АИТВ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға тегін медициналық әрі дәрілік көмек көрсету ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 16 мамырдағы N 314 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 7 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4685 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 377 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.05.24 № 377 Бұйрығымен.

      "АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу және емдеу туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған АИТВ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратындарға тегін медициналық және дәрілік көмек көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Облыстардың және Астана, Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің (басқармаларының), республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы бұйрықты басшылыққа алсын.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу - алдын алу ісі департаменті (Ж.Қ. Исмаилов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті(Ж.М. Мұхамеджанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы

                                                                           Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің 
2007 жылғы 16 мамырдағы   
N 314 бұйрығымен бекітілген 

АИТВ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға
тегін медициналық әрі дәрілік көмек көрсету ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы АИТВ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға тегін медициналық әрі дәрілік көмек көрсету ережесі "АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу және емдеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген. K090193

      2. АИТВ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық және дәрігерлік қызметке берілген лицензиясы бар бастапқы медициналық - санитарлық көмек ұйымдарында көрсетіледі.

      3. АИТВ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға медициналық көмек көрсету әрі оларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде жүзеге асырылады. P092136P091887

      4. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді және зертханалық зерттеу әдістерін қоса алғанда, медициналық көмектің көлемі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен диагностика және емдеу хаттамаларымен (бұдан әрі - Хаттамалар) белгіленеді.

2. АИТВ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға
амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көрсету

      5. АИТВ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға медициналық көмекті бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары (бұдан әрі - БМСК), консультациялық-диагностикалық емханалар, өңірлік ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталықтары (бұдан әрі - ЖҚТБ орталығы) көрсетеді.

      6. АИТВ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға медициналық көмек стационарды алмастырушы технологияларды пайдалана отырып, Хаттамаларға сәйкес көрсетілуі мүмкін.

      7. АИТВ жұқтырғандарды және ЖҚТБ-мен ауыратындарды стационарлық емдеу қажет болғанда, дәрігер құпиялылық принциптерін ескере отырып, қойылған диагнозына сәйкес жалпы емдеу жүйесінің ұйымына жолдама береді.

3. АИТВ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға стационарлық деңгейде медициналық көмек көрсету

      8. АИТВ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға медициналық көмек қойылған диагнозына сәйкес кез келген деңгейдегі (аудандық, қалалық, облыстық) жалпы емдеу жүйесінде көрсетіледі.

      9. АИТВ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға стационарлық деңгейдегі медициналық көмек ЖҚТБ орталықтары, БМСК ұйымдары мамандарының жолдамасы бойынша ТМККК шеңберінде көрсетіледі.

      10. Республикалық медицина ұйымдарында АИТВ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2635 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 941 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Стационардан шығарғанда емделушіге ауру тарихынан үзінді беріледі, онда толық клиникалық диагнозы жүргізілген тексерудің, емдеудің көлемі мен сырқатты бұдан әрі қадағалау бойынша ұсынымдар көрсетіледі.
      Сонымен бірге, сырқаттың тұрғылықты жеріндегі БМСК ұйымына құпиялылық принципі ескеріле отырып, емделуші туралы ақпарат жіберіледі.

4. АИТВ жұқтырғандарды және ЖҚТБ-мен ауыратындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібі

      12. Амбулаторлық емдеу кезінде АИТВ жұқтырғандарды және ЖҚТБ-мен ауыратындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету "Азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы N 962 қаулысымен бекітілген Азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ережесіне сәйкес дәрігерлердің рецепттері бойынша тегін дәріхана ұйымдары арқылы жүзеге асырылады. P092135

      13. АИТВ жұқтырғандарды және ЖҚТБ-мен ауыратындарды, оның ішінде қосалқы ауруларын емдеу үшін стационарлық емдеу кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Хаттамаларға сәйкес және Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 3331 болып тіркелген Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 883 бұйрығымен бекітілген уәкілетті орган бекіткен Негізгі (өмірлік маңызы бар) дәрілік заттар тізімінің шеңберінде жүзеге асырылады.

____________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады