Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі "Эротикалық сипаттағы материалдарды басатын мерзімді баспа басылымдарын бөлшектеп сату Ережесін бекіту туралы" N 2/199 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 04 қыркүйектегі N 6/1068 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2006 жылғы 26 қыркүйекте N 712 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі N 2/368 қаулысымен

      Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 18.04.2013 N 2/368 қаулысымен.

      Алматы қаласы Әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі "Эротикалық сипаттағы материалдарды басатын мерзімді баспа басылымдарын бөлшектеп сату Ережесін бекіту туралы"  N 2/199 қаулысына (Әділет департаментінде 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 649 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген, 2005 жылы 14 мамырда N 99 (10166) "Вечерний Алматы" газетінде, 2005 жылы 26 сәуірде N 47 (3437) "Алматы ақшамы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының 2-ші қосымшасында:
      эротикалық сипаттағы материалдарды басатын мерзімді баспа басылымдарының нарықтық мониторингін жүргізу және Эротикалық сипаттағы материалдарды басатын мерзімді баспа басылымдарын бөлшектеп сату Ережесін бақылау жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін: 

1.

Серік Тұрарұлы
Сейдуманов 

Алматы қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы 

2.

Аида Ғалымқызы
Балаева 

Алматы қаласы ішкі саясат департаментінің директоры, комиссия төрағасының орынбасары 

3.

Динара Асылханқызы Қожабекова

Алматы қаласы ішкі саясат департаментінің бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі және ақпараттық саясат бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы

4.

Ербол Әлімқұлұлы
Шорманов 

Алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры

      Аталған құрамнан Ғалым Қабдұлұлы Боқаш, Жанболат Ахатұлы Мырзалин, Қайыммұнар Тұрдақынұлы Тәбеев, Мәлік Айсағалиұлы Мұхамбетов шығарылсын.
 

      2. Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 2 тамыздағы "Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі "Эротикалық сипаттағы материалдарды басатын мерзімді басылымдарын бөлшектеп сауда арқылы сату Ережесін бекіту туралы" N 2/199 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 5/987 қаулысының күші жойылсын.
 

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Т.Сейдумановқа жүктелсін.
 

      4. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап күшіне енеді.

       Алматы қаласының Әкімі

      Әкімдік хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады