"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 65 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 7 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4667 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 148 Қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.02 N 148 Қаулысымен.

      ------------------- Бұйрықтан үзінді --------------------

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының 4-бабының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ...
      2. Күші жойылды деп танылсын:
      1) ...;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 65 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4667 тіркелген).
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он терт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      4. ...
      1) ...;
      2) ...
      5. ...
      6. ...

      Төрайым                                   Е. Бахмутова

      "Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының нормативтік құқықтық кесімдерін жетілдіру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 466 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2669 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 2-сәуірде жарияланған) мынадай  өзгерістер енгізілсін:

      Аталған қаулымен бекітілген "Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесінде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қор активтерін инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі:
      1) мемлекеттік бағалы қағаздар және агенттік облигациялар;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттері;
      3) Бағалы қағаздары листингтің барынша жоғары санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген немесе резидент еместері "А" ("Standard&Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А3" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) санаттарынан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингі бар резидент емес енші беруші банктердің резидент емес еншілес банкі болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттер (оның ішінде шетел валютасымен);
      4) Қазақстан Республикасы мен сауда-саттықты ұйымдастырушының барынша жоғары санаты бойынша ресми тізімге енгізілген басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес (ипотекалық облигациялар мен "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигацияларынан басқа) шығарылған Қазақстан Республикасы эмитенттерінің эмиссиялық мемлекеттік емес бағалы қағаздары;
      5) листингтің барынша жоғары санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы эмитенттерінің ипотекалық облигациялары;
      6) "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигациялары;
      7) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен бір айға дейінгі операция жасау мерзімі бойынша РЕПО операциялары және кері РЕПО операциялары.
      Қор активтерін инвестициялау мөлшерлері сенімгерлік басқарушы мен Қор арасында жасалған инвестициялық стратегиясымен белгіленеді.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Бөбеев М.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады