Қосылған құн салығы бойынша есепке қою, қосылған құн салығы бойынша есептен шығару, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті беру, ауыстыру, күшін жою және қолданысын тоқтата тұру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 25 наурыздағы N 157 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 5 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4605 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 634 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.30 N 634 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      ---------------------- Бұйрықтан үзінді --------------------

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1.
      2. Осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. ...
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.      

Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрі                                        Б. Жәмішев

                                        Қазақстан Республикасы
                                           Қаржы министрінің
                                      2008 жылғы 30 желтоқсандағы
                                       N 634 бұйрығына 37-қосымша
 

Қазақстан Республикасының күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі  

      1. ...
      .......
      5. "Қосылған құн салығы бойынша есепке қою, қосылған құн салығы бойынша есептен шығару, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті беру, ауыстыру, күшін жою және қолданысын тоқтата тұру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 25 наурыздағы N 157 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4605 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2007 жылғы  N 5, 253-құжатта жарияланған).
      6. ... 

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Қосылған құн салығы бойынша есепке қою, қосылған құн салығы бойынша есептен шығару, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті беру, ауыстыру, күшін жою және қолданысын тоқтата тұру ережесі бекітілсін.
      2. Мыналардың:
      "Салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша есепке қою, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті беру және қосылған құн салығын төлеушіні қосылған құн салығы бойынша есептен шығару ережелерін бекіту туралы" Мемлекеттік кіріс министрінің
2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 1736 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1781 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 18);
      "Қосылған құн салығы бойынша салық төлеушіні есепке қою және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 1736 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 581 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2066 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 3).
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы (А.Молдағалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Р.Юсупов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрлігінің    
Салық комитеті Төрағасының 
2007 жылғы 25 наурыздағы N 157
бұйрығымен бекітілген   

Қосылған құн салығы бойынша есепке қою, қосылған құн
салығы бойынша есептен шығару, қосылған құн салығы
бойынша есепке қою туралы куәлікті беру, ауыстыру,
күшін жою және қолданысын тоқтата тұру
ережесі

      Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзірленген және қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) бойынша есепке қою, ҚҚС бойынша есептен шығару, ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлікті беру, ауыстыру, күшін жою және қолданысын тоқтата тұру тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. ҚҚС бойынша есепке қоюға мыналар жатады:
      1) Салық кодексінің 208-бабында белгіленген талаптарға сәйкес мынадай тұлғалар:
      жеке кәсіпкерлер;
      мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, заңды тұлғалар;
      қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
      2) Салық кодексі 208-бабының 6-тармағына сәйкес заңды тұлғаның ҚҚС-ты дербес төлеушiлер ретiнде танылған құрылымдық бөлiмшелерi.
      Қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер салық салу мақсатында дербес салық төлеушілер ретінде қарастырылады және салық органына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету аясында өз құзыреті шегінде іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісімінсіз ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтінішті дербес беруге құқылы.

      2. ҚҚС бойынша есепке қою осы Ереженің 1-тармағында көрсетілген тұлғалар салық органдарында салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу рәсімімен бір мезгілде немесе өткен соң жүзеге асырылады.

      3. ҚҚС бойынша есепке қою кезінде салық төлеуші ретінде тіркеу орны бойынша салық органы салық төлеушіге мыналардың:
      1) белгіленген нысанда салық органына берілген ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтініштің;
      2) салық органының ҚҚС бойынша есепке қою туралы шешімінің негізінде ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі - ҚҚС бойынша куәлік) береді.

      4. Заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) аумағында объектілер салу бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда, ондай заңды тұлғаны не оның құрылымдық бөлімшесін қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органы жүзеге асырады.
      АЭА аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті ҚҚС төлеушілер болып табылатын заңды тұлғалар не оның құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырған жағдайда, көрсетілген ҚҚС төлеушілер АЭА аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асыра бастаған кезден бастап он жұмыс күні ішінде АЭА аумағындағы салық органына тіркеу есебіне тұруға міндетті.
      Егер ҚҚС төлеуші болып табылмайтын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі АЭА аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын болса, онда мұндай құрылымдық бөлімше уәкілетті органының рұқсатынсыз құрылымдық бөлімшенің өтінішімен ҚҚС бойынша есепке қоюға жатады.
      АЭА аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жеке кәсіпкер жүзеге асырған жағдайда, көрсетілген салық салық төлеуші АЭА аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асыра бастаған кезден бастап он жұмыс күні ішінде АЭА аумағындағы салық органына тіркеу есебіне тұруға міндетті.

2. ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтiнiштi беру
және қарау тәртiбi

       5. ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтініш осы Ережеге  1-қосымшаға сәйкес 342.00 нысаны бойынша беріледі.

      6. Салық төлеушінің қалауы бойынша ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтініш қағаз тасығышта немесе»Салық төлеушіге арналған ҚҚС АЖ клиенттік қосымшасы»бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы электрондық түрде жасалады.

      7. Қағаз тасығыштағы ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтініш қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады. ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтінішті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге, тазалауға жол берілмейді.

      8. Қағаз тасығыштағы ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтініш өзі келу тәртібімен екі данада табыс етіледі, біреуі салық төлеушіге салық органының белгісімен қайтарылады.

      9. Электрондық түрдегі ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтініш
"Салық төлеушіге арналған ҚҚС АЖ клиенттік қосымшасы" бағдарламалық қамтамасыз етуінде жасалады, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады және хабарламаны кепілдендірілген жеткізу жүйесі (бұдан әрі - ХКЖЖ) арқылы уәкілетті органның орталық серверіне жіберіледі.

      10. ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтініш қабылданған және өңделген жағдайда уәкілетті органның орталық сервері салық төлеушіге осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама жібереді. ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтінішті толтыру кезінде Салық кодексі 69-бабының 10-тармағында көзделген талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде, уәкілетті органның орталық сервері осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚҚС бойынша есепке қою туралы туралы өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      11. Қағаз тасығыштағы өтінішті салық органында қабылдау күні, электрондық тасығышта - өтінішті қабылдау туралы хабарламада көрсетілген уәкілетті органның орталық серверінде қабылдау күні ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтінішті қабылдау күні болып табылады.

      12. Салық кодексінің 208-1-бабы 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшені дербес ҚҚС төлеуші ретінде қарау туралы рұқсаты жоқ болған жағдайда, ҚҚС бойынша есепке қою жүргізілмейді.

      13. Салық органы салық төлеушіге ҚҚС бойынша куәлікті ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтінішті қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күнінің ішінде береді.

      14. Тұлға ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың алғашқы күнiнен бастап ҚҚС төлеушiге айналады.
      Жеке кәсіпкер салық органына ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтінішті әділет органдарында жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда, аталған тұлға жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап ҚҚС төлеушіге айналады.
      Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес тұлға мемлекеттік (есептік) тіркелгеннен кейін, он жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтінішті берген жағдайда, аталған тұлғалар салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап ҚҚС төлеушіге айналады.

3. Салық органының ҚҚС бойынша есепке қою туралы
шешiмді қабылдауының негiздемесi және тәртібі

      15. Салық төлеушiде салық тексеруiн жүргізу кезiнде Салық кодексі 208-бабының 3-тармағында белгiленген өткiзу бойынша ең кiшi айналым мөлшерiнен кез-келген кезең үшiн (он екi айлықтан артық емес) жиынтық айқындалған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу бойынша айналым мөлшерiнiң асып түсуi анықталған жағдайда, салық органы Салық кодексі 208-бабының 10-тармағына сәйкес салық тексеруiнің актiсiнде көрсетілген нәтижелердің негiзiнде ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтінішсіз ҚҚС бойынша есепке қоюды жүзеге асыруға құқылы.

      16. Тексеру актісіне сәйкес салық органы он жұмыс күнінен кешіктірмей Салық кодексінің 31-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарландыру (бұдан әрі - хабарландыру) шығарады. Салық төлеуші Хабарламаны Салық кодексі 32-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, салық органы көрсетілген мерзім аяқталған соң келесі жұмыс күні осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес 348.00 нысаны бойынша екі данада ҚҚС бойынша есепке қою туралы шешім ресімдейді.

      17. ҚҚС бойынша есепке қою туралы шешім ресімдеген кезде, ҚҚС бойынша есепке қою туралы шешім шығарылған айдан кейінгі айдың бірінші күні ҚҚС бойынша есепке қою күні болып табылады.
      Екі данада ресімделген ҚҚС бойынша есепке қою туралы шешімге салық органының басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды. ҚҚС бойынша есепке қою туралы шешімнің бірінші данасы салық төлеушінің ісінде сақталады, екінші данасы салық төлеушіге жіберіледі. Салық органы ҚҚС бойынша есепке қою туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салық төлеушіге ҚҚС бойынша куәлік береді.

4. ҚҚС бойынша куәлікті (ҚҚС бойынша куәліктің
телнұсқасын) беру тәртібі

      18. ҚҚС бойынша куәлік (ҚҚС бойынша куәліктің телнұсқасы) ҚҚС төлеушіге осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық органында жүргізілетін берілген ҚҚС бойынша куәліктерді есепке алу Журналына қол қойдырылып беріледі.
      ҚҚС бойынша куәлік (ҚҚС бойынша куәліктің телнұсқасы) салық төлеушіде сақталады.

      19. ҚҚС бойынша куәлік (ҚҚС бойынша куәліктің телнұсқасы) бүлінген немесе жоғалған жағдайда ҚҚС төлеуші салық органына осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес 352.00 нысан бойынша ҚҚС бойынша куәліктің телнұсқасын алуға өтініш береді.

      20. ҚҚС бойынша куәліктің телнұсқасын алуға өтінішке ҚҚС бойынша куәліктің бүлінген бланкісі қоса беріледі.

      21. Ресімделген ҚҚС бойынша куәлік (ҚҚС бойынша куәліктің телнұсқасы) салық органының басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолымен және ҚҚС бойынша куәлікті (ҚҚС бойынша куәліктің телнұсқасын) берген салық органының мөрімен расталады.

5. ҚҚС бойынша куәлікті ауыстыру тәртібі

      22. ҚҚС төлеушінің атауы өзгерген жағдайда, оның ҚҚС бойынша куәлігі (ҚҚС бойынша куәліктің телнұсқасы) уәкілетті мемлекеттік органмен белгіленген тәртіпте атауы өзгергеннен кейін он жұмыс күні ішінде ауыстырылуы тиіс.

      23. ҚҚС төлеушінің ҚҚС бойынша куәлікті (ҚҚС бойынша куәліктің телнұсқасын) ауыстыру тек салық төлеушілердің Біріккен Салықтық Ақпараттық Жүйесі (бұдан әрі - БСАЖ) базасында сақталатын салық төлеушінің тіркеу деректеріне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана жүзеге асуы мүмкін.

      24. Жаңа ҚҚС бойынша куәлік алу үшін салық төлеуші тіркеу есебінің орны бойынша салық органына осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес 372.00 нысаны бойынша ҚҚС бойынша куәлікті ауыстыру туралы өтініш беруі қажет.

      25. Жаңа ҚҚС бойынша куәлік салық төлеушінің жаңа атауы мен
СТН-і арасында орналасқан жолдағы»(атауын ауыстыру) сөздерін көрсете отырып қатаң есептілік бланкісіне басылады.

      26. Жаңа ҚҚС бойынша куәлікте:
      1) салық төлеушінің жаңа атауы;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      3) бұрынғы ҚҚС бойынша куәлікте көрсетілген ҚҚС бойынша есепке қою күніне сәйкес келетін ҚҚС бойынша есепке қою күні;
      4) ағымдағы ҚҚС бойынша куәлік беру күніне сәйкес келетін ҚҚС бойынша куәлікті беру күні;
      5) ҚҚС бойынша жаңа куәлікті берген салық органы басшысының
аты, әкесінің аты, тегі көрсетіледі.

      27. Жаңа ҚҚС бойынша куәлік берген кезде салық органы ҚҚС төлеушіден салық төлеушінің ісінде сақталған бұрынғы ҚҚС бойынша куәлік (ҚҚС бойынша куәліктің телнұсқасы) бланкісін алып қояды.
      Алып қойылған және берілген ҚҚС бойынша куәлік туралы мәлімет ТСАЖ-ға және "Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу. Салық есептілігі нысандарын қабылдау және өңдеу" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ҚҚС АЖ) беріледі.

      28. Жаңа куәлік бланкісінде көрсетілген беру күніне дейін салық төлеуші шот-фактураларды жазып беру кезінде ҚҚС төлеушінің бұрынғы деректемелері көрсетілген ҚҚС бойынша куәлікті (ҚҚС бойынша куәліктің телнұсқасын) пайдалануға құқылы.

6. ҚҚС бойынша есептен шығару негіздемесі
және тәртібі

      29. ҚҚС бойынша есептен шығару кейіннен салық төлеушінің тіркеу деректерінде ҚҚС бойынша есепке қою және шығару күндері туралы мәліметтерді, сондай-ақ ҚҚС бойынша куәлік деректемелерін көрсету үшін ТСАЖ-ға мәліметтер бере отырып, ҚҚС АЖ дерекқорынан салық төлеушілерді алып тастау туралы мәліметтерді енгізу жолымен жүзеге асырылады.

      30. Салық кодексінің 210-бабына сәйкес ҚҚС бойынша есептен шығару мынадай жағдайларда жүргізіледі:
      1) егер соңғы он екі айлық кезең үшін ҚҚС төлеушінің салық салынатын айналымының мөлшері салық салынатын айналымның ең аз мөлшерінен аспаса. ҚҚС төлеуші мұндай құқықты ҚҚС бойынша есепке қойылған кезден бастап екі жыл өткеннен кейін пайдалана алады;
      2) егер ҚҚС төлеуші болып табылатын тұлға салық салынатын айналыммен байланысты қызметін тоқтатса;
      3) салық органы ҚҚС төлеуші болып табылатын және Салық кодексінде белгіленген мерзімнен кейін алты айлық мерзімнің ішінде ҚҚС бойынша есептілік табыс етпеген тұлғаны тапқанда;
      4) салық органы ҚҚС төлеуші болып табылатын және орналасқан (тұрғылықты) жерінің өзгеруі туралы салық органын осындай өзгерістер туындаған күннен бастап жиырма күн ішінде хабарламаған тұлғаны тапқанда;
      5) ҚҚС төлеуші заңды тұлға тартылғанда немесе ҚҚС төлеуші құрылымдық бөлімше қызметін тоқтатқанда;
      6) ҚҚС төлеуші болып табылатын жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқанда;
      7) Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес тұлға қызметін тоқтатқанда.

      31. Есептен шығару:
      1) осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес 362.00 нысаны бойынша осы  Ереженің 30-тармағының 1), 2), 5)-7) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, ҚҚС төлеушінің ҚҚС бойынша есептен шығару туралы салық органына берген өтінішінің (бұдан әрі - Есептен шығару туралы өтініш);
      2) осы Ереженің 30-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ осы Ереженің 30-тармағының
2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, егер ҚҚС төлеуші мұндай қызмет тоқтатылған салық кезеңінен кейін алты айдың ішінде салық органына ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтінішпен жүгінбесе, салық органының ҚҚС бойынша есептен шығару туралы шешімінің (бұдан әрі - ҚҚС бойынша есептен шығару туралы шешім);
      3) осы Ереженің 30-тармағының 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтініш бермеген кезде заңды тұлғаларды тарату, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін тоқтату туралы әділет органдарының актілерінің негізінде жүргізіледі.

      32. Заңды тұлғаның дербес ҚҚС төлеуші болып табылатын құрылымдық бөлімшелері уәкілетті органның рұқсатынсыз:
      1) осындай құрылымдық бөлімшенің өтініші бойынша;
      2) заңды тұлға тұтастай есептен шығарған жағдайда, заңды тұлғаның өтініші бойынша есептен шығарылуға жатады.

      33. ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтініш осы Ереженің 2-тарауында белгіленген тәртіпке ұқсас тәртіппен толтырылады және табыс етіледі.

      34. Осы Ереженің 30-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлға ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтініш берген кезеңнен кейінгі салық кезеңінің бірінші күнінен бастап ҚҚС төлеуші болуын тоқтатады.
      Осы Ереженің 30-тармағының 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген тұлға заңды тұлғалардың Мемлекеттік тіркелімінен шығарылған немесе құрылымдық бөлімшелер есептік тіркеуден шығарылған күннен бастап ҚҚС төлеуші болуын тоқтатады.
      Осы Ереженің 30-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген тұлға жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтатқан күннен бастап ҚҚС төлеуші болуын тоқтатады.

      35. ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтінішке бұрын берілген ҚҚС бойынша куәліктің түпнұсқасы (ҚҚС бойынша куәліктің телнұсқасы), ал есептен құрылымдық бөлімшелер шығарылған жағдайда құрылымдық бөлімшелердің ҚҚС бойынша куәлігі қоса беріледі.

      36. Салық органы ҚҚС бойынша есептен шығару туралы шешімді осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес 358.00 нысаны бойынша мынадай жағдайларды анықтағанда шығарады:
      1) егер ҚҚС төлеуші салық салынатын айналыммен байланысты қызметін тоқтатса және ондай қызмет аяқталған салық кезеңінен кейін алты ай өткенше салық органына Есептен шығару туралы өтінішпен жүгінбесе. Бұл ретте ҚҚС төлеуші салық салынатын айналыммен байланысты қызметін тоқтатты деп есептеудің негіздемесі болып көрсетілген салық төлеуші табыс еткен ҚҚС бойынша декларациямен расталған, көрсетілген кезең ішінде салық төлеуші тек қана ҚҚС-тан босатылған айналымды жүзеге асыру фактісі табылады;
      2) салық органы ҚҚС бойынша салық есептілігін оны табыс етудің Салық кодексінде белгіленген мерзімнен кейін алты айлық кезең ішінде тапсырмаған ҚҚС төлеуші болып табылатын тұлғаны анықтағанда;
      3) салық органы ҚҚС төлеуші болып табылатын және орналасқан (тұрғылықты) жерінің өзгеруi туралы осындай өзгерістер туындаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық органын хабардар етпеген тұлғаны анықтағанда.

      37. Осы Ереженің 36-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтар анықталған кезде, салық органы анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Салық кодексінің 31-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) шығарады. Салық төлеуші хабарламаны Салық кодексінің 32-бабы 2-тармағында белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда салық органы екі данада ҚҚС бойынша есептен шығару туралы шешім ресімдейді.

      38. Осы Ереженің 36-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген ҚҚС бойынша есептен шығару туралы шешім осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық қызметі органдарының зерттеу актісін жасау күнінен жиырма бірінші күнінде ресімделеді.

      39. Осы Ереженің 36-тармағының 3) тармақшасында белгіленген жағдайда, Салық кодексінің 31-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес салық төлеушіге ҚҚС бойынша есептен шығару күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей ҚҚС төлеуші болып табылатын және тұрғылық (орналасқан) жерінің өзгергені туралы мұндай өзгерістер туындаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық органына хабарламаған тұлғаны есептен шығару туралы хабарлама жіберіледі.

      40. ҚҚС бойынша есептен шығару туралы шешім негізінде ҚҚС бойынша есептен шығарылған тұлға, салық органы ҚҚС бойынша есептен шығару туралы шешім шығарған күннен кейінгі күннен бастап ҚҚС бойынша төлеуші болуын тоқтатады.

      41. ҚҚС бойынша есептен шығару туралы шешімге салық органының басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды және салық төлеушінің ісінде сақталады.

      42. ҚҚС бойынша есептен шығару туралы шешім негізінде ҚҚС бойынша есептен шығарылған төлеушілер туралы ақпарат ҚҚС бойынша есептен шығару туралы шешім шығарылған күні уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

      43. ҚҚС бойынша есептен шығару туралы шешімдер жөніндегі ақпарат осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Салық органының шешімдерді есепке алу журналында (бұдан әрі - журнал) тіркеледі.

7. Салық органының ҚҚС бойынша куәліктің күшін жою
туралы шешімді қабылдауының негіздемесі және тәртібі

      44. Салық кодексінің 209-бабы 3-тармағына сәйкес ҚҚС төлеуші сотпен жалған кәсіпорын деп танылған жағдайда, ҚҚС бойынша куәліктің салық органының шешімі бойынша сотпен анықталған қылмыстық қызмет басталған кезден бастап күші жойылуы тиіс.

      45. Салық органы ҚҚС бойынша куәлікті жою туралы шешімді заңды күшіне енген жалған кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуын анықтау туралы сот актісін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығарады.

      46. ҚҚС бойынша куәлікті жою туралы шешімді осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес 368.00 нысаны бойынша салық органы шығарады.

      47. ҚҚС бойынша куәлікті жою туралы шешімге салық органының басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қояды, және салық төлеушінің ісінде сақталады.

      48. Жойылған ҚҚС бойынша куәліктер туралы ақпарат ҚҚС бойынша куәлікті жою туралы шешім шығарылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

      49. ҚҚС бойынша куәлікті жою туралы шешімдер жөніндегі ақпарат журналда тіркеледі.

8. Салық органының ҚҚС бойынша куәліктің
әрекетін тоқтата тұру туралы шешімді
қабылдауының негіздемесі және тәртібі

      50. Салық кодексі 68-бабының 5-тармағына сәйкес шаруа (фермер) қожалықтарына және қызметтің жекелеген түрлеріне арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар қызметтерін уақытша тоқтата тұрған жағдайда ҚҚС бойынша куәліктің қолданысы тоқтата тұрылуы тиіс.

      51. ҚҚС бойынша куәліктің қолданысы салық органының ҚҚС бойынша куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы шешімінің (бұдан әрі - ҚҚС бойынша куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы шешім) негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 666 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 6 ақпанда N 4538 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша қызметін уақытша тоқтата тұру туралы өтініште көрсетілген күннен бастап және кезеңге тоқтатылады.

      52. ҚҚС бойынша куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қызметті уақытша тоқтата тұру туралы салық органы оң шешім шығарған жағдайда шығарылады.

      53. Салық органы ҚҚС бойынша куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы шешімді осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес 378.00 нысаны бойынша шығарады.

      54. ҚҚС бойынша куәліктің қолданысы қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініште көрсетілген мерзімге тоқтатыла тұрады.
      Қызметті уақытша тоқтата тұру туралы кезекті өтініш қызметті уақытша тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңінің аяқталуынан кешіктірілмейтін мерзімде берілген жағдайда, ҚҚС бойынша куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы шешімнің негізінде ҚҚС бойынша куәліктің қолданысын тоқтата тұру қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініште көрсетілген мерзімге ұзартылады.

      55. Екі данада ресімделген ҚҚС бойынша куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы шешімге салық органының басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.

      56. ҚҚС бойынша куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы шешімнің бірінші данасы салық төлеушіге Салық кодексінің 68-бабы 5-тармағында көзделген қызметті уақытша тоқтата тұру туралы хабарламамен бір мезгілде жіберіледі, екінші данасы - салық төлеушінің ісінде сақталады.

      57. ҚҚС бойынша тоқтатыла тұрған куәліктер туралы ақпарат ҚҚС бойынша куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде ҚҚС бойынша куәліктің қолданысын тоқтата тұрудың кезеңін көрсете отырып, уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

      58. ҚҚС бойынша куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы шешімдер жөніндегі ақпарат журналда тіркеледі.

Қосылған құн салығы бойынша есепке қою, 
қосылған құн салығы бойынша есептен шығару,
қосылған құн салығы бойынша есепке қою 
туралы куәлікті беру, ауыстыру, күшін жою
және қолданысын тоқтата тұру ережесіне 
1-қосымша                 

Нысан 342.00

Қосылған құн салығы бойынша
есепке қою туралы
өтініш

Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз

                                       Қосылған құн салығы бойынша
                                        есепке қою, қосылған құн
                                      салығы бойынша есептен шығару,
                                      қосылған құн салығы бойынша
                                    есепке қою туралы куәлікті беру,
                                 ауыстыру, күшін жою және қолданысын
                                   тоқтата тұру ережесіне 2-қосымша

            ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтінішті
                 қабылдау туралы хабарлама

Хабарлама/Растау
Салық төлеушінің (салық агентінің) ҚҚС бойынша есепке қою туралы
өтінішті электронды түрде табыс етуі туралы

СТН ХХХХХХХХХХХХ
Салық төлеушінің атауы __________________________________
d 342.00 салық есептілігі нысанының коды
Қабылдау тәсілі: магниттік тасығышта Х/электронды почта арқылы (ХКЖЖ) Х
Алушы салық органының коды ХХХХ
Салық есептілігінің кіріс (тіркеу) құжаты: _____________

----------------------------------------------------------------

Салық есептілігі құжатын ХКЖЖ арқылы өңдеу

Жүйе

Мәртебесі

Күні/Уақы.
ты

1. Салық есептілігі құжатын жеткізу

ХКЖЖ

Қабылданды

10.10.2006
14:25:06

2. Салық есептілігін өңдеу

...

Өңделді

11.10.2006 18:25:06

3. Өтінішті өңдеу нәтижелері

ТСАЖ

Қою/Қоюдан бас тарту

11.10.2003 19:25:06

Ескерту: Қоюдан бас тарту - бас тарту себебі
ХКЖЖ серверінің қолы:
Қолданбалы сервердің қолы:

                                                 Қосылған құн салығы бойынша есепке қою, 
қосылған құн салығы бойынша есептен шығару,
қосылған құн салығы бойынша есепке қою 
туралы куәлікті беру, ауыстыру, күшін жою
және қолданысын тоқтата тұру ережесіне 
3-қосымша                 

                                              Нысан 348.00

Салық органының қосылған құн салығы
бойынша есепке қою туралы шешімі

Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз

                              Қосылған құн салығы бойынша есепке қою, 
                         қосылған құн салығы бойынша есептен шығару,
                           қосылған құн салығы бойынша есепке қою 
                          туралы куәлікті беру, ауыстыру, күшін жою
                            және қолданысын тоқтата тұру ережесіне 
                                           4-қосымша              

           Берілген қосылған құн салығы бойынша есепке
          қою туралы куәліктерді есепке алу журналы

Р/с
N

Салық
төлеушінің
СТН-і

Салық төлеушінің
аты-жөні немесе
атауы

Куәліктің
сериясы

Куәліктің
нөмірі

ҚҚС бойынша
есепке
қою күні

1

2

3

4

5

6



















   кестенің жалғасы

Салық
төлеушінің
Куәлікті
алған күні

Салық
төлеушіге
Куәлікті берген
салық органы
қызметкерінің
аты-жөні

8-бағанда
көрсетіл-
ген салық
органы
қызметкерінің
қолы

Куәлікті
алуға
уәкілет-
тендіріл
-ген салық
төлеуші
өкілінің
аты-жөні

10-бағанда
көрсетіл-
ген тұлғаның
қолы

7

8

9

10

11
















  Қосылған құн салығы бойынша есепке қою, 
қосылған құн салығы бойынша есептен шығару,
қосылған құн салығы бойынша есепке қою 
туралы куәлікті беру, ауыстыру, күшін жою
және қолданысын тоқтата тұру ережесіне 
5-қосымша                 

Нысан 352.00

Қосылған құн салығы бойынша
есепке қою туралы куәліктің
төлемақысын алуға
өтініш

Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз

Қосылған құн салығы бойынша есепке қою, 
қосылған құн салығы бойынша есептен шығару,
қосылған құн салығы бойынша есепке қою 
туралы куәлікті беру, ауыстыру, күшін жою
және қолданысын тоқтата тұру ережесіне 
6-қосымша               

Нысан 372.00

Қосылған құн салығы бойынша
есепке қою туралы куәлікті
ауыстыру туралы
өтініш

Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз

Қосылған құн салығы бойынша есепке қою, 
қосылған құн салығы бойынша есептен шығару,
қосылған құн салығы бойынша есепке қою 
туралы куәлікті беру, ауыстыру, күшін жою
және қолданысын тоқтата тұру ережесіне 
7-қосымша                

Нысан 362.00

Қосылған құн салығы бойынша
есептен шығару туралы
өтініш

Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз

Қосылған құн салығы бойынша есепке қою, 
қосылған құн салығы бойынша есептен шығару,
қосылған құн салығы бойынша есепке қою 
туралы куәлікті беру, ауыстыру, күшін жою
және қолданысын тоқтата тұру ережесіне 
8-қосымша                

                                           Нысан 358.00

Салық органының қосылған құн салығы
бойынша есептен шығару туралы шешім

Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз

                            Қосылған құн салығы бойынша есепке қою, 
                          қосылған құн салығы бойынша есептен шығару,
                            қосылған құн салығы бойынша есепке қою
                           туралы куәлікті беру, ауыстыру, күшін жою
                            және қолданысын тоқтата тұру ережесіне
                                           9-қосымша             

          Салық төлеушінің нақты орналасқан орнын
                     тексеру актісі

_______________________                   200__ жылғы "___"________
Салық органының атауы

Біз, ______________________________________________________________
          (Салық органы қызметкерлерінің аты-жөні, лауазымы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                      (салық төлеушінің атауы)
(СТН-і _________________) нақты орналасқан орнына тексеру жүргіздік.
___________________________________________________________________
                   (Салық төлеушінің атауы)
_______________________________ 200 ___ жылғы "____"_______________
(салық органының атауы)
бастап, _________________________________________________ тіркелген.
       (Салық төлеуші куәлігінің күні, сериясы мен нөмірі)
Салық комитетінің деректері бойынша көрсетілген салық төлеуші мына
мекен-жайы бойынша орналасқан: ____________________________________
___________________________________________________________________
Тексеру барысында _________________________________________________
                                (салық төлеушінің атауы)
___________________________________________________________________
_______ жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша болмағаны анықталды.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(салық төлеушінің орналасқан орны бойынша басқа мәліметтерді
көрсету керек, көршілерден сұрау салу нәтижелері, басқа да ақпараттар)

                                           _____________________
                                              (қолдары)

                           Қосылған құн салығы бойынша есепке қою,
                         қосылған құн салығы бойынша есептен шығару,
                           қосылған құн салығы бойынша есепке қою 
                          туралы куәлікті беру, ауыстыру, күшін жою
                            және қолданысын тоқтата тұру ережесіне
                                         10-қосымша              

         Салық органдарының шешімдерін есепке алу журналы

Р/с
N

Салық
төлеушінің
СТН-і

Салық төлеушінің
аты-жөні немесе
атауы

Куәліктің
сериясы

Куәліктің
нөмірі

ҚҚС бойынша
есепке
қою күні

1

2

3

4

5

6



















         кестенің жалғасы

Салық
органы
шешімінің
қабылданған
күні

Салық органы
шешімінің
нөмірі

Нысанның
нөмірі

Шешімнің
түрі

ҚҚС бойынша
есептен
шығару күні

Куәлік-
тің
күшін
жою
күні

7

8

9

10

11

12



















          кестенің жалғасы

Куәліктің
қолданысын
тоқтата тұру
кезеңі

Шешім
табыс
етілген
(жіберіл-
ген) күн

Куәлікті
салық органына
қайтару күні

Салық
органы
қызмет-
керінің
аты-
жөні

17-б.
көр-
сетіл-
ген
салық
органы
қыз-
метке-
рінің
қолы

Салық
төлеу-
шінің
(өкі-
лінің)
аты-
жөні

19-б.
көрсе-
тілген
тұлғаның
қолы

бастап

бой-
ынша

13

14

15

16

17

18

19

20

























   Қосылған құн салығы бойынша есепке қою, 
қосылған құн салығы бойынша есептен шығару,
қосылған құн салығы бойынша есепке қою 
туралы куәлікті беру, ауыстыру, күшін жою
және қолданысын тоқтата тұру ережесіне 
11-қосымша                

Нысан 368.00

Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы
куәліктің күшін жою туралы шешім

Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз

       Қосылған құн салығы бойынша есепке қою, 
қосылған құн салығы бойынша есептен шығару,
қосылған құн салығы бойынша есепке қою 
туралы куәлікті беру, ауыстыру, күшін жою
және қолданысын тоқтата тұру ережесіне 
12-қосымша                

Нысан 378.00

Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы
куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы шешім

Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады