Үйде тәрбиенелетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық әкімдігінің 2006 жылғы 20 маусымдағы № 1771 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха аудандық Әділет басқармасында 2006 жылғы 28 шілдеде № 5-8-27 тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 122 қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 22.04.2024 № 122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Рспубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-ші бабының 1-ші тармағының 14-ші тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2006 жылға арналған бюджеттік топтастыруын бір жүйеге келтіру туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1280 қаулысына сәйкес "Қазақстан Рспубликасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 23-ші бабын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 11-ші бабының 1-ші тармағын жүзеге асыру мақсатында және мүгедек балалары бар ата-аналарға оларды тәрбиелеуде және оқытуда көмек көрсету үшін Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау және төлеудің ережесі бекітілсін.

      2. 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап материалдық қамсыздандырудың мөлшері (ай сайын) 7500 теңге сомасында белгіленсін.

      3. Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Бектембаева Ф.Ф.) бекітілген ережеге сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмектің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Т. Урашеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі Г. Пинчук

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2006 жылғы "20" маусымдағы
№ 1771 қаулысына қосымша

Үйде тәрбиенелетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің

Ережелері

      1. Тағайындау тәртібі.

      Үйде тәрбиенелетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандырудың тағайындалуын мүгедек баланың түрғылықты күйде ата- анасының біреуінің немесе оны алмастырушы тұлғаның өтініш бойынша жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізілді.

      Өтінішке облыстық білім департаменті жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия беретін, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттілігі туралы аңықтама қоса беріледі.

      Үйде тәрбиенелетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек осы көмекті тағайындау жөніңдегі өтініш берілген айдан бастап және ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның анықтамасымен белгіленген мерзімге тағайындалады.

      Материалдық көмектің тағайындалу мен төлемнің тоқтатылуына немесе қайта жаңартылуына әкеліп соғатын жағдайлар туындаған кезде (бала өлімі, интернат үйіне жіберу, түрғылықты жерді ауыстыру т.б.) көмектің тағайындалуы және төлемі тиісті жағдайлар туындаған кезден кейінгі айдан бастап тоқтатылады немесе қайта жаңартылады.

      Материалдық көмек алушылар көмек алу құқығына әсерін тигізетін барлық өзгерістер жөнінде тиісті уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

      Болған өзгерістер туралы мәліметтер берілмеген жағдайда алынған сома заңдылық тәптіппен қайтарылады.

      Материалдық көмек тағайындалмайтын жағдайда жұмыстылық және әлеуметтіқ бағдарламалар бөлімі тағайындалмау себептерін көрсетіп, өтініш иесіне жазбаша аңықтама береді.

      Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтінушіден немесе тиісті органнан жәрдемақы тағайындау құқығын растайтын мәліметтерді сұрауға құқылы.

      Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің шешімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес шағымданылуы мүмкін.

      Материалдық көмек тағайындау жөніндегі өтініш, сондай-ақ мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі барлық қажетті құжаттармен бірге алушының жеке ісінде сақталады.

      2. Қаржыландыру және төлеу тәртібі.

      Үйде тәрбиенелетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек аудан бюджетінін қаражаты есебінен ақшалай төлем түрінде белгіленеді.

      Үйде тәрбиенелетін және оқытылатын мүгедек балларға материалдық көмекті төлеу осы мақсатқа жергілікті бюджеттен бөленген қаражатты екінші деңгейдегі банктен азаматтардың салымдарына аудару арқылы жүзеге асырылады.

      Материалдық төлемнің тәртібі мен шарты жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен тиісті банк арасындағы аганттік келісім қорытындысымен анықталады.

      Материалдық көмектің төлемі бөлімнің бюджеттік есебіне қаражаттың түсуіне қарай және қаражат бөлімінің шешімі бойынша өткен айға жүргізіледі.

      Әкім аппаратының басшысы
К. Бичуинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады