Аудандық жедел штаб құру және жоғары патогенді құс тұмауын болдырмау және онымен күресу бойынша іс- шаралар бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 1695 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха аудандық Әділет басқармасында 2006 жылғы 2 мамырда № 5-8-21 тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 122 қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 22.04.2024 № 122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 - ші бабының 1 тармағының 18 тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" № 339 Заңының 10 бабының 2 тармағының, "Жоғары патогенді құс тұмауын болдырмау және оны жою бойынша іс-шараларды жүзеге асырудың ветеринарлық ережелерін бекіту туралы" Ауылшаруашылығы министрлігінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 45 бұйрығының негізінде, Республиканың іргелес мемлекеттер аумақтарындағы көршілес облыстарында, аудандарында жоғары патогенді құс тұмауының таралуы бойынша қолайсыз жағдайдың пайда болуына байланысты, аудан аумағына осы аурудың енуіне жол бермеу, сонымен қатар ауру пайда болған жағдайда оны жою және оқшалау мақсатында, Бородулиха ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жоғары патогенді құс тұмауының тұтануын болдырмау бойынша жедел және тиімді жұмыс жүргізу үшін аудандық жедел штаб құрылсын (1 қосымша).

      2. Жоғары патогенді құс тұмауын болдырмау және онымен күресу бойынша іс - шаралар бекітілсін (2 қосымша).

      3. Жоғары патогенді құс тұмауының тұтануы болған жағдайда төтенше жағдайлар бойынша аудандық үәкілетті орган "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережелеріне" сәйкес шаралар қолдансын.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің ауылшаруашылығы мәселелері бойынша жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы мемлекттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.

      Аудан әкімі Г. Пинчук

      ҚР АШМ аумақтық
басқармасының бастығы
В. Мелков
Бородулих ауданы бойынша
МСЭҚДБ бастығы
Г. Сулейменов
Аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері
У. Эфендиев
АІІБ бастығы
Д. Ибраев
"Семей орманы" ММ
Бородулиха филиалының директоры
Г. Сопов
Аудандық білім беру
бөлімінің бастығы
В. Бастриков

  Бородулиха ауданының әкімдігінің
2006 жылғы "17" сәуірдегі
№ 1695 қаулысына №1 қосымша

Жоғары патогенді құс тұмауын болдырмау іс- шаралары және онымен күресу бойынша аудандық жедел штаб құрамы.

      Аргумбаев Булат Кусаинович - аудан әкімінің орынбасары, штаб басшысы

      Штаб мүшелері:

      1. Мелков Владимир Александрович - ҚР АШМ аумақтық басқармасының бастығы

      2. Эфендиев Умуд Мусаевич - Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (келісім бойынша)

      3. Ибраев Дауыр Болатович - АІІБ бастығының м.а (келісім бойынша)

      4. Сулейменов Газиз Кинаятұлы - Бородулиха ауданы бойынша МСЭҚДБ бастығы (келісім бойынша)

      5. Сопов Геннадий Николаевич - "Семей орманы" ММ Бородулиха филиалының директоры (келісім бойынша)

      6. Халин Владимир Николаевич - Ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы

      7. Ротнов Виктор Владимирович - бас маман, мобилизацилық топтың басшысы

  Аудан әкімі аппаратының басшысы
  К. Бичуйнов
  Бородулиха ауданының әкімдігінің
2006 жылғы "17" сәуірдегі
№ 1695 қаулысына № 2 қосымша

ШҢО Бородулиха ауданында потогенді құс тұмауын болдырмау және онымен күресу бойынша іс -шаралар

Іс- шаралардың атауы

Орындалу
мерзімі

Ұйымдастыру мен орындауға жауаптылар

Ұйымдастыру іс - шаралары

1

Қажетті жұмыстарды үйлестіру және потогенді құс тұмауын болдырмау және онымен күресу іс шараларына бақылау жасау үшін аудандық жедел штаб құру.

Үнемі

Аудан әкімдігі

2

Ауданның барлық селолық округітерінде патогенді құс тұмауына қарсы іс-шараларәзірлеу. Оларды іске асыру және бақылау жасау бойынша селолық штабтар кұру.

2006 жылдың 1 мамырына дейін

Селолық және кенттік округтердің әкімдері

3

Аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша мемлекеттік қазыналық коммуналдық мекемелер МҚКК құру бойынша ұсыныстар енгізу

2006 жылдың 1 мамырына дейін

Селолық және кенттік округтердің әкімдері


Алдын алу іс шаралары



4

Су қоймаларына және жабайы құстардың мекендеріне тұрақты бақылау жүргізуді ұйымдастыру.

Үнемі

Селолық округтердің әкімдері, селолық округтердің мемветинспектоларыДР АШМ Бородулиха АТБ (келісім бойынша)

5

Құстарды бөлек арнайы үй- жайларда ұстауды ұйымдастыру және бақылау жасауды жүзеге асыру. Үй құстарының суды мекендейтін жабайы құстармен

Қауіп төнген жағдайда

Селолық округтердің әкімдері, меншік түріне қарамастан құс иелері, селолық округтердің


байланыста болуына жол бермеу мақсатында құстарды табиғи су қоймаларына жіберуге тиым салу .


ветеринарлық инспекторлары, ҚР АШМ Бородулиха АТБ (келісім бойынша)

6

Үй құстарын ұстауға бақылау мақсатында ауданның елді мекенеріндегі әр үйді бірлесіп аралап шығуды өткізу.

Үнемі

Селолық округтердің әкімдері, селолық округтердің мемветинспектолары ДР АШМ Бородулиха АТБ (келісім бойынша)

7

Құс шаруашылығы кәсіпорындарында және жеке меншік үйлердің аулулуарындағы құс бастарына жүйелі ветеринарлық - санитарлық тексеру жүргізу.

Үнемі

Селолық округтердің әкімдері, селолық округтердің мемветинспектоларыДР АШМ Бородулиха АТБ (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша)

8

Құс шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың аумағында және аң аулайтын жерлерде қаңғыма иттерді, мысықтарды және синантроптық құстарды ату, аулау, улы химикаттарды қолдану әдісімен өлекселерді жоюды жүргізу. Жабайы және жыл құстарын үркіту бойынша іс- шараларды жүйелі өткізу.

Үнемі

Селолық округтердің әкімдері, селолық округтердің мемветинспектоларыДР АШМ Бородулиха АТБ (қелісім бойынша)

9

Құс тұмауының негізгі жұқтырушысы ретіндегі жабайы суды мекендейтін құстарды аулауға ауданның аң аулайтын жерлерінде тиым салуды қамтамасыз ету.

Үнемі

Орман және аң шаруашылығының облыстық территориалдық басқармасы (келісім бойынша)

10

Жоғары патогенді құс тұмауын және басқа да аса қауіпті ауруларды болдырмау және олармен күресу шаралары туралы тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру. Әрбір елді мекндерде құс

Үнемі

Селолық және кенттік округтердің әкімдері, ҚР АШМ Бородулиха АТБ (келісім бойынша)


тұмауын насихаттайтын және онымен күресетін, әсіресе үй құстарымен суды мекендейтін жабай құстардың қатынасына жол бермеу үшін белсенділер тобын құру.



11

Мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде колледждерде балалар арасында патогенді құс тұмауын блдырмау бойынша түсінік жұмыстарын жүргізуді
ұйымдастыру

Үнемі

Селолық, кенттік округтердің әкімдері, селолық округтердің мемветинспекторлары, аудандық білім беру бөлімі (келісім бойынша)

Патогенді құс тұмауын тапқан кездегі мамандырылған іс -шаралар

12

Карантин енгізу, тез арада қолма-қол патологиялық материал алу және оны тиісті ветеринарлық зертханаларға жіберу бойынша шүгыл шаралар қабылдау.

Үй құстар мен жабайы құстарда ауру белгілері шыққан жағдайда

Селолық, кенттік округтердің әкімдері, селолық округтердің мемветинспектоларыДР АШМ аумақтық басқармасы (келісім бойынша), АІІБ

13

Үй құстарын, етке сойылған өнімдерді тексеру және сыртқа шығару деректерін болдырмау үшін елді мекендерден шығу (кіру) жолдарына блок посттар қою.

Үй құстар мен жабайы құстар да ауру белгілері шыққан жағдайда

ҚР АШМ аудандық территориалдық басқармасы (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша)

14

Адамдарды және малдарды карантиндік аймақта орналасқан су қоймаларына жіберуге тиым салу.

Ауруға күдік болған жағдайда және құстардың жаппай өлімі

Селолық округтердің әкімдері, селолық округтердің ветинспекторлары, АІІБ (келісім бойынша)

15

Таза емес пункттер және қауіпті аймақта патогендік құс тұмауының диагнозы зерханалық расталған жағдайда аурудың өршуін анықтау үшін эпизоотиялық талдау және барлық іс-шаралар кешенін жүргізу.

Расталған
жағдайда

Ауыл шаруашылығы бөлімі, ҚР АШМ аудандық территориалдық басқармасы (келісім бойынша)

16

Меншік түріне қарамастан ауданның барлық құс шаруашылықтарының жұмыстарын жабық режимге көшіру, шаруашылық субъектілерінің жеріне бөтен адамдарға

Күдік болған жағдайда карантинді

Селолық округтердің әкімдері, ҚР АШМ аудандық территориалдық


кіруге тиым салу

алғанға дейін

басқармасының, селолық округтердің мемветинспектор - лары, (келісім бойынша), құс шаруашылықтарының басшылары

17

Құс қораның аумақтарындағы үй-жайларда дезинфекциялық, дератизациялық, дезинсекциялық іс- шаралар жүргізу.

Үнемі

Меншік түріне қарамастан құс иелері

18

Құс шаруашылығы иелеріне құс фабрикалары аумағына кіре берісінде дезинфекциялық бөгеулер, құс қораның кіре берісіне дезинфекциялық кілемшелер орнатуды үсыну.

Үнемі

Селолық округтердің әкімдері, ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасы (келісім бойынша)

19

Құс қоралардың аумағында жабайы құстардың болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау. Қажетіне қарай оларды ату.

Үнемі

Меншік түріне қарамастан құс иелері, селолық округтердің әкімдері, с/о ветеринарлық инспекторлары (келісім бойынша)

20

Құс қоралардың қызмет атқарушыларын құс тұмауы кезінде ескертілген арнаулы жұмыс киімімен және қорғану құралдарымен, сонымен бірге жабайы фаунаның мониторингін өткізу мақсатында су қоймаларын және аудан аумақтарын аралауды өткізу үшін ЖЖМ- мен қамтамасыз ету.

Үнемі

Меншік түріне қарамастан құс иелері, орман және аң шаруашылығы облыстық аумақтық басқармасы

21

Таза емес пункттерден құстардың азықтарын, өнімдерін әкелу мен әкетуге тиым салу.

Үнемі

Селолық округтердің әкімдері, ауданның селолық округтерінің мал дәрігерлері (келісім бойынша)

22

Құсты сою, қайта өңдеу, жұмыртқаларды іріктеу және сату кезінде ветеринарлық санитарлык талаптардың сақталуына қатаң бақылау жасауды белгілеу.

Үнемі

Селолық округтердің әкімдері, ауданның селолық округтерінің мал дәрігерлері (келісім




бойынша), құс шаруашылығының басшылары

23

Құстардың кенеттен өліп, олардың мінез-құлқы өзгерген жағдайда тез арада ауданның ветеринарлық қызметіне
хабарлау.

Үнемі

Меншік түріне қарамастан құс иелері

24

Жоғары патогенді құс тұмауына күдікті аурулар пайда болған жағдайда медициналық ұйымдардың түрғындарға қызмет көрсету дайындықтарына бақылау жасауды
белгілеу.

Үнемі

ШҚО МСЭҚ Д, ОАА

25

Ауру құспен байланыста болған және құс өлекселерін тапқан жағдайда жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау.

Үнемі

Меншік түріне қарамастан құс иелері

26

Ауру құстардың өлекселерін өртеу арқылы жою. Жылжымалы пештердің орналасу және күлді жою орындарын анықтау

Ауру құстар өлген жағдайда

Селолық округтердің әкімдері, селолық округтердің ветинспекторлары (келісім бойынша)

      Ауыл шаруашылығы
бөлімінің бастығының м.а.
В. Сидорова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады