"Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі N 133 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 24 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4630 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазастан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 94 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.02 N 94 Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 469 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3337 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., 184-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру ережесінде:
      7-тармақтағы "мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауының ай сайынғы кестесінің" деген сөздер "мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақтағы "екінші данасы" деген сөздерден кейін "осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсаттар тізілімімен бірге" деген сөздермен толықтырылсын;

      15-тармақ алып тасталсын;

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген Ереже 3-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті (Шаженова Д.М.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

                                             Қазақстан Республикасы
                                               Қаржы министрінің
                                            2007 жылғы»18 сәуірдегі
                                                N 133 бұйрығына
                                                   1-қосымша

                                           Мемлекеттік мекемелердің
                                        міндеттемелерді қабылдауына
                                           рұқсаттар беру ережесіне
                                                  3-қосымша

                     Рұқсат беру тізілімі

Ұсынылған күні
Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы
Мемлекеттік мекеме коды
Мемлекеттік мекеме атауы

N р/с
 

Рұқсаттар

Ескерту*

номері

күні

сомасы











Мемлекеттік мекеме басшысы  _____________ ________________
                             (аты-жөні)        (қолы)
Мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері ___________ _______________
                                      (аты-жөні)       (қолы)

      * Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінің жауапты орындаушысы
толтырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады