 3/807 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2006 жылғы 6 шілдеде N 706 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі N 2/296 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012.04.11 N 2/296 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабына сәйкес және коммуналдық меншікті тиімді басқару және иелік ету мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 5/823 "Алматы қаласының коммуналдық меншік (мүлік) нысандарын мүлікті жалға беру (жалдау) Ережелерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 24 қаңтарда N 693 тіркелген, "Вечерний Алматы" газетінде - 2006 жылғы 14 ақпанда N 29-30, "Алматы ақшамы" газетінде - 2006 жылғы 14 ақпанда N 17 жарияланған; Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 2/561 "Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 5/823 "Алматы қаласының коммуналдық меншік (мүлік) нысандарын мүліктік жалға беру (жалдау) Ережелерін бекіту туралы" қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 18 мамырда N 702 тіркелген, "Вечерний Алматы" газетінде - 2006 жылғы 25 мамырда N 97-99, "Алматы ақшамы"» газетінде - 2006 жылғы 25 мамырда N 60 жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.      
       Аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық меншік (мүлік) нысандарын мүліктік жалға беру (жалдау) Ережелерінде 60 тармақтың 2 тармақшасында:
      реттік нөмірі 3-ші жол мынадай редакцияда мазмұндалсын:

3

Сауда (дәріханалар, баспа басылымдары, халық тұтынатын тауарлар, тұтыну өнімдері)

5

      реттік нөмірі 10, 12-ші жолдардағы "0,3" сандары, "0,1" сандарымен ауыстырылсын;      
       реттік нөмірі 13-ші жолдағы "дәріханалар" сөзі алып тасталсын;
       кестеден кейін келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:      
      "Білім беру мекемелеріндегі жайларға мүліктік жалға (жалдау) берілген жалгерлік ақы есеп айырысуы оқу жылына жүргізіледі (тиісті жылдың 01 қыркүйегінен бастап 01 маусымға дейін)";      
       4 тармақша мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "4. Нысанның жайлылығын ескеретін коэффицент:
      1) Жайлылығы (барлық коммуналдық қолайлықтар бар болған кезде) - 1,0;
      2) Жертөле жайлары және күрделі жөндеуді қажет ететін жайлар үшін - 0,7;
      3) Орталық жылусыз немесе суық не ыстық сумен жабдықталынбайтын, канализациясыз ғимаратта орналасқан жайлар - 0,9".
       2. Осы қаулы ресми жарияланған бірінші күннен бастап қолданысқа енгізіледі.      
       3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары А.Қ. Бүкеновке жүктелсін.

      Алматы қаласының Әкімі      И. Тасмағамбетов

      Әкімдік хатшысы             К. Тажиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады