"Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері" ("Заслуженный работник атомной отрасли Республики Казахстан") түріндегі кеудеге тағатын құрмет белгісімен Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің марапаттау нысанын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 110 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4655 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 137 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012.04.24 № 137 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысының 11-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Қараңыз P040001237

         1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің»"Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері" ("Заслуженный работник атомной отрасли Республики Казахстан") кеудеге тағатын құрмет белгісі түріндегі марапаттау нысаны белгіленсін.

      2. Қоса беріліп отырған:
      "Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері" ("Заслуженный работник атомной отрасли Республики Казахстан") кеудеге тағатын құрмет белгісі туралы нұсқаулық;
      І, ІІ, ІІІ дәрежелі»"Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері" ("Заслуженный работник атомной отрасли Республики Казахстан") кеудеге тағатын құрмет белгілерінің  сипаттамасы мен белгіленуі;
      марапаттау парағының нысаны;
      І, ІІ, ІІІ дәрежелі»Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері" ("Заслуженный работник атомной отрасли Республики Казахстан") кеудеге тағатын құрмет белгісіне  куәліктердің үлгілері бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің технологиялық дамыту және мемлекеттік активтерді басқару департаменті белгіленген заңнамалық тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Энергетика және  минералдық ресурстар министрлігінің барлық құрылымдық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасы Энергетика және  минералдық ресурстар министрлігінің қарауындағы ұйымдардың назарына жеткізілсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Энергетика және минералдық   
ресурстар министрінің     
2007 жылғы 17 сәуірдегі    
N 110 бұйрығымен бекітілген  

"Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек
сіңірген қызметкері" (Заслуженный работник атомной
отрасли Республики Казахстан) кеудеге тағатын құрмет
белгісі туралы нұсқаулық

      1.»"Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері" Құрмет төсбелгісі (бұдан әрі - Құрмет төсбелгісі) Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегін бағалау, уран және оның қосылыстары (екі ұдай мақсаттағы материалдарды) өндірісіндегі салалық қолданбалы ғылым мен озық технологияларды дамыту мақсатында тағайындалған.
      2. Құрмет төсбелгісі атом саласын дамытуға белсенді және жемісті қатысқандығы мен жәрдемдескені үшін Қазақстан Республикасының атом саласының озат мамандары, жұмысшылары, басшылары мен ардагерлеріне:
      еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, еңбек өнімділігін арттырғаны, жаңашылдығы мен бастамасы үшін;
      отандық ғылым мен техниканың әлемдік жетістіктердің деңгейіне шығаруға мүмкіндік туғызған іргелі және қолданбалы зерттеулер саласында маңызды нәтижелерге жеткені үшін;
      атом саласының басым бағыттары бойынша халықаралық, республикалық, өңірлік бағдарламаларды іске асырудағы жоғарғы жетістіктері үшін;
      кәсіпорынның экономикалық дамуын жылдамдатуға алып келетін өндіріс басқаруды ұйымдастыру саласында маңызды жұмыстарды енгізу бойынша елеулі табыстары үшін;
      Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық маңызды өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды ұйымдастырғаны үшін;
      атом саласының нысандарын салғаны және жоғарғы техникалық-экономикалық көрсеткіштермен мерзімінен бұрын пайдалануға бергені үшін;
      қызметкерлерді басқару, атом саласы, техникалар, энергетика және уран өнеркәсібі үшін кадрлар дайындау және біліктіліктерін арттыру жүйесін жетілдіргені үшін;
      халықтың атом энергетикасына деген оң көзқарасын жұртқа тарату, жария ету мен қалыптастырудағы жетістіктері, саланың өнімдерін сыртқы нарықтарға жылжытуға мүмкіндік беретін халықаралық байланыстарды дамытқаны үшін;
      уран өндіруші және уранды қайта өңдейтін кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін төмендетуді қамтамасыз ететін, экологиялық қауіпсіз технологиялардың бағдарламаларын жасағаны және іске асырғаны үшін марапатталады.
      Уран өнеркәсібінің ардагерлеріне Қазақстан Республикасының атом саласында кемінде 25 жыл жұмыс істеген мамандар жатады.
      3. Құрмет төсбелгісімен атом өнеркәсібінің:
      1) "Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері" І дәрежелі белгісімен (алтын белгі) - осы Нұсқаулықтың 2 - тармағында көрсетілген, ерекше сіңірген еңбегі бар;
      2) "Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері" ІІ дәрежелі белгісімен (күміс белгі) - салада кемінде 15 жыл жұмыс өтілі бар;
      3) «"Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері" ІІІ дәрежелі белгісімен (қола белгі) - салада кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар мамандары марапатталады.
      4. Құрмет төсбелгісімен марапаттау туралы (мадаққа ұсыну) ұсынысты заңды тұлға бірінші басшысы береді. Марапаттауға заңды тұлға бірінші басшысы ұсынылған жағдайда, ұсынысты директорлар кеңесінің (қадағалау кеңесінің) төрағасы, ал өзге жағдайда - жалпы жиналыстың немесе жалғыз акционердің (қатысушының) өкілетті өкілі береді. Марапаттау туралы қолдаухат кандидатты, соның ішінде сіңірген еңбегін сипаттайтын материалдармен бірге Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігіне тапсырылады.
      5. Құрмет төсбелгісімен марапаттауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі жүргізеді.
      6. Құрмет төсбелгісін тапсыруды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің басшысы, немесе, оның тапсырмасы бойынша, заңды тұлғалардың басшылары, марапатталатын адам жұмыс істейтін еңбек ұжымында, салтанатты жағдайда тапсырады.
      7.  Марапатталушыға Құрмет төсбелгісін тапсырумен бірге бір мезгілде белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Оның еңбек кітапшасы мен жеке іс-қағазына марапатталғаны туралы, күні мен бұйрық нөмірі көрсетіліп, жазылады.
      8. Құрмет төсбелгісі жоғалған жағдайда оның орнына көшірме нұсқа берілмейді.
      9. Құрмет төсбелгісінің куәлігі жоғалған жағдайда, марапатталған адам жұмыс істейтін (істеген) ұйымдардың басшыларының өтініш жасауымен куәліктің көшірме нұсқасы беріледі.

Қазақстан Республикасы    
Энергетика және минералдық  
ресурстар министрінің    
2007 жылғы 17 сәуірдегі   
N 170 бұйрығымен бекітілген  

« "Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек
сіңірген қызметкері" ("Заслуженный работник атомной
отрасли Республики Казахстан") кеудеге тағатын
құрмет белгісінің сипаттамасы мен бейнеленуі

      "Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері" ("Заслуженный работник атомной отрасли Республики Казахстан") кеудеге тағатын құрмет белгісі қырлары томпақ, түзу сегіз бұрыш (I дәрежелі - алтын түсті, II дәрежелі - күміс түсті, III дәрежелі - қола түсті). Сипатталған сегіз бұрыштың диаметрі 37 мм.
      Сегіз бұрыштың ортасында диаметрі 27 мм, ернеуі көмкерілген дөңгелек орналасқан. Дөңгелекте шеңбердің ортасында орналасқан электронның үш орбитасымен композициялық атом ядросын ұстап тұрған адамның қолы бейнеленген. Қолдар атом энергиясын ауыздықтаған және жер қойнауына енген адамды символды түрде көрсетеді. Электрон орбиталарымен бірге атом ядросы күн жүйесінің мәңгілігін, оның тұтастығын символды түрде бейнелейді.
      Белгінің сырт жағында "Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері" деген бедерлі жазу жазылған.
      "Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері" ("Заслуженный работник атомной отрасли Республики Казахстан") белгісі:
      I дәрежелі - қалыңдығы 3 мкм алтынмен жабылған 925-ші сынамалы күміс қорытпасынан;
      ІІ дәрежелі - 925-ші сынамалы күміс қорытпасынан;
      III дәрежелі - қола түсті зеңделген құрыштан жасалады.
      Белгі көз бен сақинаның көмегімен, үшбұрыштың негізі бойынша 35 мм көлемі, биіктігі 24 мм үш бұрыш нысанды қалыппен бекітіледі. Үшбұрыштың екі жақ шеттерінде көлденеңі 3 мм бедерлі кетікті ернеуі болады.
      Қалып төмендегі металдардан:
      I дәрежелі үшін - алтын түсті құрыштан;
      II дәрежелі үшін - күміс түсті мельхиордан;
      III дәрежелі үшін - қола түсті зеңделген құрыштан дайындалады.
Қалып көгілдір түсті муарлы лентамен қапталған.

(қағаз мәтініне қараңыздар)

                                                                                                             Қазақстан Республикасы  
                                       Энергетика және минералдық 
                                          ресурстар министрінің
                                         2007 жылғы 17 сәуірдегі
                                       N 170 бұйрығымен бекітілген

              Марапаттау парағының нысаны
____________________________________________________________________

           Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
                      ресурстар министрлігі
____________________________________________________________________
               (марапатталушының тегі, аты-жөні)
_______________________________________________________________ үшін
        (Кеудеге тағатын құрмет белгісімен марапаттау туралы
                      нұсқаулыққа сәйкес)
____________________________________________________________________

         "Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген
      қызметкері" ("Заслуженный работник атомной отрасли Республики
                           Казахстан")
Кеудеге тағатын құрмет белгісімен марапаттайды
Тіркеу N ______
Министр
_______________________
Астана қаласы 200___ жылғы "___" ______________
_______________________________________________

                                           Қазақстан Республикасы 
                                         Энергетика және минералдық
                                            ресурстар министрінің
                                           2007 жылғы 17 сәуірдегі
                                         N 170 бұйрығымен бекітілген

       "Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген
          қызметкері" ("Заслуженный работник атомной
           отрасли Республики Казахстан") кеудеге
               құрмет белгісімен марапаттау
                   туралы куәліктің үлгісі

N_______ куәлік                  Удостоверение N ______
______________________               выдан______________
(тегі, аты-жөні)                     _______________(Ф.И.О.) 
_____________________берілді         Памятный нагрудный знак 

"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ       "ЗАСЛУЖЕННЫЙ РАБОТНИК
АТОМ САЛАСЫНА ЕҢБЕК СІЕІРГЕН     АТОМНОЙ ОТРАСЛИ
I ДӘРЕЖЕЛІ ҚЫЗМЕТКЕР             РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
(АЛТЫН БЕЛГІ)"                   I СТЕПЕНИ (ЗОЛОТОЙ ЗНАК)"

Кеудеге тағатын ескерткіш белгі     ________________________________
______________________________      ________________________________
______________________________      
Қазақстан Республикасы              Приказом Министра энергетики и
энергетика және минералдық          минеральных ресурсов Республики
ресурстар министрінің               Казахстан

200___ жылғы»"__"»______            от»"__"»________ 200 ___ г.
N____ бұйрығы                       N ___

                                            Қазақстан Республикасы
                                         Энергетика және минералдық
                                            ресурстар министрінің
                                            2007 жылғы 17 сәуірдегі
                                        N 170 бұйрығымен бекітілген

       "Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген
        қызметкері" ("Заслуженный работник атомной
           отрасли Республики Казахстан") кеудеге
               құрмет белгісімен марапаттау
                   туралы куәліктің үлгісі

N_______ куәлік                  Удостоверение N ______
______________________               выдан______________
(тегі, аты-жөні)                     _______________(Ф.И.О.) 
_____________________берілді         Памятный нагрудный знак 

"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ       "ЗАСЛУЖЕННЫЙ РАБОТНИК
АТОМ САЛАСЫНА ЕҢБЕК СІҢІРГЕН     АТОМНОЙ ОТРАСЛИ
IІ ДӘРЕЖЕЛІ ҚЫЗМЕТКЕР            РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
(КҮМІС БЕЛГІ)"                   IІ СТЕПЕНИ (СЕРЕБРЕНЫЙ ЗНАК)"

Кеудеге тағатын ескерткіш белгі     ________________________________
______________________________      ________________________________
______________________________      
Қазақстан Республикасы              Приказом Министра энергетики и
энергетика және минералдық          минеральных ресурсов Республики
ресурстар министрінің               Казахстан

200___ жылғы»"__"»______            от»"__"»________ 200 ___ г.
N____ бұйрығы                       N ___

                                            Қазақстан Республикасы
                                          Энергетика және минералдық
                                             ресурстар министрінің
                                            2007 жылғы 17 сәуірдегі
                                         N 170 бұйрығымен бекітілген

       "Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген
        қызметкері" ("Заслуженный работник атомной
           отрасли Республики Казахстан") кеудеге
               құрмет белгісімен марапаттау
                   туралы куәліктің үлгісі

N_______ куәлік                  Удостоверение N ______
______________________               выдан______________
(тегі, аты-жөні)                     _______________(Ф.И.О.) 
_____________________берілді         Памятный нагрудный знак 

"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ       "ЗАСЛУЖЕННЫЙ РАБОТНИК
АТОМ САЛАСЫНА ЕҢБЕК СІҢІРГЕН     АТОМНОЙ ОТРАСЛИ
IІІ ДӘРЕЖЕЛІ ҚЫЗМЕТКЕР           РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
(ҚОЛА БЕЛГІ)"                    IІІ СТЕПЕНИ (БРОНЗОВЫЙ ЗНАК)"

Кеудеге тағатын ескерткіш белгі     ________________________________
______________________________      ________________________________
______________________________      
Қазақстан Республикасы              Приказом Министра энергетики и
энергетика және минералдық          минеральных ресурсов Республики
ресурстар министрінің               Казахстан

200___ жылғы»"__"»______            от»"__"»________ 200 ___ г.
N____ бұйрығы                       N ___

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады