Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 881 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 1 ақпанда N 6025 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 986 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 986 (ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Мынадай бұйрықтардың:
      1) «Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 941 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2635 тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2004 жылғы 17 қаңтарда № 3 (159) жарияланған);
      2) «Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 941 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының № 396 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3823 тіркелген, «Заң газеті» 2005 жылғы 13 желтоқсанда № 168 (792) жарияланған);
      3) «Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 941 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 653 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4030 тіркелген, «Заң газеті» 2006 жылғы 17 наурызда № 47-48 (854) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы       
Денсаулық сақтау министрінің 
2009 жылғы 30 желтоқсандағы  
№ 881 бұйрығымен бекітілген  

Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық
көмек көрсету ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібін, сондай-ақ оны жүзеге асыруға жауапты органдар мен ұйымдардың әртүрлі кезеңдердегі өзара іс-қимылды айқындайды.
      2. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі - ММК) – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың арнаулы әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
      жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі - ЖММК) – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде уәкілетті орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
      ЖММК-нің шекті көлемдері – ақы төлеуге жатпайтын медициналық көмек сапасыз көрсетілген жағдайды қосқанда берілген есептік нысандар бойынша бір жылда немесе өзге есепті кезеңде емдеуге жатқызу жағдайларының жалпы саны.

2. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібі

      3. Мамандандырылған медициналық көмекті денсаулық сақтаудың көпбейінді ұйымдары консультациялық-диагностикалық, стационарды алмастыратын көмек немесе стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетеді.
      4. Мамандандырылған медициналық көмек меншік нысанына қарамастан, тиісті медициналық және дәрігерлік қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензиясы бар денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдары көрсетеді.
      5. Диагнозды сәйкестендірудегі қиындықтар кезінде, сондай-ақ өзге де басқа көрсетімдер кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің кез келген деңгейінде, оның ішінде науқасты тасымалдау мүмкін болмағанда қажет болғанда республикалық деңгейдегі консультантты қосқанда қажетті мамандарды тарта отырып, консилиум ұйымдастырылады.
      6. Тегін медициналық көмектің  кепілдік берілген көлемінен тыс мамандандырылған медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы негізде көрсетілуі мүмкін.
      7. Мамандандырылған медициналық көмекті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейінді маманданудан өткен және қажетті біліктілігі бар дәрігерлер көрсетуі тиіс.
      8. Зерттеудің зертханалық-диагностикалық әдістерін қосқанда, мамандандырылған медициналық көмек көлемін диагностика мен емдеудің мерзімдік хаттамаларымен (бұдан әрі - Хаттама) айқындалады.

§ 1. Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі
мамандандырылған медициналық көмек

      9. Халыққа амбулаториялық-емханалық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмек диагностиканың, емдеудің арнайы әдістерін және күрделі медициналық технологияларды пайдалануды қажет ететін аурулар кезінде амбулаториялық-емхана ұйымдары көрсетеді.
      10. Халыққа амбулаториялық-емханалық деңгейдегі мандандырылған медициналық көмек стационарды алмастыратын технологиялар принципі бойынша көрсетіледі.
      11. Науқасты стационарлық емдеуге жіберу қажет болған жағдайда амбулаториялық-емхана ұйымының дәрігері толық диагнозды, егер науқас зертханалық тексеріп-қарау мен емдеуден өтсе, оның нәтижелерін көрсете отырып, емдеуге жатқызу үшін жолдама береді.
      12. Науқасты шұғыл айғақтары бойынша емдеуге жатқызу қажет болған жағдайда пациентті жедел медициналық жәрдем қызметімен немесе амбулаториялық-емхана ұйымының санитариялық автокөлігімен медицина қызметкерінің сүйемелдеуімен стационарға жеткізіледі.
      13. Өңірлік денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолда бар барлық әдістері қолданылған, бірақ оң емдік әсері болмаған, ал республикалық медициналық ұйымдарда оларға қатысты республикалық деңгейдегі диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістері қолданылуы мүмкін асқынған ауыр науқастар болған кезде науқасты амбулаториялық-емхана ұйымының мамандары облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету жөніндегі өңірлік комиссиялары (бұдан әрі - өңірлік комиссия) арқылы тиісті республикалық денсаулық сақтау ұйымына жібереді, бұл жерде азаматтарды емдеуге жатқызу үшін қосымшаға сәйкес есепке алу нысаны негіздеме болып табылады.
      14. Есепке алу нысандарын беруді өңірлік комиссия реттейді, белгіленген түрлер мен көлемдерге сәйкес республиканың медициналық ұйымдарына азаматтарды жіберу, оларды тасымалдау, қажетті медициналық зерттеулердің болуы негізділігін айқындайды.
      15. Медициналық ұйымдардағы ММК көрсету бойынша медициналық қызметтердің сапасын бағалау және талдау қорытындылары медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасын бағалау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары бекітетін акт түрінде ресімделеді.
      16. ММК көрсету бойынша медициналық ұйымдардың шығыстарын өтеу уәкілетті органға тапсырылған орындалған жұмыстардың актісі негізінде, республикалық бюджет қаражаты есебінен бекітілген тарифтерге сәйкес жүргізіледі және сараптама актілерін ескере отырып түзетіледі.

§ 2. Стационарлық деңгейдегі мамандандырылған
медициналық көмек

      17. Халыққа стационарлық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмекті арнайы диагностикалау әдісін, емдеуді және күрделі медициналық технологияны пайдалануды қажет ететін аурулар кезінде медициналық ұйымдар көрсетеді.
      18. Науқасқа мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттілігі кезінде ол тиісті бейіндегі (мамандандырылған) денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.
      19. Халыққа стационарлық деңгейде мамандандырылған медициналық көмек стационарды алмастыратын технология принципі бойынша көрсетіледі.
      20. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының жолдамасы бойынша көрсетілетін халыққа стационарлық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді.
      21. Науқастарды ауруханаға жатқызу бөлімшенің бейініне (төсек) сәйкес жүргізіледі.
      22. Үш жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ дәрігердің қорытындысына сәйкес жеке күтімді қажет ететін ересек жастағы балалар анасымен немесе осындай күтімді жүзеге асыру үшін басқа да адамдармен бірге ауруханаға жатқызылады.
      23. Стационарлық емдеудегі балалар күтімін жүзеге асыратын адам жатын орынмен тегін қамтамасыз етіледі.
      24. Стационардан жазылып шығу кезінде пациентке қолына шығарылу туралы эпикриз беріледі, онда науқасты одан әрі бақылау бойынша ұсынымға және Хаттамаға сәйкес толық клиникалық диагноз, жүргізілген тексеру көлемі, емі көрсетіледі.
      Пациент туралы ақпарат науқастың тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымға бірдей уақытта беріледі.

§ 3. Мамандандырылған медициналық көмектің түрлері

      25. Амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында дәрігерлік мамандықтарға байланысты терапиялық, хирургиялық, педиатриялық және акушериялық-гинекологиялық бейіндерге бөлінеді.
      26. Терапиялық бейін мыналарды қамтиды: терапия, аллергология, гастроэнтерология, гематология, нефрология, кардиология, кардиоревматология, пульмонология, эндокринология, психиатрия, психотерапия, медициналық психология, неврология, терапиялық стоматология, сексопатология, реабилитология, кәсіби патология, еңбек терапиясы, наркология, фтизиатрия, геронтология-гериатрия, гирудотерапия, токсикология, емдік дене шынықтыру, диетология, рентгенология, Су-джок-терапия, мануалды терапия, рефлексотерапия, гомеопатия, дермато-венерология, дермато-косметология, жұқпалы аурулар, иммунология, лепрология.
      27. Хирургиялық бейін мыналарды қамтиды: хирургия, кардиохирургия, нейрохирургия, эндоскопия, онкология, андрология, травматология мен ортопедия, камбустиология, урология, андрология, оториноларингология, офтальмология, проктология, маммология, хирургиялық стоматология, ортодонттық стоматология, ортопедиялық стоматология, жақ-бет сүйегі хирургиясы, трансплантология, экстракорпоралдық детоксикация, гипербариялық оксигенация, токсикология, анестезиология мен реаниматология.
      28. Педиатриялық бейін мыналарды қамтиды: педиатрия, фтизиопедиатрия, балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы, балалар хирургиясы, балалар нейрохирургиясы, балалар эндоскопиясы, балалар травматологиясы мен ортопедиясы, балалар камбустиологиясы, балалар трансплантологиясы, балалар экстракорпоралды детоксикациясы, балалар аллергологиясы, медициналық генетика, балалар кардиоревматологиясы, балалардағы жұқпалы аурулар, балалар иммунологиясы, балалар онкологиясы, балалар онкогематологиясы, балалар неврологиясы, балалар нефрологиясы, балалар эндокринологиясы, балалар психиатриясы, балалар токсикологиясы, балалар гипербариялық оксигенациясы, балалар пульмонологиясы, балалар гастроэнтерологиясы, балалар оториноларингологиясы, балалар офтальмологиясы, ортопедия мен ортондонтияны қосқанда балалар стоматологиясы, балалар жақ-бет сүйегі хирургиясы, балалар урологиясы, балалар мен жасөспірімдер гинекологиясы, балалар дермато-венерологиясы, жасөспірімдер наркологиясы, жасөспірімдер терапиясы, балалар реабилитологиясы, неонатология.
      29. Акушериялық-гинекологиялық бейін мыналарды қамтиды: гинекология, акушерия, неонатология, медициналық генетика, жоғары репродуктивті технология.
      30. Халыққа мамандандырылған медициналық көмек түрлері медициналық ұйымның бейініне және түріне байланысты болады және Хаттамалармен анықталады.

3. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету

      31. ЖММК көрсетуді халыққа жоғары мамандандырылған көмек көрсету жөніндегі орталық комиссия (бұдан әрі – орталық комиссия) үйлестіреді.
      32. Халықтың ЖММК-ке қажеттілігін өңірлер бөлігінде жыл сайын Уәкілетті орган денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары және бейінді республикалық медициналық ұйымдар тапсырған деректерді талдау негізінде анықтайды.
      33. Орталық комиссия шешімінің негізінде ЖММК жылдық және тоқсандық шекті көлемдері бекітіледі және тиісті лицензиялары бар медициналық ұйымдарда көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алу жүзеге асырылады.
      34. ЖММК көрсетуге мұқтаж азаматтарды амбулаториялық-емханалық ұйымның маманы өңірлік комиссия арқылы тиісті республикалық денсаулық сақтау ұйымына жібереді, мұнда азаматтарды ауруханаға жатқызудың негізі есепке алу нысаны болып табылады.
      35. Өңірлік комиссиялардың қарауына мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;
      2) клиникалық диагнозы көрсетілген медициналық-санитариялық алғашқы көмектің немесе медициналық ұйым маманының жолдамасы;
      3) зерттеп-қараудың ең аз қажетті көлемі (қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, нәжістің ішекқұрт жұмыртқаларына талдауы, кеуде ағзаларының флюорографиясы, электрокардиограмма);
      4) жолдама диагнозды растайтын немесе операция алдындағы зерттеп-қараулардың тізбесіне кіретін зертханалық және аспаптық зерттеулердің қорытындылары.
      36. ЖММК бойынша өңірлік комиссиялар түрлеріне және көлеміне сәйкес ЖММК көрсету үшін азаматтардың медициналық ұйымдарға жолдану негізділігін, олардың тасымалдауға жарамдылығын, қажетті медициналық зерттеп-қараулардың барлығын анықтайды және есепке алу нысанын беру жөнінде шешім қабылдайды.
      37. ЖММК көрсету үшін республиканың медициналық ұйымдарына азаматтарды жатқызуға негіз есепке алу нысаны болып табылады. Медициналық ұйымдарға есепке алу нысанымен бірге жолданған азаматтардың жүгінген сәтінен бастап ЖММК-нің белгіленген түрлері мен көлемімен көзделген барлық емдік-диагностикалық іс-шараларын осы ұйымдар бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырады.
      38. Медициналық ұйымдардағы ЖММК көрсету бойынша медициналық қызметтердің сапасын бағалау және талдау қорытындылары медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасын бағалау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары бекітетін акт түрінде ресімделеді.
      39. ММК және ЖММК көрсету бойынша медициналық ұйымдардың шығыстарын өтеу уәкілетті органға тапсырылған орындалған жұмыстардың актісі негізінде, республикалық бюджет қаражаты есебінен бекітілген тарифтерге сәйкес жүргізіледі және сараптама актілерін ескере отырып түзетіледі.

  Қосымша 
Мамандандырылған және жоғары 
мамандандырылған медициналық 
көмек көрсету ережесіне нысаны

      Формат А5


КҰЖЖ бойынша ұйым коды
______________________
Код организации по ОКПО

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігі
Министерство
здравоохранения
Республики Казахстан


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің  20___ жылғы
«___»__________ № _____
бұйрығымен бекітілген
№ 020/е нысанды
медициналық құжаттама

Ұйымның атауы
Наименование
организации


Медицинская документация
Форма 020 / у
Утверждена приказом
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
«___»_________ 20__года  №___

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

__________________________________
|Жолдама науқасқа ТЕГІН емделуге  |   _______    _______   ________________   ________
|кепілдік береді. Сізден емделу   |  | Полно |  |       |  | | | | | | | | |  | | | | |
|үшін ақы төлеуді талап еткен     |  |цветный|  |       |  |0|0| | | | | | |  |2|0|0| |
|жағдайда ҚР Денсаулық сақтау     |  |_______|  |_______|  |_|_|_|_|_|_|_|_|  |_|_|_|_|
|министрлігіне хабарлауыңызды     |
ұраймыз                         |           Облыстардың,       Жолдаманың       Жыл
|Направление гарантирует пациенту |          Астана, Алматы        нөмірі         Год
|БЕСПЛАТНОЕ лечение. В случае     |         қалаларының коды        Номер
|требования оплаты просим сообщить|          м Код областей,     направления
|Министерство здравоохранения РК  |         гг. Астана, Алматы
|Телефон: 8 (717 2) 74-32-40      |
|_________________________________|

КЛИНИКАҒА СТАЦИОНАРЛЫҚ ЕМДЕЛУГЕ ЖОЛДАМА
НАПРАВЛЕНИЕ НА СТАЦИОНАРНОЕ ЛЕЧЕНИЕ В КЛИНИКУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

№ 020/е н.1 беті / 1 стр. ф. № 020/у

Жолдаманың нөмірі    _______       __ __ __ __ __ __ __ __       __ __ __ __
Номер направления   |       |     |  |  |  |  |  |  |  |  |     |  |  |  |  |
                    |       |     | 0| 0|  |  |  |  |  |  |     | 2| 0| 0|  |
                    |_______|     |__|__|__|__|__|__|__|__|     |__|__|__|__|
____________________________________________________
|   Направляется                                     |
|  в________________________________________________ |
|   жіберілді                                       |   ________________________
|                                                    |  | Қазақстан Республикасы |
|                аурухананың атауы/                  |  |    Денсаулық сақтау    |
|              наименование больницы                 |  |  министрлігі (Аймақтық |
|             ___               _ _ _ _ _ _ _ _      |  |    денсаулық сақтау    |
|            |___|             |_|_|_|_|_|_|_|_|     |  |    органының) мөрі.    |
|                                                    |  |   Печать Министерства  |
|                 Науқас туралы деректер/         |  |      здравоохранения   |
|                     Данные о больном           |  |   Республики Казахстан |
| Т.А.Ә____________________ жынысы    т Туған жылы  |  |________________________|
| Ф.И.О                      пол       дата рождения |
|                                                    |
|                                                    |__________________________
| ЖСН/ИИН __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __       |       Басшының қолы
|         |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|      |   подпись руководителя
|                                                    |
| Тұратын жері                                 |
| __________________________________________________ |
|  Место жительства              мекен-жайы/адрес    |
|                                                    |
|        Клиникаға жолдау кезіндегі диагнозы    |
|     Основной диагноз при направлении в больницу    |
|  ________________________________________________  |
|                                                    |
|____________________________________________________|

Науқасты емдеуге жіберген медициналық ұйымның атауы/
Наименование направляющей медицинской организации ____________________________________

Жолдама берілген күні/Дата направления "____"__________________ 200__ж./г.

                              Басшының қолы/подпись руководителя ________________

"Клиниканы таңдаумен келісімен"           "С выбором клиники ____ согласен"
Науқастың қолы _______________            Подпись больного ________________

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

№ 020/е н.2 беті / 2 стр. ф. № 020/у

Жолдаманың нөмірі    _______       __ __ __ __ __ __ __ __       __ __ __ __
Номер направления   |       |     |  |  |  |  |  |  |  |  |     |  |  |  |  |
                    |       |     | 0| 0|  |  |  |  |  |  |     | 2| 0| 0|  |
                    |_______|     |__|__|__|__|__|__|__|__|     |__|__|__|__|
____________________________________________________
|                                                    |
|___________________________________________________ |
|_____________                                       |   ________________________
|                                                    |  |                        |
|       клиниканың аты/наименование клиники        |  |    Клиниканың мөрі     |
| в _______________________________________________  |  |    Печать клиники      |
|   ______________                                   |  |________________________|
|             ___               _ _ _ _ _ _ _ _      |
|            |___|             |_|_|_|_|_|_|_|_|     | 
|                                                    |
|                 Науқас туралы деректер/         |
|                     Данные о больном          
|Аты-жөні____________________ жынысы   туған жылы
|Ф.И.О                      пол       дата рождения  |
|                                                    |
|                                                    |__________________________
| Түскен күні/Дата поступления "___"_________200___ж.|       басшының қолы
|                                                    |   подпись руководителя
| Шыққан күні/Дата выписки "___"_____________200___ж.|
|                                    _ _ _ _ _   |
|                                      |_|_|_|_|_|   |
| Өткізген төсек-күндері (Проведено койко-дней)______|
|                                                    |
|          Клиникаға негізгі диагнозы             |
|          Основной диагноз клиники     шифр МКБ-10) |
|  _________________________________________________ |
|  _________________________________________________ | 
|  _________________________________________________ |
|                                                    |
|Емдеудің нәтижелері/Исход лечения: жазылумен     |
|         (выздоровление)-1, жақсарумен (улучшение)-2|
|____________________________________________________|

№ 020/е нысанды «Клиникаға стационарлық емделуге жолдама»
толтыру және пайдалану жөніндегі нұсқаулық № 020/е нысанды «Клиникаға стационарлық емделуге жолдама» құжатының титул беті

Мынадай ақпараты бар:
      1. № 020/е нысан – медициналық құжаттың нөмірі облыстардың, Астана, Алматы қалаларының коды, жолдаманың нөмірі, пайдаланатын жылдың санынан құралады.
      1) Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының кодтарында төменде көрсетілген әріптік белгілер пайдалану қажет. Z – Астана қаласы, А – Алматы қаласы, В – Алматы облысы, С – Ақмола облысы, D – Ақтөбе облысы, Е – Атырау облысы, F – Шығыс Қазақстан облысы, Н – Жамбыл облысы, L – Батыс Қазақстан облысы, Х – Оңтүстік Қазақстан облысы, М – Қарағанды облысы, N – Қызылорда облысы, Р – Қостанай облысы, R – Маңғыстау облысы, S – Павлодар облысы, Т – Солтүстік Қазақстан облысы.
      2) Жолдаманың әрбір бланкасы өзінің стационарда бір рет емделу жағдайына сәйкес келетін 8 цифрлы нөмірі бар.
      3) Жыл коды жолдаманы пайдалану және стационарлық көмек көрсету кезеңіне сәйкес келеді
      Жолдаманың 13 цифрлы коды бар, оның ішінде пайдаланушы екі санды ғана қояды (облыстардың, Астана, Алматы қалаларының коды және ағымдағы жыл), содан кейін жолдама тек бір рет емделу жағдайына сәйкес келетін бірегей нөмірге ие болады.
      Көрсетілетін код жолдаманың барлық беттерінде бірдей болуы тиіс.
      Титул бетін жолдаушы медициналық ұйым толтырады.

№ 020/е нысанының 1-беті

      Науқасты стационарлық емдеуге қабылдаған медициналық клиниканың атауы.
      Науқас туралы деректер, оның жасы, жынысы, тұратын мекен-жайы.
      Жеке сәйкестендіру нөмірі және туу туралы куәліктері бойынша қойылады.
      Клиникаға жолдау кезіндегі негізгі диагнозы және 10-шы денсаулығын қайта қараумен байланысты (АХЖ-10) аурулары мен мәселелерінің Халықаралық статистикалық жіктемесінің коды.
      Ілеспе сырқаттары.
      Науқасты стационарға жолдау күні.
      1-ші бетте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысының қолы мен мөрі болуы тиіс.
      1-ші бетті жолдаушы медициналық ұйым толтырады және оның мөрімен және басшысының қолымен расталғаннан кейін науқаспен бірге клиникаға беріледі.
      Емделуге таңдалған клиникамен келісімін науқас қол қою арқылы растайды.
      Жолдаушы медициналық ұйым жолдаманың барлық беттерінде қойылған сандық белгілердің алғашқы беттегі кодтармен сәйкестігін тексеруге тиіс.

№ 020/е нысанының 2-беті

      Науқасты стационарлық емдеуге қабылдаған клиниканың атауы.
      Науқас туралы деректер, оның аты-жөні, жасы, жынысы, стационарға түскен және одан шыққан күні, пайдаланылған төсек-күндерінің саны.
      Клиниканың негізгі диагнозы, 10-шы денсаулығын қайта қараумен байланысты (АХЖ-10) аурулары мен проблемаларының Халықаралық статистикалық жіктемесінің коды.
      Емдеу нәтижесі белгіленеді.
      2-ші бет клиникада толтырылып басшысының мөрі және қолымен расталып стационарлық науқастық медициналық картасымен бірге клиникада сақталады.

ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАПОЛНЕНИЮ И ИСПОЛЬЗОВАНИЮ ФОРМЫ № 020/У
«НАПРАВЛЕНИЕ НА СТАЦИОНАРНОЕ ЛЕЧЕНИЕ В КЛИНИКУ» 1.ТИТУЛЬНЫЙ ЛИСТ № 020/У «НАПРАВЛЕНИЕ НА СТАЦИОНАРНОЕ ЛЕЧЕНИЕ В КЛИНИКУ»

Содержит информацию:
      1. Номер медицинской документации формы № 020/у состоит из кода области, городов Астана, Алматы, номера направления, года использования.
      1) В кодировке областей и гг.Астана и Алматы необходимо использовать нижеуказанные буквенные обозначения:
      Z – город Астана, А – город Алматы, В – Алматинская область, С – Акмолинская область, D – Актюбинская область, Е – Атырауская область, F – Восточно-Казахстанская область, H – Жамбылская область, L – Западно-Казахстанская область, Х – Южно-Казахстанская область, М – Карагандинская область, N – Кызылординская область, Р- Костанайская область, R – Мангистауская область, S – Павлодарская область, Т – Северо-Казахстанская область.
      2) Каждый бланк направления имеет свой 8- значный номер, который соответствует одному пролеченному случаю в стационаре.
      3) Код года соответствует периоду использования направления и оказанной стационарной помощи.
      Направление имеет 13-значный код, из которых пользователем проставляется только 2 цифры (код области, городов Астана, Алматы и текущий год), после чего направление приобретает свой уникальный номер, соответствующей только одному пролеченному случаю.
      Указанный код должен быть идентичным на всех страницах направления.
      Титульный лист заполняется направляющей медицинской организацией.

СТРАНИЦА 1 ФОРМЫ № 020/У

      Наименование клиники, где предполагается стационарное лечение больного.
      Данные о больном, его возраст, пол, адрес места жительства.
      Индивидуальный идентификационный номер проставляется из удостоверения личности и свидетельства о рождении.
      Основной диагноз при направлении в клинику и код Международной статистической классификации болезней и проблем, связанных со здоровьем 10-го пересмотра (МКБ-10).
      Сопутствующие заболевания.
      Дата направления больного в стационар.
      1-я страница направления должна иметь подпись руководителя и печать Министерства здравоохранения Республики Казахстан.
      1-я страница заполняется направляющей медицинской организацией, заверяется ее печатью, подписью руководителя и передается с больным в клинику.
      Согласие выбранной клиники на лечение пациент подтверждает подписью.
      Направляющая медицинская организация должна проверить соответствие проставленных цифровых обозначений на всех страницах направления, с кодами на титульном листе.

СТРАНИЦА 2 ФОРМЫ № 020/У

      Наименование клиники, принявшей больного на стационарное лечение.
      Данные о больном, его Ф.И.О., возраст, пол, дату поступления в стационар и дату выписки, количество использованных койко-дней.
      Основной диагноз клиники, код Международной статистической классификации болезней и проблем, связанных со здоровьем 10-го пересмотра (МКБ-10).
      Отмечается исход лечения.
      2-я страница заполняется в клинике, заверяется ее печатью, подписью руководителя и хранится вместе с медицинской картой стационарного больного в клинике.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады