"Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 704 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы N 40 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 6 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4537 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 795 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.26 N 795 бұйрығымен.

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар  жоспарының 47-тармағын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі  N 704 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің ережесінде:
      3-тармақта:
      3) тармақшадан кейінгі " . " деген тыныс белгісі";"   деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
       "4) хоспис - аурудың ақтық (соңғы) сатысында жазылмайтын сырқаттарға білікті стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйым;
      5) медбикелік күтім жасау ауруханасы - егде және қартайған сырқаттарға, оның ішінде жазылмайтын патологиясы бар сырқаттарға стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйым.";

      мынадай мазмұндағы 18-22 - тармақшалармен толықтырылсын:
      "18. Хосписте медициналық көмекті ұйымдастыру дәрігердің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады.

      19. Медбикелік күтім жасау ауруханасындағы медициналық көмек орта медицина қызметкерінің басшылығымен жүзеге асырылады және стационар жағдайында емделушіні тұрақты дәрігерлік бақылаудың қажеттілігі болмаған жағдайда ұйымдастырылады.

      20. Хосписке, көп бағдарлы және мамандандырылған аурухананың хоспистік бөлімшесіне жазылмайтын сырқаттарды емдеуге жатқызу үшін мыналар айғақтар болып табылады:
      1) сырқатқа медициналық құжаттармен расталған онкологиялық, бүйрек, бауыр, жүрек-қан тамыры, неврологиялық немесе ақтық сатыдағы басқа да патологияның болуы;
      2) сырқатқа білікті емдеу жүргізудің қажеттілігі;
      3) сырқатты кейін амбулаториялық жағдайда емдеуге ауыстыру үшін қолдаушы ауырсындырмайтын, детоксикациялық немесе басқа да симптоматикалық терапияны таңдаудың қажеттілігі;
      4) консультациялық, оның ішінде психотерапиялық көмекті ұйымдастырудың қажеттілігі;
      5) паллиативтік хирургиялық араласуларды (лапароцентез, торакоцентез және басқа) жүргізудің қажеттілігі.

      21. Медбикелік күтім жасау ауруханасына және көп бағдарлы немесе мамандандырылған аурухананың медбикелік күтім жасау бөлімшесіне сырқаттарды жатқызу үшін мыналар айғақтар болып табылады:
      1) сырқаттың стационар жағдайында әрі қарай аяғына дейін емдеуді және оңалтуды талап ететін жағдайы, бірақ дәрігердің тұрақты бақылауынсыз;
      2) үй жағдайында сырқатта тоқтатылмаған ауырсыну немесе басқа синдромның болуы;
      3) дәрілік заттардың ұзақ және жиі трансфузиясының қажеттілігі;
      4) таңуды жиі ауыстыру, жараны жуу және басқа да қол әрекеттерінің қажеттілігі;
      5) сырқатқа білікті күтім жасаудың қажеттілігі;
      6) мынадай әлеуметтік-психологиялық айғақтардың болуы: жазылмайтын науқастағы депрессиялық жағдай, реактивтік жағдай немесе отбасындағы жанжалды жағдай, сырқатқа күтім жасау үшін тұрмыстық жағдайдың болмауы және басқалар.

      22. Стационарлық паллиативтік көмек тәуліктік медициналық бақылау арқылы жазылмайтын сырқаттарды білікті емдеу және оңалтуды қамтамасыз етеді".

      2. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін және тіркелгеннен кейін бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т.Омаровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ресми жарияланған күнінен бастап он күннің ішінде қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады