Мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтауға және ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақытылы түсуін бақылауды, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті беруді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық Комитетінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы N 17 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 6 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4539 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 639 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.30 N 639 Бұйрығымен.

      ------------------- Бұйрықтан үзінді ------------------

       "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 655-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. ...
      2. "Мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтауға және ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақытылы түсуін бақылауды, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті беруді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы N 17 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4539 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2007 жылғы 27 ақпандағы N 30 (1233) жарияланған).
      3. ...
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                                    Б. Жәмішев

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 550-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткiзу тәртiбiн сақтауға және ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн бақылауды, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті беруді жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Өндірістік емес төлемдер басқармасы (Ю.Ж.Тілеумұратов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның м.а.

         "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Соты жанындағы
      Сот әкiмшілігі комитетінiң
      төрағасы

      2007 ж.»11.01.

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлігінің  
Салық комитеті төрағасының
міндетін атқарушының  
2007 жылғы»10 қаңтардағы
N 17 бұйрығымен бекітілген

Мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу,
сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткiзу тәртiбiн
сақтауға және ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық
және уақтылы түсуiн бақылауды, сондай-ақ мемлекет
меншігіне айналдырылған мүлікті беруді жүзеге
асыру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 550-бабына сәйкес әзірленген және мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi (бұдан әрі - Мүлік) есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткiзу тәртiбiн сақтауға және ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн бақылауды, сондай-ақ Мүлікті беруді жүзеге асыру тәртібін, жүргізу мерзімін айқындайды.

      2. Мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткiзу тәртiбiн сақтауға және ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн бақылауды, сондай-ақ Мүлікті беруді қамтамасыз ету мақсатында салық органдары мыналарға:
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшілігі комитетінiң аумақтық органдарына;
      коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген органдарға;
      және Мүлікті сақтау және өткізуді жүзеге асыратын ұйымдарға тексеру жүргізеді.

      3. Салық органдарының қызметкерлері осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген тексерулерді тексерілетін органның лауазымды тұлға өкілінің міндетті түрде қатысуымен кемінде жарты жылда бір рет жүзеге асырады. Тексеру жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауы тиіс, ал тексерілетін кезең бес жылдан аспауы тиіс. Тексеруді тағайындау туралы бұйрықтарды тіркеу Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2005 жылғы 25 желтоқсандағы N 69 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3999 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелердің қызметтерін тексерулерді есепке алу бойынша нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкiмшілігі комитетінiң аумақтық органын тексеру

      4. Мүлікті толық және уақтылы есепке қоюды, сақтауды, бағалау және сатуды тексеру кезінде мыналар тексеріледі:
      Мүліктің есепке толық алынуы;
      Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісін жасаудың толықтығы мен дұрыстығы;
      есепке алынған Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабын жүргізу тәртібі;
      түгендеу карточкаларын ашу тәртібі, сондай-ақ түгендеу карточкалары деректерінің толықтығы мен дұрыстығы;
      Мүлікті сату бойынша аукциондар ұйымдастыру тәртібінің сақталуы;
      Мүлікті сатудан алынған ақшаның бюджетке толық және уақтылы аударылуы;
      "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтерді беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 425 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3873 болып тіркелген) бекітілген мәліметтердің салық органдарына (бұдан әрі - салық органына берілген мәліметтер) уақтылы және дұрыс берілуі;
      Мүлікті жоюды жүргізу тәртібі.

      5. Бақылауды жүзеге асыру үшін тексеруге мынадай құжаттар беріледі:
      есепке алынған Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы;
      Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілері;
      Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі бойынша есепке алынған Мүліктің түгендеу карточкалары;
      аукционды ұйымдастырушыны таңдау туралы шарттар және Мүлік туралы шарттармен қоса берілетін ақпарат;
      өткізілген аукциондардың нәтижелері туралы актілер және қаулылар;
      салық органдарына берілген мәліметтер;
      Мүлікті сатудан алынған ақшаның бюджетке енгізілгенін растайтын құжаттар.

3. Коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк
берiлген органды тексеру

      6. Коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген органда бақылау жүргізу кезінде мынадай мәселелер қамтылады:
      Мүліктің есепке толық алынуы;
      Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісін жасаудың толықтығы мен дұрыстығы;
      есепке алынған Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабын жүргізу тәртібі;
      түгендеу карточкаларын ашу тәртібі, сондай-ақ түгендеу карточкалары деректерінің толықтығы мен дұрыстығы;
      Мүлікті сату бойынша аукциондар ұйымдастыру тәртібінің сақталуы;
      Мүлікті одан әрі пайдалану тәртібі;
      Мүлікті сатудан алынған ақшаның бюджетке толық және уақтылы аударылуы;
      салық органдарына берілген мәліметтердің уақтылы берілуі және дұрыстығы.

      7. Бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай құжаттар тексерілуі тиіс:
      есепке алынған Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы;
      Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілері;
      Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі бойынша есепке алынған Мүліктің түгендеу карточкалары;
      аукционды ұйымдастырушыны таңдау туралы шарттар және Мүлік туралы шарттармен қоса берілетін ақпарат;
      салық органдарына берілген мәліметтер.

4. Мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті
      сақтау мен сатуды жүзеге асыратын ұйымдарды тексеру

      8. Мүлікті сақтау мен сатуды ұйымдастыруға шарт жасасқан субъектілер Мүлікті сақтау мен сатуды жүзеге асыратын ұйымдар болып табылады.

      9. Тексеру Мүліктің барлығы, сақтау мен сату дұрыстығы, сондай-ақ оны сатудан алынған ақшаны бюджетке уақтылы есептеу бойынша жүзеге асырылады.

      10. Тексеруге мынадай:
      Мүлікті сақтау мен сатуды жүргізуге уәкілетті органмен жасалған құжаттар;
      Мүлікті сату жүргізілген хаттамалар беріледі.

5. Тексерулердің актілерін ресімдеу мерзімдері
және тексеру нәтижелері бойынша қабылданған шаралар

      11. Тексеру аяқталған соң салық органының лауазымды тұлғасы тексерілген ұйымға берілетін анықталған кемшіліктерді жою және жұмысты жақсарту бойынша нақты ұсыныстармен бақылау актісін жасайды.

      12. Уәкілетті орган жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша бұзушылықтардың жойылғаны туралы отыз күнтізбелік күннің ішінде салық органына жазбаша хабарлауға міндетті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады