Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 26.08.2024 № 389 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Республиканың көршілес облыстары, шекаралас мемлекеттердің аумақтарында жоғары зардапты құс тұмауының таралуы жөніндегі қолайсыз жағдайдың пайда болуына байланысты және аудан аумағына бұл аурудың келуіне жол бермеу, сонымен қатар ауру пайда болған жағдайда оны жою мен шектеу мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы №148-11 Заңының 31- бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жыл 10 шілдедегі № 339-ІІ Заңына ауыл шаруашылық Министрлігінің "Құстардың зардапты тұмауын алдын алу және жою жөніндегі іс- шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережелерін бекіту туралы" 2006 жыл 25 қаңтардағы № 45 бұйрығына сәйкес Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық жедел штаб құрылсын (қосымшаға сәйкес)
2. Ұсынылған жоғары зардапты құс тұмауымен күрес шаралары және алдын алу жөніндегі шаралар жоспары бекітілсін.
3. Жоғары зардапты қүс түмауымен күрес шаралары және алдын алу жөнінде аудандық жедел штаб құрамы Глубокое аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында ұсынылсын.
4. "Глубокое ауданы аумағында зардапты құс тұмауына қарсы жұмыс үйлестіру үшін және кешенді бақылау жоспарын құру туралы" аудандық әкімдіктің 2005 жыл 15 тамыздағы № 1243 қаулысының күші жойылған деп саналсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В. Лаптевке жүктелсін.
Глубокое ауданының әкімі | С.Плотнтков |
2006 ж. 26 сәуір № 1657 қаулысына ҚОСЫМША |
ЖОҒАРЫ ЗАРДАПТЫ Қ¥С ТҰМАУЫМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ АУДАНДЫҚ ЖЕДЕЛ ШТАБ ҚҰРАМЫ
Лаптев Владимир Васильевич - Глубокое ауданы әкімінің орынбасары, штаб төрағасы
Штаб мүшелері:
Тоқтасынов Кенжеғазы Абзалбекович - Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Күмарғожин Нүрлыбек Саянович - "Глубокое ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" ММ жетекші маман
Баймухамбетов Қайрат Кажиманович - Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық департаментінің Глубокое ауданы бойынша басқармасының бастығы
Иванов Геннадий Семенович - Глубокое ауданы бойынша төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөнінде бас маман
Ластаев Марат Сейткамзинович - Глубокое аудандық орталық аурухананың басдәрігері (келісім бойынша)
Имамбаев Сайрамбек Курмашевич - Глубокое аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Глубокое ауданы әкімі аппаратының басшысы | А. Баймульдинов |
Глубокое аудандық әкімдіктің 2006 ж. 16 сәуір № 1657 қаулысымен бекітілген |
Жоғары зардапты құс тұмауымен күрес шаралары және алдын алу шаралары бойынша жоспар
Шаралардың атауы | Орындалу мерзімі | Үйымдастырылуы мен орындалуына жауапты | |
Алдын алу шаралары | |||
1. | Құстардың орналасқан жерлері мен су қоймаларына турақты бақылау ұйымдастыру | үнемі | Кенттік және ауылдық округтер әкімдері, ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасының мемветинспекторлары (келісім бойынша) |
2. | Барлық құс түрлерін жабайы құстармен қарым-қатынасқа түспеу үшін құстарды жабық үй-жайда ұстауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету | Қауіп төну шегінде | Кенттік және ауылдық округтер әкімдері, құс ұстаушылар, меншік түріне қарамастан, ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасының ветеринарлық инспекторлары (келісім бойынша) |
3. | Жеке меншік аулаларда және құс өсіретін кәсіпорындарда, құс басына ретімен санитарлық- ветеринарлық тексерістер өткізу | үнемі | Кенттік және ауылдық округтер әкімдері, мемветинспекторлары, ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша) |
4. | Аң аулау алқаптарында және құс шаруашылығы аумағында ату, аулау, улы химикаттарды пайдаланудан кейін өліктерді жинау әдістерімен қаңғыған иттерді, мысықтарды, дала құстарын құрту. ұшып келген және жабайы | үнемі | Кенттік және ауылдық округтер әкімдері, ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасының мемветинспекторлары (келісім бойынша) |
құстарды қуалауды ретке келтіруді өткізу | |||
5. | Аса қауіпті аурулар мен зардапты құс түмауының алдын алу жөнінде түсініктеме жұмыстарын өткізу. Үй және жабайы су құстарын қарым-қатынасқа түсірмеу мақсатында құс тұмауымен күрес және насихаттау жөнінде әр елді мекенде белсенділер тобын құру | үнемі | Кенттік және ауылдық округтер әкімдері, ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасының мемветинспекторлары (келісім бойынша) |
6. | Кәсіптік техникалық мектептерде, мектептерде және мектепке дейінгі балалар мекемелерінде зардапты құс тұмауының алдын алу жөнінде түсініктеме жұмысын жүргізу | үнемі | Кенттік және ауылдық округтер әкімдері, ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасының мемветинспекторлары (келісім бойынша), "Глубокое білім беру бөлімі" "Ауыл шаруашылық бөлімі"ММ |
Зардапты құс тумауы пайда болған кезде жасалатын мамандандырылған шаралар | |||
7. | Карантинді енгізу жөнінде кезек күттірмейтін шараларды қабылдау, зардапты материалды тез арада іріктеу және оны облыстық ветеринарлық зертханаға жіберу | Жабайы және үй құстарында аурудың пайда болу белгілері кезінде | Кенттік және ауылдық округтер әкімдері, мемветинспекторлары, ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша) |
8. | Үй құстарын, олардан жасалған өнімдерді шығару (кіргізу) фактілерін тексеру мен тыйым салуды жүзеге асыру үшін елді мекендердің шығатын және кіретін жолдарына блок бекеттерін қою | Пайда болған жағдайда | "Ауыл шаруашылық бөлімі" ММ, ҚР АШМ аумақтық басқармасы, АІІБ (келісім бойынша) |
9. | Карантиндік аймақта орналасқан бос су қоймаларына азаматтарды және жануарларды жібермеу | Аурудан күмән туғанда және өліктің табылуы расталғанда | Кенттік және ауылдық округтердің әкімдері, ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасының ветеринарлық инспекторлары (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша) |
10. | Ауру белгілері және құс өлігі | үнемі | Меншік түріне қарамастан қүс |
табылған жағдайда себебін анықтау | ұстаушылар | ||
үшін ветеринарлық мамандарға | |||
лезде хабарлау | |||
11 | Қауіп төнген аймақта және жайсыз пунктте зардапты тұмаудың диагнозы зертханалық расталған кезде тұтас кешенді шаралар жүзеге асырылсын, ауру пайда болғанда эпизоотикалық сараптама жүргізілсін | Қырылу расталған кезде | ҚР АШМ аумақтық басқармасы, "Ауыл шаруашылық бөлімі" ММ (келісім бойынша) |
12 | Ауданның барлық құс өсіру шаруашылықтары жабық режимдегі жұмысқа көшірілсін, шаруашылық субъектілері аумақтарына бөтен тұлғалардың кіруіне тыйым салынсын | үнемі | ҚР АШМ аумақтық басқармасының ветеринарлық инспекторлары, (келісім бойынша), құс өсіру шаруашылықтарының басшылары (келісім бойынша) |
13 | Құс шаруашылықтары аумағындағы үй-жайларға дезинфекциялық, дератизациялық, дезинсиоциондық шаралар өткізу | үнемі | Меншік түріне қарамастан құс устаушылар |
14 | Құс өсіру шаруашылықтарының иелері аумаққа кіретін жолдарда дизкедергілер орнатсын, кіретін есіктерге дезокілемшелер қойсын, | үнемі | "Ауыл шаруашылық бөлімі" ММ, ҚР АШМ аумақтық басқармасы (келісім бойынша) құс өсіру шаруашылықтарының басшылары (келісім бойынша) |
15 | Шаруашылықтар аумағына жабайы құстарды жібермеу шаралары қабылдансын. Қажет болғанда оларды ату. | үнемі | ҚР АШМ аумақтық басқармасының инспекторлары, (келісім бойынша), ветеринарлық инспекторлар |
16 | Құс өсірушілер құс тумауында қарастырылған қажетті арнаулы киіммен және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілсін, сонымен қатар су қоймалары аудан аумағында жабайы фаунаның қозғалысын бақылауды өткізу мақсатында ЖЖМ бөлінсін | үнемі | құс өсіру шаруашылықтарының басшылары (келісім бойынша), "Ауыл шаруашылық бөлімі" ММ |
17 | Азықты, жайсыз пункттен құс өнімдерін әкелуге және шығаруға тыйым салынсын | үнемі | Кенттер мен ауылдық округтер әкімдері, ҚР АШМ аумақтық басқармасының ветеринарлық инспекторлары, (келісім бойынша), АІІБ (келісім бойынша) |
18 | Құсты сойғанда, өңдеуде, сурыптауда және сатуда ветеринарлық-санитарлық талаптардың сақталуына қатаң бақылаулар белгіленсін | үнемі | Кенттер мен ауылдық округтер әкімдері, ҚР АШМ аумақтық басқармасының ветеринарлық инспекторлары, (келісім бойынша), құс өсіру шаруашылықтарының басшылары (келісім бойынша) |
19 | Медициналық уйымдардың зардапты тумауға уқсас аурулар пайда болған жағдайда халыққа көмек көрсетуі тексерілсін | үнемі | Глубокое ауданы бойынша СЭҚЦБ (келісім бойынша) |
20 | Құс өлігі табылғанда және ауру құсты ұстағанда жеке бас гигиенасы ережелері сақталсын | үнемі | Меншік түріне қарамастан құс ұстаушылар |
"Глубокое ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" ММ басшысы |
П. Мельников |