Солтүстік Қазақстан облысы су объектілеріндегі жалпы су пайдаланудың Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 3 шілдедегі N 24/16 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 7 шілдегі N 1626 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 19 тамыздағы N 37/4 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.08.19 N 37/4 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 шiлдедегi N 481 Су Кодексiнiң 38-бап 1 тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 бап 1 тармақ 8 тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Солтүстiк Қазақстан облысы су объектiлерiндегi жалпы су пайдаланудың қоса берiлген Ережелерi бекiтiлсiн.
      2. Осы шешiм әдiлет органдарында тiркелген сәттен бастап күшiне енедi.  
 
             Облыстық мәслихаттың                               Облыстық
      ХХIV  сессиясының төрағасы                      мәслихаттың хатшысы

       Үшiншi шақырылған облыстық мәслихаттың
             ХХІҮ сессиясының 2006 жылғы 3 шiлдедегi
       № 24/16 шешiмiмен бекiтiлдi

  Солтүстiк Қазақстан облысы су объектiлерiндегi жалпы су пайдаланудың
ЕРЕЖЕЛЕРІ

       Осы жалпы су пайдаланудың Ережелерi (әрi қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң 2006 жылғы 9 ақпандағы № 18  бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында жалпы су пайдаланудың Типтiк ережелерiне сәйкес әзiрлендi, меншiк нысанына және азаматтығына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғаларға атқару үшiн мiндеттi Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында орналасқан су объектiлерiнiң жалпы су пайдаланудың тәртiбiн регламенттейдi.

       1. Жалпы ережелер

      1. Жалпы су пайдалануға жататын су объектiлерi:
      1) техникалық құралдарды қолданбай жер үстi су көздерiнен су алу кезiнде;
      2) жалпы демалу, туризм және спорттық нысандарды қайта қалпына келтiру мақсаттарында;
      3) кiшi және желкендi судаларда жүзу үшiн;
      4) малды суару үшiн.
      2. Жалпы су пайдалану, жалпы су пайдаланудың объектiлерiнде, сонымен қатар, жалпы су пайдаланудың объектiлерiне жатпайтын су объектiлерiнде жүргiзiлуi мүмкiн және рұқсаттың болуын талап етпейдi.
      3. Азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында, санитарлы-эпидемиологиялық және ветеринариялық қадағалау саласындағы өкiлеттi органдардың келiсiмiмен жергiлiктi атқарушы органдар шомылуға, ауыз су және тұрмыстық қажеттiктерге су алу үшiн, малды суаруға тыйым салынған орындарды белгiлейдi.
      4. Азаматтардың судағы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету су объектiлерi иегерлерiнiң жауапкершiлiгi мен мiндеттерi, суды пайдаланушылар және ұйымдар (меншiк нысанына  қарамастан) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларымен айқындалады.

       2. Ерекше жағдайлардағы жалпы су пайдалану

      5. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, елдiң қорғанысын және мемлекеттiң қауiпсiздiгiн, тұрғылықты халықтың денсаулығын, қоршаған табиғи ортаны және тарихи-мәдени мұраны, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсаттарында жекелеген су объектiлерiн немесе олардың бөлiктерiн пайдалануға шектеулер, тоқтата тұрулар немесе тыйым салулар енгiзiлуi мүмкiн.
      6. Жеке немесе бiрлесiп пайдалануға берiлген су айдындарында осы ережелермен бекiтiлген жалпы су пайдаланудың талаптары есепке алынады.

      7. Жалпы су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшiн жеке немесе бiрлесiп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, облыстың жергiлiктi өкiлдi органдарына мәлiмдеме тапсырады, онда оларды қабылдаудың қажеттiгi негiзделедi.
      8. Қауiпсiз жүзудi сақтау мақсатында  желкендi және айдарлы кемелердiң қозғалыстарын шектеу,  Көлiк және қатынас министрiнiң 1999 жылғы 30 қарашадағы 849 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы  iшкi су жолдарымен жүзу  Ережелерiмен реттеледi.
      9. Жалпы су пайдалануға тыйым салу немесе оны шектеу жөнiндегi ақпараттық белгiлердi орнату жөнiндегi шығындар, осы су объектiлерi оларға жеке немесе бiрлесiп су пайдалануға берiлген су пайдаланушылардың есебiнен жүргiзiледi.
      10. Бекiтiлмеген су объектiлерiнде Ереженi бұзғаны үшiн айыппұл мөлшерi туралы ескертулерi бар тыйым салатын белгiлер мен плакаттарды орнату жергiлiктi  атқарушы органдармен қамтамасыз етiледi.

      11. Су объектiлерiн жалпы су пайдалану тәртiбiнде, мал суару үшiн пайдалану, ауыз сумен жабдықтаудың су көздерiн санитарлық қорғау аумақтарынан тыс жерлерде және су объектiлерiн ластанудан қорғайтын құрылғылар болса ғана рұқсат етiледi. Басқа жағдайларда жергiлiктi атқарушы органдар суару алаңшаларын жайластыру жөнiндегi шараларды жүргiзедi.

      12. Суда жүзетiн жабайы құстар мен терiсi бағалы аңдардың, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекен-жайы болып табылатын су объектiлерiнде, жалпы су пайдалану, суды кешендi пайдаланудың талаптарын ескере отырып, аң және балық шаруашылығы ұйымдары мен кәсiпорындары келiсiм берген жағдайда мүмкiн болады.
      13. Суда шомылуға және басқа жағдайларда жалпы су пайдалануға тұрғындар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, арнайы ақпараттық белгiлермен немесе басқа әдiстермен жария етiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады