"Черемшанка құсфабрикасы плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құс гемофилезі ауруының табылуы жөнінде шектеу шарасын енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 15 тамыздағы № 1872 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2006 жылғы 4 қыркүйекте № 5-9-44 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2024 жылғы 26 тамыздағы № 389 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 26.08.2024 № 389 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Черемшанка құсфабрикасы плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құс гемофилезі ауруының табылуына байланысты, Глубокое ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық инспектордың ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 26 бап 2 тармағы бойынша,Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 Заңының 31 бап 1 тармақ, 18) тармақшасын, басшылыққа алып, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Черемшанка құс фабрикасы плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2006 жылғы 15 тамыздан бастап құс гемофилезі жөнінде ұсынылған шектеу шарасын енгізу және бекіту.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое аудан әкімінің орынбасары В.В. Лаптевке жүктелсін.

      Глубокое ауданының әкімі С.Плотников
      Келісілген:
ҚР АШМ аумақтық басқарма
бастығы
"Черемшанка құс фабрикасы плюс"
директоры
Б. АрхиповТ. Ластаев

  Глубокое аудандық әкімдіктің
2006 ж. № 1872
қаулысымен бекітілген

"Черемшанка құс фабрикасы плюс" ЖШС-дегі құс гемофилезі ауруына қарсы шектеу шаралары

    № п/п

Шаралардың атауы

Орындалу мерізімі

Жауапты орындаушы

Бақылауды қадағалау

1 .Ветеринариялық және шаруашылық ұйымдастыру шаралары

1

2

3

4

5

1.

Құстарды басқа шаруашылық субъектілерінен әкелуге және әкетуге, шаруашылық ішінде жұріп-тұруына тиым салынады.

Үнемі

Черемшанка ауылдық округінің ветинспекторы

КР АШМ ААБ мемлекеттік ветеринарлық бақылау бөлімі

2.

Құстар басына күнсайын клиникалық зерттеулер жүргізіп, ауру және ауруы күдік тудыратын құстарды тапқанда, оларды іріктеу жолымен жою керек. Бұзылған кейбір дене бөлшектерін және органдарын жойып, ветеринарлық сараптаманы өткізігеннен кейін, ішкі органдарында және дене бөлшектерінде ешқандай өзгерістер болмаса, таратуға рұқсат етіледі.

Үнемі

"Черемшанка құс фабрикасы плюс" ЖШС-гі шаруашылығының бас ветеринарлық дәрігері

Черемшанка ауылдық округінің ветинспекторы

3.

Союмен айналысатын цехтардың қалдықтарын және құстардың өлімтіктерін өртеп, оны көму жолымен жою керек.

Үнемі

"Черемшанка құс фабрикасы плюс" ЖШС-гі шаруашылығының бас ветеринарлық дәрігері

Черемшанка ауылдық округінің ветинспекторы

4.

Басып шыығарылған жұмыртқаларды шығаруға тиым салынады. Ветеринарлық сараптамадан өткенен кейін ғана, таратуға арналған жұмыртқаларды суық ауамен және формальдегиттік ыстық бумен жалпыламалық әдіспен өңдеу керек.

Үнемі

Черемшанка ауылдық округінің ветинспекторы

КР АШМ ААБ мемлекеттік ветеринарл ық бақылау бөлімі

5.

Ауру туғызатын микроорганизмдерді жою қаблеті бар және сульфаниламиттік әсері бар дәрі-дәрмектерді қолдану арқылы құстарға емдеу курстарын жүргізу.

Келісілген емдеу курсы бойынша

"Черемшанка құс фабрикасы плюс" ЖШС-гі шаруашылығының бас ветеринарлық дәрігері

Черемшанка ауылдық округінің ветинспекторы

6.

Ұқыпты механикалық тазартуды жоспардан тыс залалсыздандыруды өткізіп және 2-3 аптаның ішінде құс жайларын бос ұстау арқылы дератизация өткізіп, заласыздандырудың сапасын анықтау.

Шектеу кезеңінде

"Черемшанка құс фабрикасы плюс" ЖШС-гі шаруашылығының бас ветеринарлық дәрігері

Черемшанка ауылдық округінің ветинспекторы

      Глубокое ауданының мемлекеттік бас
ветеринарлық инспекторы
К. Тоқтасынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады