Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 69 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4641 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 59 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.04.30 № 59 Қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  3-бабының 2-тармағы 8) тармақшасына,  69-бабының 1-тармағына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N  137 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2335 тіркелген) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 2335 тіркелген Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 298 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3230 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы N 9-13, 42 құжатында жарияланған), "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 97 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4230 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 149 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4392 тіркелген, 2006 жылғы 29 қыркүйектегі "Юридическая газета" N 174 (1154) газетінде жарияланған) енгізілген өзгерістері мен толықтырулармен бірге мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі:
      мынадай мазмұндағы 5-2 тармақпен толықтырылсын:
      "5-2. Қазақстан Республикасының резиденті емес клиенттерінің шетелдік қаржы құралдарының және ақшасының есепке алуы мен сақталуы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабы 1-тармағымен анықталған функцияларды жүзеге асыратын, ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді жеке рейтингі "А-" санатынан ("Standard & Poor's" и "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "АЗ" санатынан ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес шетелдік есепке алу ұйымдарымен жүзеге асырылуы мүмкін.

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Қазақстан Республикасының резиденті емес клиенттің қаржы құралдарының және ақшасының есепке алуы және сақталуы шетелдік есепке алу ұйымымен жүзеге асырылған жағдайда басқарушы ол туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      Қаржы құралдарын және ақшаны есепке алу және сақтау шартында мыналар белгіленеді:
      1) басқарушының айына бір реттен кем емес өзінің есепке алу жүйесі деректерінің шетелдік есепке алу ұйымының деректеріне сәйкестігін салыстырып тексеру, шетелдік есепке алу ұйымының резидент емес клиенттердің жеке шоттарынан үзінді көшірмелерін және оның шоты бойынша қаржы құралдарының қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімі;
      2) басқарушының, уәкілетті органның сұратуы бойынша кез келген уақытта резидент емес клиенті жөнінде, қаржы құралдары және оның шотындағы ақша туралы, сондай-ақ олардың қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну шетелдік есепке алуы ұйымының міндеті.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін шараларды қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігіне жіберсін.

      4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады