Шығыс Қазақстан облысынының мемлекеттік коммуналдық меншік мүлкін пайдаланғаны үшін төленетін жалдық ақының базалық ставкаларын, қолданылатын коэффициенттер мөлшерлері мен есеп айырысу ставкаларын анықтау тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 22 тамыздағы N 730 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 31 тамызда N 2430 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО әкімдігінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 237 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімдігінің 2009.10.29 № 237 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 шілдедегі N№1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасының   1.5.4-тармағына , "Мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi мемлекеттiк заңды тұлғаларға беру (бекiту), өтеусiз пайдалану, сенiмдi басқару, жалға беру мәселелерiн реттейтiн құқықтық актiлер туралы" Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі N 445 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк коммуналдық меншiк объектiлерiн (мүлiктерiн) мүлiктiк жалдауға (жалға) беру ережесінің  7-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.   Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік коммуналдық меншік мүлкін пайдаланғаны үшін жалдық ақының базалық ставкалары, қолданылатын коэффициенттер мөлшерлері мен есеп айырысу ставкаларын анықтау тәртібі бекітілсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысының қаржы департаменті (А.А. Курмангалиев) коммуналдық меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалдауға (жалға) беру барысында:
      1) осы қаулымен бекітілген базалық ставкаларға, қолданылатын коэффициенттер тәртібі мен мөлшерлеріне сәйкес жалгерлік төлемді анықтасын. 
      2) осы қаулының 1-тармағына сәйкес 2006 жылғы 1 қарашадан жалгерлік төлемді қайта есептесін және жалгерлермен мүлiктiк жалдаудың (жалға алудың) қолданыстағы барлық шарттары бойынша қосымша келісім жасасын. 
      3) әрбір келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап өткен жылдың қалыптасқан инфляция коэффициентін арттыру жолымен базалық ставкалар мөлшерлеріне түзету жүргізсін.

      3. Қалалар мен аудандар әкімдіктері, Шығыс Қазақстан облысының қаржы департаменті (А.А. Курмангалиев) және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары коммуналдық меншiк объектiлерiн, соның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүлiктiк жалдауға (жалға) беру барысында Ережелерді сақтауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. <*>
      Ескерту. 4-тармақ ШҚО әкімдігінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы  N 342   қаулысының редакцияда.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары  С.В. Плотниковқа жүктелсін.  <*>
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ШҚО әкімдігінің 2007 жылғы 24 мамырдағы  N 136   қаулысымен.

      Облыс әкімі   

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 
2006 жылғы 22 тамыздағы       
N 730 қаулысымен бекітілген    

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік коммуналдық
меншік мүлкін пайдаланғаны үшін жалдық ақының базалық
ставкаларын, қолданылатын коэффициенттер мөлшерлері
мен есеп айырысу ставкаларын анықтау тәртібі

       Ескерту. Кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - ШҚО әкімдігінің 2007 жылғы 24 мамырдағы  N 136   қаулысымен.

N
р/с

Пайдалау мақсаты

1 шаршы метрге базалық ставкалардың өлшемі, теңге

1

Мектепке дейінгі және мектептік білім беру

150

2

Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыруды жүзеге асыру

150

3

Мәдениет және спорт (спорттық жаттығу секциялары, балет-би топтары)

250

4

Баспа өнімдерін сату және кеңсе тауарларын

250

5

Қоғамдық тамақтандыру пункттерінің жұмыстарын ұйымдастыру (спирттік сусынсыз)

450

6

Тұрғындарға қызмет көрсету

450

7

Арнаулы орта және жоғары білім беру
Дайындық курстарын, біліктілікті жоғарылату курстарын өткізу

500

8

Қоймалар

600

9

Аспаздық, нан-тоқаш өнімдерін және азық-түліктерді сату

600

10

Өнеркәсіптік тауарларды сату

650

11

Медициналық қызмет көрсету

650

12

Қызметтің, өндірістің басқа түрлері

650

13

Жеке меншік пәтерлер кооперативтері, жеке меншік пәтерлер өндірістік кооперативтері

250

14

Көлік қызметтері

700

15

Баспа, байланыс, радио және телехабар органдары

800

16

Кеңселер

800

17

Дәріханалық бизнес

800

18

Валюта айырбастау пунктерінің жұмысын ұйымдастыру

1000

19

Банктер, биржалар

1000

20

Қонақүй бизнесі

1000

21

Спирттік сусындарды сату

1000

22

Казино, ойын үйлері, мейрамханалар, түнгі клубтар, барлар мен дәмханалар

1300

      Республикалық бюджеттен және әділет органдарында тіркелген мемлекеттiк емес коммерциялық емес білім, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері қаржыландырылатын заңды тұлғаларға мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беруде - 1 шаршы метрге 100 теңгеден;  <*>
       Ескерту. Бірінші азатжолында толықтыру енгізілді - ШҚО әкімдігінің 2007 жылғы 24 мамырдағы  N 136   қаулысымен.
      кейіннен өтеусіз меншікке беру құқығымен ("Жеке кәсіпкерлік туралы"»Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124-ІІІ  Заңына сәйкес) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне коммуналдық мүліктерді жалға беруде - 1 шаршы метрге 100 теңгеден;
      қоғамдық бірлестіктерге - 1 шаршы метрге 200 теңгеден;
      шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға - 1 шаршы метрге 300 теңгеден.
      Мына көшелер шегінде орналасқан объектілерді жалға беруде:
      Өскемен қаласы бойынша: Пролетар, Буров, Қызыл қырандар жағалауы, Абай даңғылы, Бажов, Металлургтер, Карбышев, Солнечная көшелері және жібек маталар комбинаты ауданы;
      Семей қаласы бойынша:   Полковников аралы, Сорокин көшесі, Алматыға баратын темір жол шегіндегі қалалық аумақ, Первомайская көшесі, Карменов көшесі және Дзержинец кентіне қоса Щорс көшесіне дейін: қаланың орталық бөлігі темір жол бойындағы литейлік зауыттан Районный көшесіне дейін, Жангелдин көшесі, Сеченов көшесі, Жамақаев көшесі, темір жолды бойлай Шығыс кентіне баратын бұрынғы аграрлық-өнеркәсіп трест өндірістік базасына дейін және Семей жолдары жоғарылатылған коэффициент қолданылады - 1,5.
        Облыстың өзге елді мекендері үшін жалдық төлем жоғарылату коэффицентін есептемесіндегі базалық ставкалардан саналады.
      Кент, ауылда орналасқан объектілерді жалға беруде төмендетілген коэффициент қолданылады - 0,7.
      Қолайлы жабдықталмаған (жылыту, ыстық және суық су жоқ болғанда), сондай-ақ жертөле және жартылай жертөле үй жайларын жалға беруде төмендетілген коэффициент қолданылады - 0,7.     
      Мүліктік кешендерге, көліктерге, жабдықтарға және басқа негізгі құралдарға (ауданнан басқа) жалдық ақы есебі бағалау құны болмаған жағдайда олардың бастапқы баланстық құнының 15% мөлшерінде жүргізіледі. 
      Базалық ставкаларды тараптар өткен жылдың инфляциясы коэффицентін арттыру жолымен жыл сайын қайта қарайды.

      Директордың міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады