Облыстық жедел штаб құру және жоғары патогенді құс тұмауын болдырмау және онымен күресу бойынша іс-шараларды бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 556 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 27 наурызда N 2417 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 91 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.06.08 N 91 қаулысымен.

      Республиканың іргелес мемлекеттер аумақтарындағы көршілес облыстарында жоғары патогенді құс тұмауының таралуы бойынша қолайсыз жағдайдың пайда болуына байланысты, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, (2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13-III өзгерiстер мен толықтырулар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi N 339-II Заңына , "Құстардың зардапты тұмауын алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережелерін бекіту туралы" Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы N 45 бұйрығына сәйкес және облыс аумағына осы аурудың енуіне жол бермеу, сонымен қатар ауру пайда болған жағдайда оны жою және оқшаулау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жоғары патогенді құс тұмауының тұтануын болдырмау бойынша жедел және тиімді жұмыс жүргізу үшін облыстық жедел штаб құрылсын (1 қосымша).
      2. Жоғары патогенді құс тұмауын болдырмау және онымен күресу бойынша іс-шаралар бекітілсін (2 қосымша).
      3 . Жоғары патогенді құс тұмауының тұтануы пайда болған жағдайда төтенше жағдайлар бойынша облыстық уәкiлеттiк орган "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының резервтерін пайдалану ережелеріне" сәйкес шаралар қолдансын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелерi бойынша жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы қаулы мемлекеттiк тiркеуден өткен уақыттан бастап күшiне енедi.

      Облыс әкімі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2006 жылғы 15 наурыздағы     
556 қаулысына 1 қосымша     

Жоғары патогенді құс тұмауын болдырмау және онымен
күресу бойынша облыстық жедел штабының құрамы

1.

Белихин Иван Васильевич

облыс әкімінің орынбасары, төраға

2.

Кажибаев Амангельды Кажибаевич

жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаментінің директоры

3.

Исабаев Кажыбек Кашарбекович

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдай бойынша басқармасының бастығы (келісім бойынша)

4.

Якупов Валерий Саримович

Шығыс Қазақстан облысының  мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры

5.

Андагулов Кыдырбек Баянбаевич

ШҚО денсаулық сақтау департаментінің директоры

6.

Акрамов Марат Акрамович

ШҚО ауыл шаруашылығы департаментінің директоры

7.

Кундызбаев Жанымхан Каюевич

ҚР АШМ Шығыс Қазақстан облыстық  аумақтық  басқармасының бастығы (келісім бойынша)

8.

Байжасаров Булат Зейнуллатович

ішкі істер департаментінің бастығы (келісім бойынша)

9.

Абдрахманов Ерикжан Мырзамуханович

Шығыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы (келісім бойынша)

10.

Колесников Виктор Романович

табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің директоры

11.

Калмыков Амангельды Гайниевич

Шығыс Қазақстан облыстық  орман және аңшылық шаруашылығы басқармасының бастығы (келісім бойынша)

      Аппарат басшысы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2006 жылғы 15 наурыздағы     
N 556 қаулысына 2 қосымша    

Шығыс Қазақстан облысында патогенді құс тұмауын
болдырмау және онымен күресу бойынша іс-шаралар

N№

Іс-шаралардың атауы

Орындалу мерзімі

Ұйымдастыру мен орындауға жауаптылар

І. Ұйымдастыру іс-шаралары

1

Қажетті жұмыстарды  үйлестіру және патогенді құс тұмауын болдырмау және онымен күресу іс-шараларына бақылау жасау үшін облыстық жедел штаб құру

2006 жылғы 20 наурызға дейін

облыс әкімдігі

2

Облыстың барлық аудандарында және қалаларында патогенді құс тұмауына қарсы іс-шаралар әзірлеу. Оларды іске асыру және бақылау жасау бойынша аудандық  штабтар ұйымдастыру

2006 жылғы  20 наурызға дейін

қалалар мен аудандар әкімдері

3

Аса қауіпті жұқпалы ауруларды жою бойынша мемлекеттік қазыналық коммуналдық мекемелер (МҚКК) құру бойынша ұсыныстар енгізу

2006 жылғы  20 наурызға дейін

қалалар мен аудандар әкімдері

ІІ. Алдын алу іс-шаралары

4

Су қоймаларына және жабайы құстардың мекендеріне тұрақты бақылау жүргізуді  ұйымдастыру

тұрақты

ауылдық округтердің  әкімдері, ауылдық округтердің мемветинспекторлары, ҚР АШМ аудандық және облыстық аумақтық  басқармалары (келісім бойынша), облыстық орман және аңшылық  шаруашылығы басқармасы

5

Құстарды бөлек арнайы үй-жайларда ұстауды ұйымдастыру және бақылау жасауды жүзеге асыру.  Үй құстарының суды мекендейтін жабайы құстармен байланыста болуына жол бермеу мақсатында құстарды табиғи су қоймаларына жіберуге тыйым салу

қауіп-қатер болған жағдайда

аудандар, ауылдық округтер әкімдері, меншік түріне қарамастан құс иелері,  ауылдың  округтердің ветеринарлық инспекторлары

6

Үй құстарын ұстауға бақылау жасау мақсатында облыстың елді мекендеріндегі әр үйді бірлесіп аралап шығуды өткізу

тұрақты

ауылдық округтердің әкімдері, ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармаларының   мемветинспекторлары (келісім бойынша),  ҚІІБ (келісім бойынша), ауылдық  округтердің  ветеринарлық  инспекторлары

7

Құс шаруашылығы кәсіпорындарында және жеке меншік үйлердің  аулаларындағы құс бастарына жүйелері ветеринарлық-санитарлық тексеру жүргізу

тұрақты

ауылдық округтердің әкімдері, ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармаларының   мемветинспекторлары (келісім бойынша),  ҚІІБ (келісім бойынша), ауылдық  округтердің  ветеринарлық  инспекторлары

8

Құс шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың аумағында және аң аулайтын жерлерде қаңғыма иттерді, мысықтарды және синантроптық құстарды ату, аулау, улы химикаттарды қолдану әдісімен өлекселерді жоюды жүргізу. Жабайы және жыл құстарын үркіту бойынша іс-шараларды жүйелі өткізу

тұрақты

ауылдық округтердің әкімдері, ауылдық округтердің  ветеринарлық  инспекторлары, облыстық аумақтық орман және аңшылық  шаруашылығы басқармасы

9

Құс тұмауының негізгі жұқтырушысы ретіндегі жабайы суды мекендейтін құстарды аулауға облыстың аң аулайтын жерлерінде тыйым салуды  қамтамасыз ету

тұрақты

облыстық аумақтық орман және аңшылық  шаруашылығы басқармасы

10

Жоғары патогенді құс тұмауын және басқа да аса қауіпті ауруларды болдырмау және олармен күресу шаралары туралы  тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру. Әрбір елді мекендерде құс тұмауын насихаттайтын және онымен күресетін, әсіресе үй құстарымен суды мекендейтін жабайы құстардың қатынасына жол бермеу үшін белсенділер тобын құру

тұрақты

қалалар мен аудандар, ауылдық округтер әкімдері, ҚР АШМ облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша)

11

Мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, колледждерде балалар арасында патогенді құс тұмауын болдырмау бойынша түсінік жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру

тұрақты

қалалар мен аудандар, ауылдық округтер әкімдері, облыстық  білім департаменті

ІІІ. Патогенді құс тұмауын тапқан кездегі мамандандырылған іс-шаралар

12

Карантин енгізу, тез арада қолма-қол патологиялық материал алу және оны тиісті ветеринарлық зертханаларға жіберу бойынша шұғыл шаралар қабылдау

үй құстары мен жабайы құстарда ауру белгілері шыққан жағдайда

қалалар мен аудандар әкімдері, ауылдық мемветинспекторлар, ҚР АШМ аумақтық басқармасы (келісім бойынша), МҚКК

13

Үй құстарын, етке сойылған өнімдерді тексеру және сыртқа шығару деректерін болдырмау үшін елді мекендерден шығу (кіру) жолдарына блок-посттар қою

үй құстары мен жабайы құстарда ауру белгілері шыққан жағдайда

қалалар мен аудандар әкімдері,
ҚР АШМ облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), АШМ аудандық аумақтық басқармалары (келісім  бойынша), ІІД (келісім бойынша), ҚІІБ (келісім бойынша), МҚКК (келісім бойынша)

14

Адамдарды және малдарды карантиндік аймақта орналасқан су қоймаларына жіберуге тыйым салу

ауруға күдік болған жағдайда және құстардың жаппай өлімі

ауылдық округтер әкімдері, ауылдық  округтердің  ветеринарлық инспекторлары, ҚІІБ (келісім бойынша) 

15

Таза емес пункттер және қауіпті аймақта патогендік құс тұмауының диагнозы зертханалық расталған жағдайда аурудың өршуін анықтау үшін эпизоотиялық талдау және барлық іс-шаралар кешенін жүргізу

расталған жағдайда

қалалар мен аудандар әкімдері, ҚР АШМ аудандық, қалалық аумақтық басқармалары (келісім бойынша), МҚКК

16

Меншік түріне  қарамастан облыстың барлық құс шаруашылықтарының жұмыстарын жабық режимге көшіру, шаруашылық  субъектілерінің аумағына бөтен кісілерге кіруге тыйым салу

күдік болған жағдайда карантинді алғанға дейін

ауылдық округтердің әкімдері, аудандық, қалалық, ауылдық округтердің  ветеринарлық инспекторлары (келісім бойынша), құс шаруашылықтарының  басшылары

17

Құс қораның аумақтарындағы үй-жайларда дезинфекциялық, дератизациялық, дезинсекциялық іс-шаралар  жүргізу

тұрақты

меншік түріне қарамастан құс иелері

18

Құс шаруашылығы иелеріне құс фабрикалары аумағына  кіре берісіне   дезкілемшелер орнатуды ұсыну

тұрақты

қалалар мен аудандар әкімдері,
ҚР АШМ аудандық, қалалық аумақтық басқармалары (келісім бойынша), МҚКК

19

Құс қоралардың аумағында жабайы құстардың болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау. Қажетіне қарай оларды ату.

тұрақты

меншік түріне қарамастан құс иелері, ауылдық округтердің әкімдері, а/о ветеринарлық инспекторлары

20

Құс қоралардың қызмет атқарушыларын құс тұмауы кезінде ескертілген арнаулы жұмыс киімімен және қорғану құралдармен, сонымен бірге жабайы фаунаның мониторингін өткізу мақсатында су қоймаларын және облыс аумақтарын аралауды өткізу үшін ЖЖМ-мен қамтамасыз ету

тұрақты

меншік түріне қарамастан құс иелері, облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы (келісім бойынша)

21

Таза емес пункттерден құстардың азықтарын, өнімдерін
әкелу мен әкетуге тыйым салу

тұрақты

аудандар мен қалалар, ауылдық округтер әкімдері,
қаланың аудандық,
қалалық және ауылдық округтердің  ветеринарлық инспекторлары (келісім бойынша)

22

Құсты сою, қайта өңдеу, жұмыртқаларды іріктеу және сату кезінде ветеринарлық санитарлық талаптардың сақталуына қатаң бақылау жасауды белгілеу

тұрақты

аудандар мен қалалар, ауылдық округтер әкімдері, аудандық, қалалық, ауылдық округтердің  ветеринарлық инспекторлары (келісім бойынша), құс шаруашылықтарының
басшылары

23

Құстардың кенеттен  өліп, олардың  мінез-құлқы өзгерген жағдайда тез арада аудандардың, қалалардың  ветеринарлық  қызметіне хабарлау

тұрақты

меншік түріне қарамастан құс иелері

24

Жоғары патогенді құс тұмауына күдікті аурулар пайда болған жағдайда медициналық ұйымдардың тұрғындарға көмек көрсету дайындықтарына бақылау жасауды белгілеу

тұрақты

қалалар мен аудандар әкімдері, ШҚО МСЭҚД

25

Ауру құспен байланыста болған және құс өлекселерін тапқан жағдайда жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау

тұрақты

меншік түріне қарамастан құс иелері

26

Ауру құстардың өлекселерін өртеу арқылы жою. Жылжымалы пештердің орналасу және күлді жою орындарын анықтау

ауру құстар өлген жағдайда

аудандар мен қалалар, ауылдық округтер әкімдері, ауылдық округтердің  ветеринарлық инспекторлары (келісім бойынша), МҚКК (келісім бойынша)

      Ауыл шаруашылығы
      департаментінің директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады