Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)
"Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 74 Заңының 19-бабының 3-тармағына сәйкес және«"Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуiр-маусымында және әскери қызмет туралы"»Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 74 Заңының 19-бабының 3-тармағына сәйкес және Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылдың 18 сәуiрдегi N 96 Жарлығы негiзiнде облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыру күнiне дейiн 18 жасқа толған, мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейiнге қалдыруға құқы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейiнге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар 2006 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзiмдi әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Петропавл қаласы мен аудандар әкiмшiлiктерiне:
қорғаныс iстерi жөнiндегi аудандар (қаланың) бөлiмдерi (басқармасы) арқылы аудан (қала) аумағындағы жедел әскери қызметке шақыруды жүргiзудi ұйымдастырсын және қамтамасыз етсiн;
аудандық, (қалалық) шақыру комиссиясының құрамын бекiтсiн, мыналармен қамтамасыз етсiн:
аудандық, (қалалық) шақыру комиссиясының жұмысы үшiн қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмдер (басқарма) үй-жаймен;
шақыру комиссиясынан өту және әскерге аттандыру үшiн азаматтардың қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмдерге (басқарма) ұйымдасқан түрде келулерi, осы мақсаттар үшiн құлақтандыру және әскерге шақырылғандарды iздестiру топтарын бөлудi;
автомобиль көлiгiмен және қажеттi санда техникалық қызметкерлер бөлудi;
көрсетiлген iс-шараларды орындауға байланысты шығындарды осы мақсаттарға бөлiнген қаржыландыру шегiнде жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландыруды.
4. Денсаулық сақтау департаментi:
Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктiндегi медициналық комиссияның жұмысын қаматамасыз етсiн;
шақырушыларды медициналық куәлендiру жөнiндегi комиссия дәрiгер-мамандармен, әсiресе тар саладағы мамандармен жинақтасын;
шақырту комиссиясымен жiберiлген азаматтарды медициналық зерттеу үшiн емдеу-профилактикалық мекемелерде орындар көздесiн.
5. Ішкi iстер департаментi мыналарды қамтамасыз етсiн:
iшкi iстер департаментi, Петропавл қалалық басқармасы және аудандық iшкi iстер бөлiмi басшыларының құрамынан лауазымды тұлғаларды облыстық, аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының құрамына енгiзудi;
азаматтарды шақыру кезеңiнде қорғаныс iстерi жөнiндегi аудандық (қалалық) бөлiмдермен (басқармамен) байланысты әрекеттер ұйымдастыруды;
әскерге шақырушыларды әскери бөлiмдерге аттандыру және жiберу уақытында қоғамдық тәртiптiк күзетудi;
азаматтардың шақыру пункттерiне келуiне бақылау жүргiзудi, шақырудан жасырынып қалуға жол бермеудi.
6. Петропавл қаласының әкiмi облыстық жинақтау пунктiнде шақырылушыларға азық-түлiк және өнеркәсiптiк тауарларды сатуды ұйымдастырсын.
7. Мәдениет департаментi шақыру пункттерiнде көркемөнерпаздар ұжымының өнерiн және әскери-патриоттық тақырыптарға кинофильмдер көрсетудi ұйымдастырсын.
8. Дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық жинау пунктiнде спорттық-бұқаралық iс-шаралар, шақырылушылардың жалпы даярлығына тексеру ұйымдастырсын.
9. Қаулы бiрiншi ресми жарияланғаннан күннен бастап iс-әрекетке енгiзiледi.
10. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.В.Развинге жүктелсiн.
Облыс әкiмi
Облыс әкiмшiлiгiнiң
2006 жылдың 25 cәуірдегі
N 83а қаулысына қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ:
Амангелдиев Талғат Бекмұратұлы |
комиссия төрағасы, Қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментiнiң бастығы |
Пелихов Владимир Федорович |
комиссия төрағасының орынбасары, мобилизациялық дайындық және төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары |
Комиссия мүшелерi: | |
---|---|
Сұлтанов Талғат Дүйсенұлы |
облыстық Ішкi iстер департаментi бастығының орынбасары |
Имбаева Фирая Гумаровна |
1 аурухананың дәрiгер-терапевтi, медициналық комиссияның төрайымы |
Кривошеева Зоя Ивановна |
комиссия хатшысы, облыстық аурухананың медбибiсi |