Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Семей қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 ақпандағы № 175 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қалалық Әділет басқармасында 2006 жылғы 28 наурызында № 5-2-30 тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 965 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 27.11.2023 № 965 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабын, 29-бабының 6-тармағын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-II "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 11-бабының 1-тармағын орындау және Қазақстан Республикасының 2001 жылгы 23 қаңтардагы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармагы 14-тармақшасына сәйкес мүгедек балалары бар ата-аналарға оларды тәрбиелеу мен оқытуға көмек беру мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырган үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Қағидалары (бұдан әрі - Қагидалар) бекітілсін.

      2. 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап материалдық қамсыздандырудың мөлшері балалар интернат үйіндегі мүгедек балаларды ұстау бағасы айына 7581 теңге мөлшерінде белгіленсін.

      3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеуді бекітілген Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етсін.

      4. Әкімдіктің осы қаулысының атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Ж.Мүсәпірбековке жүктелсін.

      Семей қаласының әкімінің міндетін атқарушы Қ.Төлесбаев
     

      Келісілді:

      Әкімнің орынбасары

      Т.Мүсәпірбеков

      Аппарат басшысы

      Е.Майкенов

      Экономика және бюджеттік

      Жоспарлау бөлімінің меңгерушісі

      Н.Жүнісова

      Қаржы бөлімінің меңгерушісі

      Р.Көкімова

      "Қазпошта" АҚ ШҚ ОФ қалалық

      байланыс торабының

      бастығы

      М.Молдарахимов

  Қала әкімдігінің
2006 жылғы
"22" ақпандағы
№ 175 қаулысымен
бекітілген

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің

Қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабын, 29-бабының 6-тармағын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-II "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 11-бабының 1-тармағын орындау және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 "Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14-тармақшасына сәйкес әзірленді

      Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларга материалдық қамсыздандырудың тағайындалуы мүгедек баланың тұрғылықты жерінде ата-анасының біреуінің немесе оны алмастырушы (қорғаншы) тұлғаның өтініші бойынша уәкілетті органмен (қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен) жүргізіледі.

      Өтінішке "Семей қаласының ведомствоаралық психологиялық- медициналық-педагогикалық кеңесі" мемлекеттік мекемесі беретін, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттілігі туралы медициналық сараптама қоса беріледі.

      Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларга материалдық көмек осы көмекті тағайындау жөніндегі өтініш берілген айдан бастап және ведомствоаралық психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңесінің сараптамасымен белгіленген мерзімге тағайындалады.

      Материалдық көмекті тағайындау мен төлемнің тоқтатылуына немесе қайта жаңартылуына әкеліп соғатын жағдайлар туындаган кезде (бала өлімі, интернат-үйге жіберу, тұрғылықты жерді ауыстыру және т.б.) көмектің тағайындалуы және төлемі тиісті жағдайлар туындаған кезден кейінгі айдан бастап тоқтатылады немесе қайта жаңартылады.

      2. Тағайындау тәртібі

      Материалдық көмек алушылар, көмек алу құқығына әсерін тигізетін барлық өзгерістер жөнінде тиісті уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

      Болған өзгерістер туралы мәліметтер бермеген жағдайда, алынған сомалар заңнамада белгіленген тәртіпнен қайтарылады.

      Тиісті уәкілетті орган, түскен күннен бастап материалдық көмек тағайындау жөніндегі барлық қажетті құжаттармен бірге өтінішті, 10 күн мерзімінде қарайды.

      Тиісті уәкілетгі орган материалдық көмек тағайындалмайтын жағдайда, қабылданбаған себептері мен шағымдану тәртібі көрсетілгеи шешім шығарылған кейін, өтініш берушіге барлық құжаттарын қайтарып береді.

      Уәкілетті органның шешімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес шағымданылуы мүмкін.

      Материалдық көмек тағайындау жөніндегі өтініш, сондай-ақ мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі барлық қажетті құжаттармен бірге алушының жеке ісінде сақталады.

      Материалдық көмектің мөлшері балалар интернат үйіндегі мүгедек балаларды ұстау бағасы мөлшерінде белгіленеді.

      3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі

      Уәкілетті орган агымдағы айдың 20 жұлдызына дейін ведомость- тізімдердің негізінде қаржы бөліміне қажеттілік-өтінім ұсынады.

      Қаржыландыру уәкілетті органның бюджеттік есебіне түскеннен кейін, өтінімдерге сәйкес Агенттік келісімі негізінде, "Қазпошта" АҚ ІДҚ филиалы қалалық байланыс торабына ақшалай қаражаттарды аудару жүзеге асырылады.

      "Қазпошта" АҚ ШҚ филиалы қалалық және аудандық байланыс тораптары, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған, бірінші басшы қол қойған, ведомость-тізімдердің негізінде төлем жүргізеді.

      Материалдық көмектің төлемі өткен айға жүргізіледі.

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік

      Бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі

      В.Кудрин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады