Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 7 қазандағы N 325 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 5 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 7 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4540 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 95 Қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.11.28 N 95 Қаулысымен.

      " Жеке кәсіпкерлік туралы " және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджеттік заңнаманы жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі жөніндегі мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 7 қазандағы N 325 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1059 тіркелген; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1825 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 7 қазандағы N 325 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде" 2002 жылғы 28 ақпандағы N 61 және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4111 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 7 қазандағы N 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 2 ақпандағы N 6 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерінде:
      1-тараудың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнын жаңа орынға ауыстырған жағдайда төлем жүйесін пайдаланушы пайдаланылған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) хабарлайды.";

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      "13-1. Төлем жүйесін пайдаланушы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасында байланысты жүзеге асыратын бағдарламалық қамтамасыз етуге, рұқсат етілмеген кіруден қорғаудың бағдарламалық-аппараттық кешеніне, сондай-ақ төлем жүйесін пайдаланушының ақпарат жүйесінде дайындалған электрондық құжаттарды өткізу технологиясына өзгерістер енгізілген жағдайда төлем жүйесін пайдаланушы пайдаланылған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке хабарлайды.";

      6-тарау алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-тараумен толықтырылсын:
      "7-тарау. Қорытынды ережелер
      35. Төлем жүйесін пайдаланушының осы Ережелерде белгіленген шарттарды және талаптарды сақтауын тексеру "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      36. Осы ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М.Сартбаевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады